219
Сурет 1.Сығылған ауамен жұмыс
істейтін көліктер
Сурет 2.Сутекті негізде жұмыс
істейтін көліктер
Сурет 3.Өсімдік май әсерінен жұмыс
істейтін көліктер
Сурет 4.Этанолды негізде жұмыс
істейтін көліктер
Сурет 5.Электр тогының көзінен
жұмыс істейтін көліктер
Сурет 6.Биологиялық отын
негізіндегі көліктер
Бұл классификациялану көліктердің экологиялық және экономикалық шығындарын
барынша кеміту барысында анықталған баламалы энергия көздерінің жиынтығы болып
табылады. Дәл біздің еліміздің геолокациямызға және климаттық жағдайларымызға тән
энергия көздерін анықтау қиынға соғады. Сол себепті әлі күнге дейін біздің мемлекетіміз
мұнай өнімді жанармаймен тұтынуда.
Бұл мәселелерді шешу барысында Қазақстанның геолокациялық және климаттық
жағдайларына сәйкес электр тогының күшінен және этанолдық баламалы энергия көздерін
тұтынуды көздеп отырмыз. Этанолды және электрлі автокөліктерді бірегей тұтыну
барысында арзан әрі экологиялық таза жанармайды тұтыну мүмкіндігін береді. Электр
тогының күші азайған мезетте этанол қондырғысын пайдалануды көздейміз. Этанолдың
октан саны 100-ге жуық сол себепті оның оңай тұтануы және үлкен айналымдарда жану
камерасын толтыру пайызы бензин мен дизельдң отындарға қарағанда әлде қайда көп
болады. Этанолды пайдаланудың екі тәсілі бар. Біріншісі бензин немесе дизель отынына
этанолды араластыру-бұл ретте қозғалтқышқа ешқандай өзгертулер еңгізудің қажеті жоқ.
Екінші тәсілі тек этанолмен жұмыстайтын қозғалтқыштар, мұндай қозғалтқыштың бензинді
қозғалтқыштан еш айырмашылығы жоқ тек қана қысу дәрежесімен жанармай багының
көлемін арттыру қажет.
Этанолдың жанармай ретінде қолданылуы диоксид пен көмірқышқыл газының
экологияға әсерін бірнеше есе азайта алады. 2007 жылғы көрсеткіштер бойынша этанолдың
АҚШ-та пайдалануы барысында оның бензинді қозғалтқыштарға қарағандағы экологиялық
әсері 20%-ға төмендеген. Ал болашақ зерттеулер мен модернизациялауды дамыту барысында
бұл көрсеткіштерді 82%-ға дейін жеткізу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар булық шаулардың
көлемін де 400 млн.тоннадан 50 млн.тоннаға дейін азайтады[2].
220
Экономикалық көрсеткіштерді қарай кетсек этанолдың өндірілуі табиғи
шикізаттардан құралады. Негізгі шикізат ретінде бидай өнімдері және жүгері
пайдаланылады. Мұндай шикізаттан этанолды өндіру 50%-дық экономикалық пайданы
әкеледі. Алдыңғы мұнай өнімдеріне қарағанда мұндай шикізат түрі өндірілуі бойынша және
түрлендірілу бойынша оңай әрі экономикалық арзанға түседі.
Алғаш әлемдік тәжірибе ретінде 1975 жылдардағы мұнайдың құлдырауы
уақытында этанолды Бразилияда пайдаланып бастаған. 1990 жылдары Бразилияда этанолмен
тұтынатын көліктердің саны 9млн.-ға жеткен ал тұтындыру стансалары 25 мыңға дейін
жетті. Мұндай жанармайды пайдалану әсерінен Бразилиядағы жеке ауылшаруашылық кәсібі
де күрт дамыды, себебі шикізатты өндіру ауыл шаруашылығында экономикалық тиімді
болып түсті[2].
Электр тогымен жұмыс жасайтын көлікті ең алғаш орыс инженері 1899 жылы
Санкт-Петербург қаласының тумасы Ипполит Романов ойлап тапқан. Оның алғаш жарық
көрген электр көлігі 60 шақырым қашықтыққа дейін 17 адамды тасымалдай алатын еді. Бұл
жаңғырудың алға баспауының себебі сол кезеңдегі токты түзету, яғни тұрақты токты
ауыспалыға айналдыруға арналған арнайы аспаптар қолданыста болмаған еді. Сол себепті
іштен жану қозғалтқыштарының қолданылуы алға басқан еді. ХХ ғасырдың ортасында
Америка Құрама Штаттарында көліктердің 40% булық, 22 % бензинді және 38% электр
көліктері құраған еді. Бұл көрсеткіштер электр жетекті көліктердің дамуының қарқының
көрсетеді. Ал қазіргі таңда электр жетекті көліктердің дамуы жаңа қарқынға ие. Соңғы
жаңғыру барысында Tesla Motors компаниясының ұсынған толық электрлі жетекті көлігі
іштен жану әсерінен жұмыстайтын көліктерден еш көрсеткіштері бойынша да кем қалмайды.
Бұл көліктер орташа қайта тұтыну көзінсіз 600 шақырым қашықтықты 130 шақырым-
сағатына жылдамдығымен өте алады. Сонымен қатар конструкциялық ерекшеліктерін де
бөлек айтып кету жөн: көліктің құрылымы өте қарапайым болғанымен жұмыс жасау процесі
басқа электр көліктеріне қарағанда ерекшеленеді. Көліктің шанағы арнайы жеңілдетілген
металдан жасалған, көліктің табанына аккумуляциялық резервуар, яғни электр тогын
жинақтаушы батарея орналастырылған, ал көлікті қозғалысқа келтіру тек электрлік
қозғалтқыш пен редуктордың көмегімен жүзеге асырылады.
Сурет 7. Tesla Model S электр жетекті көлігі
Электр тогымен көліктерді тұтындыру барысында олардың эксплуатациялық және
экологиялық
көрсеткіштері
айтарлықтай
артады.
Сонымен
қатар
көліктердің
конструкциялық құрылымы қарапайым іштен жаңғыш көліктерге қарағанда әлде қайда
ерекшеленеді. Бұрынғы күрделі әрі әрдайым техникалық баптаулар мен жөндеулерді талап
ететін механизмдер орын алмайды. Осының нәтижесінде тиімсіз жөндеулер мен баптауларға
кететін уақыттан арылу мүмкіндігі бар, алайда мұның орнына қайта энергиямен тұтыну
немесе зарядтталу шарасына уақыт бөлу қажеттілігі туады. Алайда біздің елімізде мұндай
технологиялар дамымағандықтан олардың қайта ток көзін жандандыру, яғни зарядттау
Жеңіл металдан жасалған
шанақ;
Электрлік қозғалтқыш;
Аккумулятор батареясы;
Достарыңызбен бөлісу: |