Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет67/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   219

139

Əлеуметтік  кəсіпкерлікке  үлгі  бола  алатын  адамдардың  қызметтерінің  арасына

мейірбикелер  жұмысының  үдемелі  стандарттарын  өңдейтін  жəне  олардың  кең  таралуына

ықпал  еткен, Ұлыбританиядағы  мейірбикелер  үшін  бірінші  мектептің  негізін  салушы

Флоренс  Найтингейлді; кооперативтік  қозғалыстың  негізін  салушы  Роберт  Оуэнді; «Жерді

сыйға  беру» (ағыл. Bhoodan movement) үнді қозғалысының негізін  салушы Винобу Бхавені

жатқызуға болады.

Қазақстанда  мемлекет  пен  бизнес  тарапынан  əлеуметтік  кəсіпкерлік  сипаттағы

түсініспеушілік, заңнамалық  жəне  əкімшілік  насихаттау  идеяларының  қиындықтары  бар.

Сондай-ақ əлеуметтік кəсіпкерлікті үйлестіруге механизм құрылымы жоқ екенін, əлеуметтік

бизнес-бастамаларды  қамтамасыз  етуге  қаржыландыру  көздері  тартылмау  мəселесі  болып

табылады.

Əлеуметтік кəсіпкерлікті енгізу арқылы, біз бір жағынан əлеуметтік мəселені, екінші

жағынан, коммерциялық  мəселелерді  шеше  аламыз. Мысалы, Ұлыбританияда  əлеуметтік

кəсіпкерлік ЖІӨ-нің шамамен 10% -ын өндіреді. Қазақстанда мүлдем басқа сурет байқалады.

Осы  механизмді  іске  қосу  үшін, заңнамаға  сəйкес  өзгерістер  енгізу, осы  үшін  қажетті

инфрақұрылымды  салу  қажет. Біз  іс  жүзінде  əлеуметтік  кəсіпкерлік  тетіктерін  қайда

қолдануды, сондай-ақ  мемлекет  не  алатынын  білуіміз  қажет. Əлеуметтік  кəсіпкерлік

мемлекетке  тиімді, ол  күрделі  мəселелерді  шешу, бюджет  шығындарын  азайтуға

көмектеседі.

Əлеуметтік  кəсіпкерлік  механизмін  қолданудағы  маңызды  мəселелердің  бірі  оның

тиімділігін  бағалау  жəне  анықтау. Əлеуметтік  кəсіпкерліктің  тиімділігін  анықтау

əдістемесіне əртүрлі ақпарат көздерінде əртүрлі көзқарастар бар. Жалпы алғанда əлеуметтік

кəсіпкерлік  жобаларының  тімділігін  бағалауға  инвестициялық  жобаларды  экономикалық

бағалау  əдістерін  қолдану  мүмкіндігі  қарастырылады. Бірақ  ондай  жобалардың  басты

көздеген  мақсатына  сай  маңыздысы  олардың  əлеуметтік  тиімділігін  бағалау  болып

табылады.

Əртүрлі көздерде келтірілген əдістемелерді талдау негізінде əлеуметтік кəсіпкерліктің

тиімділігін көрсететін көрсеткіштерді келесідей төрт топқа топтастыруға болады:

1.

Əлеуметтік жағынан  қорғалмаған  азаматтар үшін  жұмыс орындарының  ашылуы



(жалғыз басты аналарды, мүгедектерді т.б. жұмыспен қамту);

2.

Нақты  жəне  потенциалды  бейəлеуметтік  азаматтарды  қоғамға  бейімдеу



(нашақорлар, жетімдер үйлерінің тəрбиеленушілері т.б.);

3.

Аймақтағы  əлеуметтік  жағдайды  жақсарту (балаларға  арналған  үйірмелерді,



бассейндерді, жеңілдік беретін ауруханаларды т.б. ұйымдастыру);

4.

Мүгедектерді  оңалту (мүгедектерге  қалыпты  өмір  сүру  жағдайларын  жасау,



оларды сауықтыру т.б.) [2].

Сонымен  қатар  əлеуметтік  кəсіпкерлік  жобаларының  тиімділігін  бағалауда  олардың

бірнешеу  болу  мүмкіндігін  ескеру  қажет. Мысалы  Ресейде «Наше  будущее» қорының

қолдауымен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы фермасын құруға арналған «Фермерлер

мектебі» жобасы  алғашқы  екі  тиімділікті  береді, яғни  онда  жұмыс  істейтін  жұмысшы

күшінің  негізгі  бөлігі  жетімдер  үйінен  шыққандардың  болуы  оларды  əлеуметтендіруге

мүмкіндік  береді. Қысқаша  көрсеткіштердің  əрқайсына  тоқталатын  болсақ, бірінші

көрсеткіш бойынша алынатын тиімділік екі жақты болады деген болжамға негізделеді:

1.

Мемлекеттік  жəне  аймақтық  бюджеттерді  толықтыру  түріндегі  мемлекет  үшін



тиімділік;

2.

Əлеуметтік жағынан қорғалмаған азамат үшін тікелей тиімділік.



Бірінші  тиімділік  елдің  ЖІӨ-нің  жұмыс  істейтін  азаматтардың  санының  артуы  жəне

осы  азматтарға  мемлекеттік  бюджет  есебінен  жəрдемақы  төлеудің  қажеттілігі

болмайтындықтан  жəне  қосымша  келіп  түсетін  салықтардың  артуынан  көрінеді. Ал  екінші

əлеуметтік тиімділікті жұмыспен қамтылған азаматтардың жеке табысының  жəрдемақымен

салыстырғанда көбірек болатындығы көрсетеді.



140

Нақты  жəне  потенциалды  бейəлеуметтік  азаматтарды  қоғамға  бейімдеу  көрсеткіші

бойынша  əлеуметтік  тиімділікті  бағалауда  өте  объективті  микроэкономикалық  ақпарат

қажет. Оны  адекватты  бағалаудың  критериі - осы  азаматтарды  қалыпты  өмірге  қайтарып

əкелуге  мүмкіндіктің пайда  болуы. Оның  көрсеткіші ретінде  халықаралық тəжірибеде  адам

өмірінің  экономикалық  құны  мен  бейəлеуметтік  азаматтардың  қоғамға  сіңісе  алмау

ықтималдығының көбейтіндісі  түріндегі көрсеткіш қолданылады. Мысалы, нашақорлардың

ауруынан айыға алмау пайызы, бұрын сотталғандардың рецидив пайызы, ал жетімдер үйінің

тəрбиеленушілері  үшін  нашақор  болу, қылмыс  жасау  немесе  өз-өзіне  қол  жұмсау

ықтималдығы.

Келесі  көрсеткіш  бойынша  əлеуметтік  тиімділікті  бағалау  мынадай  болжамға

негізделеді: коммерциялық  негізде  қызмет  көрсететін  ұйымдар  əр  аймақта  бар, сондықтан

негізгі  əлеуметтік  тиімділікке  əлеуметтік  жағынан  қорғалмаған  топтар  үшін  жеңілдетілген

бағамен қызмет көрсету арқылы қол жеткізуге болад, яғни аталған əлеуметтік категориялар

үшін  қолданылатын  бағалар  мен  нарықтық  бағалар  арасындағы  айырмашылық  ретінде

қосымша табыс алу.

Мүгедектерді  оңалту  көрсеткіші  бойынша  əлеуметтік  тиімділікті  анықтау  адам

өмірінің  экономикалық  құнына  қатысты  адам  денсаулығындағы  белгілі  бір  ақаулардың

болмау  маңыздылығының  көрсеткішіне  негізделеді. Мысалы  сақтандыру  компаниялары

төлемақыны  анықтауда  сақтандыру  сомасына  қатысты  белгілі  бір  зақымданудың  құнын

қолданады, сол  себепті  сақтандыру  сомасы  ретінде  адам  өмірінің  экономикалық  құнын

қолдану неғұрлым жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

Қорыта  келе, əлеуметтік  кəсіпкерліктің  мəні  мен  тиімділігін  бағалау  мəселесі  өте

күрделі  мəселе  екендігін  атап  өту  керек. Оның  күрделілігі  əлі  де  болса  келесідей  маңызды

сұрақтарға жауап берудің қажеттілігмен байланысты:

-

Əлеуметтік кəсіпкерлікті енгізу үшін қандай жағдайлар қажет?



-

Əр  түрлі  формадағы  əлеуметтік  кəсіпкерлік  пен  белгілі  бір  қоғамдық

қажеттіліктерді қанағаттандырудың арасында қандай сəйкестіктер болу қажет?

-

Дамыған  жəне  дамушы  экономикалардағы  əлеуметтік  кəсіпкерліктің  арасында



қандай айырмашылықтар бар?

-

Əлеуметтік  кəсіпкерліктің  дамуына  қандай  институционалдық  факторлар  əсер



етеді?

-

Əлеуметтік кəсіпкерлік пен тұрақты дамудың арасындағы байланыс қандай болу



керек жəне оның тұрақты дамуға қосатын үлесі қандай?

Жалпы  кез  келген  қоғам  үшін  əлеуметтік  проблемалардың  өзектілігі  үш  жақты:

мемлекет, бизнес  жəне  коммерциялық  емес  сектордың  күш-жігерін  біріктіруді  талап  етеді.

Сəйкесінше əлеуметтік проблемаларды шешуде үш буынның арасындағы байланыстар басты

назарда болуы тиіс.

Əдебиеттер:

1.

Арай  Ю. Н. Социальное  предпринимательство  в  начале  ХХI века: основные  понятия и



страновые особенности / Ю. Н. Арай //Российский журнал менеджмента. - 2013. - № 1. - С. 111-130.

2.

Минаев А.В. Критерии и методы  оценки проектов социального предпринимательства //



Труды МФТИ. - 2011. - Том 3, №3 — С. 153-158

3.

http://atyrau.palata.kz/kk/news/.




жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау