Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет51/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   129

 
102 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
сапаларды  ғылыми  әдебиеттерде  оқушының  функционалдық  сауаттылығы  деген  ұғыммен  
түсіндіреді.  
Функционалдық  сауаттылық  білім  берудің  (бірінші  кезекте  жалпы  білім  беруді)  көп 
жоспарлы  адамзат қызметімен  байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану  тәсілі 
ретінде түсіндіріледі. Функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және 
экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін 
базалық факторлардың біріне айналуда. 
 Мектеп  –  әлеуметтік  маңызы  зор,  қоғамның  ең  басты  құндылығы  болып  саналатын 
өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беретін, оқушылардың шығармашылығын 
шыңдап,  олардың  тұлғалық  қасиеттерін  қалыптастыратын  мекеме.  Бірақ  осындай  жауапты 
міндеттерді  қазіргі  мектептер  қаншалықты  толық  атқарып  жатқаны  туралы  қанағаттанарлық 
жауап  беру  қиындық  туғызады.  Себебі  білім  мен  тәрбие  үрдістерінде  кеткен  олқылықтар 
нәтижесінде  қоғам  дамуында  көптеген  қарама-қайшылықтар  орын  алуда:  рухани 
құндылықтардың  құлдырауы,  функционалдық  сауаттылық  сапасының  төмендігі,  мектеп 
түлектерінің  кәсіби  бағдарларының  толық  қалыптаспағандығы,  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынастардың күрделеніп, көптеген түсініспеушілік пен шиеленістерге әкелуі, т.с.с. жағымсыз 
құбылыстар  қоғам болашағына қатысты алаңдатушылық  туғызуда.    
Бұл  мәселе  тек  біздің  мемлекетімізде  ғана  емес,  жалпы  әлемдік  тәжірибеде  өзекті 
мәселелер  қатарында.  Дамыған  елдердің  басым  көпшілігінде  білім  беру  мемлекеттің  негізгі 
басымдықтарына  айналып,  ұлттың  интеллектуалды  әлеуетін  дамытатын  және  бәсекеге 
қабілеттіліктің  кепілі  ретінде  бағаланады.  Дүниежүзілік  педагогикалық  тәжірибені  зерделейтін 
болсақ,  білім  беру  саласында  озық  орындарды  Сингапур,  Финляндия,  Жапония,  Ұлыбритания 
мемлекеттері иеленіп келеді. Сондықтан бұл  елдерде  білім беру  жүйесі несімен ерекшеленеді, 
бұл мемлекеттер  осындай  жетістіктерге қалай қол жеткізді деген заңды  сұрақтар туындайды.  
ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) 2015 жылдың білім беру 
саясатының  перспективалары  жайлы  соңғы  жариялаған  (19.03.2015)  есебінде  34  мемлекетте 
жүргізлген  білім  беру  саласындағы  реформаларға  талдау  жасалып,  солардың  қайсысы  және 
қалайша  табысты  нәтижеге  қол  жеткізгені  туралы  баяндалған.  Осы  ЭЫДҰ  өкілдерінің 
зерттеулері  нәтижесінде  мектеп  реформаларының  тиімділігі  ең  алдымен  білім  беру  жүйесінің 
өзегі ретінде оқушы тұлғасы мен оқыту үрдісін фокусқа алу қажет екендігін негіздейді.  
Білім беру саласында үздіксіз өзгерістер енгізу қажеттігін біз соңғы жылдары Қазақстан 
мектептерінің білім сапасын анықтайтын және білім нәтижелерінің тиімділігін көрсететін түрлі 
халықаралық деңгейдегі PISA (Programmer for International Student Assessment), TIMSS (Trends 
in  Mathematics  and  Science  Study),  PIRLS  (Progress  in  International  Reading  Literacy  Study)  
зерттеулерінің нәтижелерінен байқап отырмыз. Оқушылардың функционалды сауаттылықтарын 
зерттеу,  олардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық  бағдарламасы  РІSА  болып 
табылады.  Ол  3  жыл  сайын  жүргізіліп  отырады.     Қазақстан  РІSА  зерттеуіне  бірінші  рет  2009 
жылы қатысқан. РІSА бағдарламасы қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін 
салыстырмалы  бағалау  құралы  және  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 
дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негізі. 
Халықаралық  тәуелсіз  бағалау  шкалаларының  нәтижелері  оқушыларымыздың  білімі 
мен  функционалды  сауаттылықтарын ғана  емес,  сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби даярлық 
деңгейлерін,  білім  беру  мазмұнын,  білім  нәтижелерінің  практикалық  құндылығын  дамыту 
қажеттігін өзектендіре түсті.  
 Әлемдік  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  Қазақстан  2017  жылдан  бастап  12-жылдық  
білім  беру  моделін  енгізді.  Дүниежүзілік  тәжірибеде  12-жылдық  орта  білім  беру  Европа 
кеңесінің  (1992  ж)  Декларациясына  сәйкес  136  елде  жүзеге  асырылған.  Олардың  қатарында 
Жапония,  АҚШ,  Франция, және  ТМД елдерінен Украина,  Беларусь,  Өзбекстан,  Балтық елдері 
осы  білім беру жүйесін тиімді деп таңдаған.  
Қазақстан  Республикасының  12-жылдық  жалпы  орта  білім  беру  Тұжырымдамасында 
орта  білім  беру  жүйесінің    мақсаты,  міндеттері,  негізгі  сатылары  қарастырылған.  Аталған 
тұжырымдамада 12-жылдық орта білім беруге көшудің себептері ретінде: 


 
 
103 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Орта білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы; 
Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы; 
Оқу  жетістіктерін  бағалауда  оқушыны  қызықтырмайтын,  шынайылықты  қамтамасыз 
етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы; 
Жасөспірімдердің  тұлғалық,  азаматтық  және  адамгершілік  қасиеттерінің  жеткілікті 
дамымауы,    өзін-өзі  анықтау  мотивтерінің  болмауы,  өзіндік  қызығушылығы  мен  болашақ 
жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі аталып көрсетілген. 
Қоғамның дамуында мектептің  маңыздылығын жоғары бағалай отырып қазақ даласында 
ең  алғашқы  мектептер  ашқызған  педагог  Ы.Алтынсарин  айтып  кеткендей  «Мектеп  – 
қазақтарға білім берудің басты құралы... Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, 
тек осы мектептерде... Ғылыммен қаруланған, әсіресе дұрыс көзқарасы бар... оқушылар қазақ 
арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады» [3.5]. Сондықтан қазіргі таңда орта білім беру 
ұзақтығын   өзгерту  мәселесі оның   алдына қойылған мақсаттар мен  одан күтілетін нәтижелер  
арасындағы сәйкессіздіктен туындап отыр деуге болады.   
Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  жаңа  кезеңінде  12-
жылдық    жалпы  орта  білім  беру  арқылы  жас  буын  тәрбиесі  қоғамның  одан  әрі  алға  дамуына 
мүмкіндік  жасайтын  жағдай  болып  табылады.  Сондықтан,  бұл  күндері  тәрбие  барған  сайын 
қоғамдық  өмірдің  барлық  саласына  еніп,  жалпылық  сипатқа  иеленіп,  тұтастай  қалыптасып 
жатқан  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  бір  маңызды  бөлігі  ретінде  қарастырылады.  Бұл  салада 
мектеп  пен  жоғарғы  оқу  орындарындағы  сабақтастық,  мектеп  бітірушілердің  болашақ 
мамандықтарын бейіндік оқыту арқылы дұрыс таңдай алулары, сол таңдаған кәсіптері арқылы 
әр тұлғаның толық өздерін іске асыра алулары көзделген. 
Бейіндік    оқытудың  бір  артықшылығы  оқушылар  тек  білім  алумен  ғана  шектелмей, 
өздерінің  қызығушылықтарына,  бейімдеріне,  қабілеттеріне,  икемділіктеріне,  таңдайтын 
мамандықтарына  қарай  алғашқы  кәсіби  бағдар  алып  шығуы  қамтамасыз  етілмек.  Бұл  әрине 
ұтымды қадам, себебі  неғұрлым адам өзіне қажетті кәсіпті саналы түрде дұрыс таңдай білсе сол 
кәсіптің қыр-сырын дұрыс түсініп, тез меңгеріп, қажетті дағдыларды қалыптастырады.  
Сонымен, 
бүгінгі 
таңда 
толғағы 
жеткен 
көптеген 
педагогикалық 
әлеуметтік  мәселелер  казіргі    мұғалімдердің  ой-санасының  жаңаруымен,  жаңа  міндеттерді 
айқын түсінуімен, педаготардың белсенділігімен, шығармашылық қатынастарымен шешілмек. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  Педагогика.  /Таубаева  Ш.Т.,  Иманбаева  С.Т.,  Берикханова  А.Е.  Оқулық.  –  Алматы: 
ОНОН. 2017, - 340 бет. С.12. 
2.  Қазақстан 
Республикасында 
білім 
беруді 
және 
ғылымды 
дамытудың 
2016–2019 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасын. 
Астана, 2016 жыл. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1600000205 
3.  Ыбырай Алтынсарин: ғұмырнама.Ғылыми-зерттеу мақалалар / Бас ред. А. Нухұлы. – 
Павлодар: ПМПИ, 2017. – 1 том. – 387 б. 5 б. 
 
 
ӘОЖ 372.8. 
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ 
ОРТА БУЫН МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ 
 
Имангалиева М.Е., Жарылхасынова А.Қ., Нуржигитова А.Қ. 
ШЖҚ «Талдықорған медицина колледжі» МКК, Талдықорған қ., arai_madina@mail.ru 
 
Бұл  мақалада  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе 
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім 
беру  үрдісіне  толық  қосуды  қарастыратын  инклюзивті  білім  беру  қарастырылуда.  Осы 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау