Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет70/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   219

145

айналды», – деген  сөздері  еліміздің  бүгінгі  күнінің  даму  бағытын  сипаттайды. Сол  себепті

Қазақстан бəсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, негізгі мақсаты шикiзат

бағытынан  қол  үзуге  ықпал  ететiн  экономика  салаларын  əртараптандыру  жолымен  елдiң

тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға

өту  үшiн  жағдай  жасау  болып  табылатын  индустриялық-инновациялық  стратегияны  іске

асыра бастады [2].

Əлемде инновациялық қызметті қолдау тəжірибесінің қаншалықты көп болғанымен де

Қазақстан  экономикасы  үшін  ең  қолайлысын, тиімдісін  елдің  экономикалық, ғылыми-

техникалық, табиғат-климаттық  ерекшеліктеріне  қарай  таңдаған  жөн. Бұл  шетелдік

тəжірибені  бірден  көшіре  салу  емес, керісінше  олардың  инновациялық  ынталандыру

шараларын  зерттеп, соған  қарай  инновациялық  процестерді  жүзеге  асыру  жүйесінің

қазақстандық моделін қалыптастыру болып табылады. Инновациялық факторларды өндіріске

енгізу  арқылы  жалпы  ішкі  өнім  көлемін  тез  қарқынмен  дамыту  мүмкіндігі  пайда  болады

жəне бұл факторлар ел экономикасының дамуын  экстенсивті  бағыттан, интенсивті  бағытқа

бет бұруға жағдай жасайды [3].

Экономиканың  жаңа  даму  кезеңіне  өту  процесі  халық  шаруашылығының  нақты

секторын, əсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда

маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер

өндірісінің  артуы  осы  сала  құрылымындағы  жағымды  өзгерістермен  байланысты  болды.

Дəлірек  айтсақ, мұнай, газ, қара  жəне  түсті  металлургия  мен  азық-түлік  жəне  текстиль

индустриясы өнімдерін өндіру жəне өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай

мөлшерде  артты. Индустрияландыру  бағдарламасы  жүзеге  асқан 4-5 жыл  ішінде 672 жоба

іске қосылыпты. Ең бастысы, 69 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылған.

Сөйтіп, жаһанды жұмыссыздық атты құбылыс жалмап тұрған тұста Қазақстанның осы

саладағы  көрсеткіші  уыста  ұсталды. Сонымен  қатар, өткен  жылдар  ішінде

индустрияландыру  арқасында  Қазақстанда  бұған  дейін  шығарылмаған 325 түрлі  жаңа

өнімдер  өндірісі  игеріле  бастаған. Бұл  да  индустрияландыру  саясатының  ел  игілігіне

айналғанының нақты көрінісі.

2015-2019 жылдарға  арналған  екінші  кезеңінде  Үкімет  нақты  басым  салаларды

айқындау, экспорт бағдарын арттыру, бизнестің қатысуын арттыру, кластерлерді дамыту мен

өңірлердің  мамандануын  тереңдету  секілді  мəселелерге  барынша  мəн  берген. «Бірінші

бесжылдықта  негізінен  қолданыстағы  кəсіпорындарды  жаңғырту  шаралары  жүзеге  асты,

сонымен  бірге  екінші  бесжылдық  үшін  қуатты  салаларды  қалыптастыруға  өндірістік  негіз

қаланды. 2017 жылға  дейінгі  қабылданған  Мұнай  жəне  газ  секторын  дамытудың  кешенді

жоспарына сəйкес, елімізде мұнай өңдеу 17,5 млн тоннаға, мұнай тасымалы 98 млн тоннаға

жетуі  тиіс.  Газ  өндіруді  жылына  35  млрд  текше  метрге  жеткізу  міндеті  де  бар.  Мұның

барлығы  экономика  үшін  аса  маңызды  салалар  екеніне  тоқталған  Қазақстан  Республикасы

президенті Н.Ə.Назарбаев осы бағытта білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын ерекше

атап  өтті. Президенттің  айтуынша, білікті  кадрлар  ең  алдымен  индустрияландыру

сұранысының талаптарына жауап беруі тиіс. Соған орай, Білім жəне ғылым министрлігі мен

барлық  өңірлер  алдында білікті мамандар дайындау міндеті тұр. Қазірдің  өзінде сұранысқа

ие 20 мамандық пен 9 оқу орны анықталған [4].

Инновациялық  саясаттың  іске  асуының  белсенділігі  негізі  қаржы  мəселесіне, оларға

деген  экономикалық  қажеттілікті  анықтайтын  нарықтық  сұранымға, бəсекелік  ортаның

дамуына, ғылыми-техникалық  əлеуеттің  дамуы, тұрғындардың  менталитеті, олардың  білімі

мен  мəдени  деңгейі  жəне  сыртқы  экономикалық  байланыстарға  тəуелді. Бұлардың

əрқайсысы инновациялық процесстерге тікелей немесе жанама түрде əсер етіп отырады.

Қазақстанның «EXPO-2017» дүниежүзілік  көрмесін  өткізу  құқығына  ие  болуы

Қазақстанды  əлем  елдеріне  танытудың  жаңа  кезеңі  ғана  емес, инновациялық  дамудағы

қуатты серпінге негіз болады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында

ЭКСПО-2017 халықаралық  мамандандырылған  көрмесін  ұйымдастыру  жəне  өткізу

мəселелері  жөніндегі  Мемлекеттік  комиссияның  отырысында  сөйлеген  сөзінде : «ЭКСПО



146

көрмесі – жаһандық  ауқымдағы  оқиға. Ол  маңыздылығы  жағынан  ірі  экономикалық

форумдармен, туристік тартымдылығы бойынша əлемдегі ең танымал спорттық ойындармен

салыстыруға  болады. Көрме  біздің  елімізге  ірі  инвестиция  тартуға  мүмкіндік  туғызады.

Сондай-ақ  ЭКСПО  көрмесін  өткізу  арқылы  Қазақстан «жасыл  экономиканы» дамытуға

тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады» - деп атап өткен болатын.

Қорытындылай келе, 2015-2019 жылдары жүзеге асырылатын индустрияландырудың

екінші  кезеңі  экономиканың  теңдестірілген  құрылымын  жасауға  жəне  жаңа  жұмыс

орындарын  ашуға  бағытталады. Республикада  индустриалды-инновациялық  стратегия

негізінде, өңірлердің  ішінде  бəсекелестік  қабілеті  жоғары  жəне  экспортқа  бейімделген

секторларды анықтау арқылы, жалпы өңірлердің дамуына институционалды қолдау көрсету

Қазақстан Республикасының негізгі мақсаты болып отыр.

Жалпы  айтқанда, ел  экономикасын  өрге  сүйрейтін  əлеуметтік-экономикалық

жаңғыртудың  басты  бағытының  бірі - индустриялдық-инновациялық  даму  халықтың

əлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігі ақиқат.

Əдебиеттер:

1. Назарбаев  Н. Стратегия  становления  постиндустриального  общества  и  партнерство

цивилизаций. –Москва: Экономика, 2008. - 398 с.

 2. Назарбаев Н. Лайықты болашаққа сенімді болайық //Ақиқат. 2009. № 10. -Б. 12.11

3. Назарбаев  Н.Ə. Қазақстан - 2030. Барлық  қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі

жəне əл-ауқатының артуы. Алматы: Білім, 1998.-256 б.

4. Назарбаев  Н. Қазақстан  дағдарыстан  кейінгі  дүниеде: болашаққа  интеллектуалдық  секіріс

//Егемен Қазақстан. 14 қазан 2009 жыл. 1- 2 б.

5. Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы  № 922 Жарлығымен

бекітілген “Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары” //Ана тілі.

2010 жылғы 12-19 ақпан. –Б. 4-7.

БЕЗРАБОТИЦА КАК СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ КРИТЕРИЙ

 СОСТОЯНИЯ ОБЩЕСТВА

Кайрат Н., Азылканова С.А.

Евразийский Национальный университет имени Л.Н. Гумилева,

г. Астана, Республика Казахстан

E-mail: nurperzent.kairat@mail.ru

Функционирование  рыночной  системы  требует  постоянного  развития  различных

факторов производства. Одни из таких факторов является человеческий капитал, инвестиции

в  который  сопровождаются  существенными  затратами  и  медленно  окупаются.

Нерентабельность или, что хуже, неокупаемость подобного рода инвестиций выражается, на

наш  взгляд,  в  том  числе  появлением  такого  явления,  как  безработица.  В  условиях

углубляющегося  кризиса  экономической  системы  все  ее  составляющие  переживают  не

лучшие  времена, и  рынок  труда  в  том  числе. Безработица  никогда  не  бывает  равномерно

распределенной  среди  населения  любой  страны. Поэтому  одним  из  важных  аспектов  в

диагностике  и – что, возможно, даже  еще  важнее  в «лечении» безработицы  является

определение тех групп населения, в которых она наиболее распространена.

Статистические  данные  свидетельствуют: из  общего  числа  безработных  во  всех

возрастах женщины составляют около 65%, что почти в два раза больше чем у мужчин. Это

объясняется  также  тем, что  на  данный  момент  одним  из  основных  требований  к

кандидатурам  на  вакантные  места  на  рынке  труда  является  наличие  специально-

технического  образования. В  Республике  Казахстан  основными  формами  безработицы

являются: безработица, связанная со спадом производства, скрытая, фрикционная, сезонная




жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау