Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет4/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65

 

2. Физиканы  оқытуда  білімді  ақпараттандырудың  маңызы  мен  мәнін 
анықтау;  
3. Болашақ  физика  мұғалімдерін  оқытуды  олардың  креативтілігін 
қалыптастыру  негізінде  дамытудағы  білімді  ақпараттандыру  жағдайының 
маңыздылығын айқындау; 
4. Білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін  қалыптастыру  негізінде  «Оптика»  пәнін  оқытудың  әдістемелік 
жүйесін  жасау  және  оның  дидактикалық,  ұйымдастырушылық  ерекшеліктерін 
анықтау;  
5. Ұсынылған  әдістемелік  жүйенің  тиімділігін  тәжірибелік-экспериментте 
тексеру. 
Зерттеудің  әдіснамалық  негіздері:    Әлемнің  ғылыми  бейнесі  жӛніндегі 
философиялық  тұжырымдар  мен  қағидалар;  ғылыми  жүйелілік  амалдары  мен 
жеке  ғылыми  амалдар;    Қазақстан  Республикасының  білім  беру  туралы 
тұжырымдамалары,  бағдарламалары,  заңдары;  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің «Қaзaқcтaн жолы - 2050 cтpaтeгияcы: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ»  aтты  Қaзaқcтaн  xaлқынa  Жoлдaуы;  кәсіби  мамандық  іс-әрекетін 
жетілдіру  туралы  ғылыми-техникалық,  оқу-әдістемелік  негіздер;  оқыту 
технологияларына,  білім  саласын  ақпараттандыру  мен  оқу  үдерісін 
компьютерлендіруге қатысты педагогикалық зерттеулер.  
Зерттеудің  теориялық  негіздері:  Білім  мазмұны  құрылымының  жеке 
тұлға  құрылымына  сәйкестілік  теориясы;  болашақ  физика  мұғалімдерін  іс-
әрекет  үстінде дамыту  теориясы,  білім  беру  мазмұнын  дамытуға  ықпал  ететін 
педагогикалық-психологиялық  және  философиялық  тұжырымдары  мен 
ұстанымдары;  қоғамды  және  білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  білім 
беру жүйесіндегі ерекшеліктер мен тенденцияларды ашатын тұжырымдамалық 
амалдар. 
Зерттеу  кӛздері:    Қaзaқcтaн  Республикасы  үкiмeтiнiң  pecми  құжaттapы,  
«Бiлiм  туpaлы»  Зaңы,  бiлiм  бepудi  дaмытудың  2011-2020  жылдapғa  дeйiнгi 
мeмлeкeттiк бaғдapлaмacы, Бiлiм жәнe Ғылым миниcтpлiгiнiң жoғapы кәciптiк 
бiлiм  бepу  бaғдapлaмaлapы,  мeмлeкeттiк  жалпыға  міндетті  білім  беру 
cтaндapты,  oқу  жocпapлapы  мeн  бaғдapлaмaлapы,  бiлiм  бepу  caлacын 
aқпapaттaндыpу  тұжыpымдaмacы  мeн  бaғдapлaмacы,  «Қaзaқcтaн-2050» 
cтpaтeгияcы; 
физика, 
пeдaгoгикa, 
aқпapaттық 
тexнoлoгиялap 
мeн 
тeлeкoммуникaциялap caлacындaғы ғылыми eңбeктepі мен oзық тәжipибeлepі.  
Зерттеу  әдістері:  Зерттеу  бағытына  байланысты  психологиялық-
педагогикалық  және  әдістемелік  әдебиеттерді  талдау;  болашақ  физика 
мұғалімдерінің  орындаған  шығармашылық  жұмыстарын  саралау;  сауалнама 
жүргізу, оқу құжаттарына талдау жасау; ақпараттық технологияларды қолдану 
жағдайында 
студенттердің 
шығармашылық 
іс-әрекетін 
қалыптастыру 
тәжірибелерін бақылап талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, 
математикалық-статистикалық әдістерді қолдану. 
Зерттеудің негізгі  кезеңдері:  
Бірінші  кезең  (2012-2013 жж.)  Ғылыми    -  зерттеу  жұмыс  тақырыбына 
сәйкес  пeдaгoгикaлық-пcиxoлoгиялық,  ғылыми-әдicтeмeлiк  әдeбиeттep  мeн 


 
10 
нopмaтивтiк  құжaттapғa  тeopиялық  тұpғыдaн  тaлдaу  жacaлды,  отандық  және 
шетелдік  әдебиеттер  талданды;  зерттеу  кӛздері,  зерттеудің  ғылыми  болжамы, 
зерттеудің  міндеттері  айқындалды.  Болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлау 
тәжірибесін  талдау  жұмысы  ұйымдастырылды.  Физика  мұғалімін  даярлаудың 
мемлекеттік  стандарттары,  физика  саласындағы  бағдарламалар  және  бірқатар 
жоғары оқу орындарында негізге алынып жүрген мамандарды даярлаудың оқу 
жоспарлары зерделенді. Диссертациялық зерттеудің тақырыбы айқындалды.  
Екінші  кезең  (2013-2014 жж.)  Зерттеу  жұмысының  теориялық  бӛлімі 
айқындалды.  Болашақ  физика  мұғалімдеріне  «Оптика»  пәнін  оқытуда 
қолданылып  жатқан  ақпараттық  технологиялардың  негізіндегі  даярлылығына 
cәйкec  бacтaпқы  бiлiм  дeңгeйлepi,  oқытушылapдың  қoлдaнып  жүpгeн  әдic-
тәciлдepi,  oқыту  мaзмұны  мeн  үдepici  зepдeлeндi.  «Оптика»  бӛліміне  қатысты 
ЖОО-на арналған «Оптика», «Физикалық құбылыстар», «Оптика (Техника мен 
медицинада)»  электрондық  оқулығы  құрылды  және  дайындалды,  тесттер 
жасалды. Физика курсының «Оптика пәні бойынша есептер жинағы», «Оптика 
пәні  бойынша  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар»,  «Физикалық 
процесстерді  компьютерлік  модельдеу»  атты  ЖОО  студенттері  үшін  оқу-
әдістемелік құралы шығарылып оқу үдерісіне енгізілді. Білімді ақпараттандыру 
жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыру 
негізінде оптика пәнін оқытудың әдістемесі қалыптастырылды. 
Ҥшінші кезең (2014-2015 жж.) Жасалынған оқыту әдістемесінің тиімділігі 
практика  жүзінде  зерттелініп,  эксперимент  нәтижелері  тексерілді;  Болашақ 
физика  мұғалімдерінің  креативті  ойлауын  дамытудың  негізгі  тенденциялары 
айқындалып,  зерттеу  жұмыстарына  байланысты  жалпы  тұжырымдар  мен 
қорытындылар  жасалынды.  Зерттеу  диссертацияға  қойылатын  талаптарға  сай 
техникалық жағынан рәсімделді. Диссертациялық жұмыстың қолжазба нұсқасы 
дайындалып, талқылауға ұсынылды.  
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:   
1. Физиканы оқытудың кез-келген формасында білімді ақпараттандырудың  
маңызы мен мәні дәйектелді; 
2. Білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін қалыптастырудың дидактикалық шарттары айқындалды;  
3. Болашақ  физика  мұғалімдерін  оқытуды  олардың  креативтілігін 
қалыптастыру  негізінде  дамытудағы  білімді  ақпараттандыру  жағдайының 
маңыздылығы айқындалды; 
4. «Оптика»  пәні  бойынша  электрондық  оқулықтар  мен  оқу  –  әдістемелік 
құралдар жасалды және оқу үдерісіне енгізілді.  
5. Білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін  қалыптастыру  негізінде  «Оптика»  пәнін  оқытудың  әдістемелік 
жүйесі 
жасалынды 
және 
оның 
дидактикалық, 
ұйымдастырушылық 
ерекшеліктері анықталды.    
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: 
Зерттеу  нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарының 5В011000-физика, 
5В060400-физика  мамандықтарының  студенттеріне  арналған    «Оптика»,  
«Физикалық  құбылыстар»,  «Оптика(Техника  мен  медицинада)»  атты 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау