137
Жоғарыда аталған барлық қадамдарды орындай отырып, кəсіпорында дұрыс жасалған
қаржылық стратегия кəсіпорынның ақшалай қаражаттармен еркін маневр жасауға,
төлемдерді өз уақытылы жүргізуге жəне өндірісті кеңейтуге мүмкіндік беретін стратегиялық
қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Алайда, бұл тұрақтылық оптималды болуы тиіс,
өйткені қаржылық ресурстардың артықшылығы қаражаттардың тұрып қалуын білдіреді, ал
жетіспеушілігі кəсіпорынның дамуына кедергі жасайды.
Əдебиеттер:
1.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ/Қор қызметі/ Қол жетімді баспана
2020/http://www.fnsk.kz/?l=kaz&p=page&i=21.
2.
http://finance.nur.kz aқпaрaттық портaлы.
3.
http://www.dknews.kz aқпaрaттық портaлы.
4.
http://www.nomad.su aқпaрaттық портaлы.
5.
http://www.kecic.kz aқпaрaттық портaлы
.
ƏЛЕУМЕТТІК КƏСІПКЕРЛІКТІҢ МƏНІ ЖƏНЕ ТИІМДІЛІГІ
Кулмаганбетова А.С., Абдолла Ж.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: kulmaganbetova_as@enu.kz, jazi2307@mail.ru
Соңғы жылдары əлеуметтік кəсіпкерлік идеясы кеңінен талқыланып, өзінің
маңыздылығын нығайта түсуде. Бұл пайда алу ғана емес, сонымен қатар əлеуметтік
проблемаларды шешу немесе олардың жағымсыз əсерлерін азайту міндетін шешуде аса
маңызды құрал болып табылады.
Əлеуметтік кəсіпкерлік – экономиканың таяуда ғана пайда болған секторы. Аталмыш
саланың негізгі анықтамасы төңірегіндегі даулар əлі күнге дейін тыншымай отыр.
Əлеуметтік кəсіпкерлікті не коммерциялық, не коммерциялық емес салаға жатқызуға
тырысуда. Алайда Ұлттық палата сарапшылары əлеуметтік кəсіпкерлік профиттік жəне нон-
профиттік секторлар элементіне ие бола отырып, өзінің жеке заңдарымен тіршілік етіп,
дамып жатқанын пайымдайды [3].
Бизнестің мақсаты табыс көру екені жалпыға белгілі. Ол нарық қатысушыларының
мінез-құлық түрткісі мен логикасын айқындап береді.
Алайда коммерциялық емес сектордың негізгі міндеті – бұл барынша жоғары
əлеуметтік əсерге қол жеткізу, қоғамдық маңызды түйткілдерді шешу. Сəйкесінше, бұл
ортадағы жүріс-тұрыс логикасы, шешім қабылдау механизмі, табыстылық критерийлері жəне
басқалары белгіленген түрткіге сəйкес құрылады.
Коммерциялық саладан да, комерциялық емес саладан да бөлек жатқан жаңа
кеңістікте де орын алып отырғаны осы. Профиттік жəне нон-профиттік секторларда əрекет
етуші тұлғалар осы жерден табылады, бірақ олардың өз мақсаттары, құндылықтар жүйесі,
өзара байланыс, жүріс-тұрыс логикасы мен мотивациясы бар. Қоғамдық пайда мен қоғамдық
маңызды түйткілдерді шешуге бағытталған өзіндік қарым-қатынас жүйесі бар. Əлеуметтік
кəсіпкерлік – дəл осы ортаның өнімі.
«Əлеуметтік кəсіпкерлік» дегеніміз не? «Əлеуметтік» терминіне анықтама беру
салыстырмалы түрде оңай. Бірақ, əрине, тұлғаның ба, əлде қоғамның мүддесі маңыздырақ
па, не болмаса, экономиканың дамуы ма, əлде қоғамның басқа қажеттіліктері артық па, деп
дауласуға болады,
- алайда жалпы «əлеуметтік» ұғымының мағынасына қатысты
айтарлықтай келіспеушіліктер жоқ. «Кəсіпкерлік» ұғымының жалпыға белгілі анықтамасын
табу басқа дүние.
Кəсіпкерлікке əлемдік тəжірибеде көпшілік мақұлдаған анықтаманы табу біршама
қиын болғандықтан, - кəсіпкерліктің өзі де – көп қырлы күрделендірілген процесс, -
138
«əлеуметтік кəсіпкерлік» терминіне бір мағыналы анықтама беру де айтарлықтай қиындық
тудырады.
Əлеуметтік кəсіпкерлік – бұл экономикалық тиімділікке қол жеткізу мен кəсіпкерлік
жаңашылдықты əлеуметтік миссиямен біріктіретін əлеуметтік қызметті жүзеге асыру тəсілі.
Бұл жерде əлеуметтік кəсіпкерліктің негіз қалаушы белгілері туындайды:
1.
Əлеуметтік миссияның коммерция алдындағы біріншілігі;
2.
тұрақты коммерциялық əсер (өзін өзі ақтау жəне бəсекеге қабілеттілік);
3.
Əлеуметтік жəне экономикалық ресурстармен қисындастырудағы жаңашылдық
[1].
Ел экономикасы үшін əлеуметтік кəсіпкерліктің дамуы несімен пайдалы?
Əлеуметтік кəсіпкерлердің əлеуметтік түйткілдерді шеше отырып, жаңа немесе бұрын
тартылмаған ресурстарды іздеуімен. Бұл мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін, не болмаса
жалғыз басты аналар үшін арнайы жұмыс орындарын құру түйткілдерін шешу болуы мүмкін.
Не болмаса қоршаған ортаны ластаумен байланысты түйткілдер. Əлеуметтік түйткілдер
жетіп артылады, ал əлеуметтік кəсіпкерлер оларды шеше отырып, елдің жиынтық
экономикалық тиімділігін көтереді, өйткені бұрын қолданылмаған ресурстарды
экономикалық айналымға енгізеді.
Осы əлеуметтік кəсіпкерлік ұғымының тарихына тоқталып өтетін болсақ,
«Əлеуметтік кəсіпкерлік» (ағыл. social entrepreneurship) жəне «əлеуметтік кəсіпкер» (ағыл.
social entrepreneur) терминдері əлеуметтік өзгерістер сұрақтарына арналып, алғаш рет 1960
жылдары ағылшын тілді əдебиетте аталды. Олар 1980 жылдары кеңінен қолданылатын
болды.
Əлеуметтік кəсіпкерлікті мамандық жəне зерттеу аймағы ретінде алғашқы рет 1990
жылдардың аяғында Дьюк университетінің Əлеуметтік кəсіпкерлік дамуы орталығының
директоры Грегори Диз ұсынды. 1950-1990 жылдары Майкл Янг əлеуметтік кəсіпкерлікті
дамытуда үлкен рөл атқарды. Гарвардтың профессоры Дэниэл Белл Янгты «əлеуметтік
бастамалар саласындағы əлемдегі ең табысты кəсіпкер» деп атады, оның рөлінің арқасында
Ұлыбританиядағы бірнеше əлеуметтік кəсіпкерлік мектептерін қосқанда бүкіл əлем бойынша
60-тан аса ұйымдар құрылды.
Кесте 1
Əлеуметтік кəсіпкерліктің пайда болу жəне даму эволюциясы
Жылдар
Ұсынған
Мақсаты
1990 жылдардың аяғында
Грегори Диз
Əлеуметтік кəсіпкерлікті мамандық жəне
зерттеу аймағы ретінде ұсынды
1950-1990 жылдары
Майкл Янг
Ұлыбританиядағы бірнеше əлеуметтік
кəсіпкерлік мектептерін қосқанда бүкіл əлем
бойынша 60-тан аса ұйымдар құрды
2007 жылы
Лорд Мосон
«Əлеуметтік кəсіпкер» кітабының авторы
жəне оның тəжірибесін таратумен
айналысатын компанияның басқарушысы
болды.
ХІХ-ХХ ғасырлар
Флоренс Найтингейл
Ұлыбританиядағы мейірбикелер үшін бірінші
мектептің негізін салушы
Роберт Оуэн
Кооперативтік қозғалыстың негізін салушы
Винобу Бхаве
«Жерді сыйға беру» (ағыл. Bhoodan
movement) үнді қозғалысының негізін салушы
Иоанн Кронштадтский
Еңбексүйгіштік үйін құрды. Мұнда əрбір
мұқтаж (жалғыз басты аналардан
баспанасыздарға дейін) адам өзідеріне жұмыс
таба алды, баспана жəне қамқорлық алды