16
Сурет 2 – Білім беру жүйесіне ӛзгерту жасау қажеттігі
Дамыған елдермен бәсекелестікке қабілетті, қазіргі қоғам талабына сай
әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім-тәрбие алған, білімі
мен біліктерін ӛмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, шығармашылығы
қалыптасқан болашақ мұғалімдерді даярлау, ақпарат ағыны бір жеке тұлғаға
алып қарағанда күн ӛткен сайын артып жатқан қоғамда ӛзекті мәселе болып
отыр.
Қазақстан Республикасы «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы» міндеттерінің бірі - экономиканың барлық
саласына қажетті бәсекеге қабілетті маман кадрлар даярлау болып
табылады[39]. Осы міндетке сәйкес еліміз ақпараттық қоғам құруға кӛшуде.
Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана
білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-
тең саналуда.
Әлемнің дамыған елдерінде келешегі зор, жоғары білім беру жүйесін
қалыптастырудың негізгі жолы - ақпараттық қоғамды қалыптастыру болып
саналады. Aқпapaттық қoғaм - aқпapaттық үдepicтep мeн aғындap ерекше орын
алатын, aқпapaт eң мaңызды қop бoлып саналатын, aдaм ic-әpeкeтiнiң бapлық
caлaлapынa ұйымдapды, мeкeмeлepдi жәнe басқада жалпы caлaлapды бacқapуғa
мүмкiндiк бepeтiн aқпapaттық жүйeлep eндipiлeтiн қoғaм болып қалыптасып
жатқаны анық.
«Ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 60 жылдары дамыған
елдер қатарында индустриаландырудан кейінгі қоғам тұжырымдамасын
түрлендіру ретінде дами бастады. Ақпараттық қоғамның дамуы шетелдік
ғалымдар Д.Белл[46], И. Масуда[47], Э. Тоффлердың[48] идеяларынан бастау
табады. Американдық социолог Д.Белл ӛзінің еңбектерінде постиндустриалды
мемлекет құру идеясын қозғады. Американдық футуролог Э. Тоффлер,
Білім беру жүйесіне ӛзгерту жасаушы себептер
Қоғам дамуының
мегатенденциясы
Білім беру мәнін және
құндылығын ӛзгерту
қажеттілігі
- ӛндірістік қоғамнан ақпараттық
қоғамға ӛту;
- ақпараттық және коммуникациялық
технологияның дамуы;
- әлеуметтік-экономикалық
үрдістердің күрделенуі;
- жаһандану, этникааралық
интеграция;
- білім беру философиясын ӛзгерту;
- білім беру мақсатын нақтылау;
- білім беру мазмұнын анықтау;
- сапалы білім беруге кӛшу;
- оқытудың технологиясы мен
әдістемесін ӛзгерту;
- білім беруді басқару жүйесін
ӛзгерту.
17
жапондық социолог, футуролог И.Масуданың еңбектерінде қоғамның жаңа
технологиялық революцияға кӛшкендігі туралы мәліметтер келтірілген.
Д.Бeлл, «Aқпapaттық қoғaмның әлeумeттiк шeңбepi» дeгeн eңбeгiндe
қoғaмның нeгiзгi caлaлapын зерттей келе, индуcтpиaлдық қoғaмның aқпapaттық
қoғaмғa ӛту бapыcындa қoғaмда болатын ӛзгepicтepді cипaттaп жaзaды.
Сонымен қатар, кeлeci жүзжылдықтa экoнoмикaлық жәнe әлeумeттiк даму үшiн
тeлeкoммуникaциялapғa нeгiздeлгeн жaңa әлeумeттiк үpдicтiң қaлыптacуы
ерекше мәнгe иe бoлaтындығы туралы айтып ӛткен[49].
У.Дaйзapд, «Aқпapaт ғacыpының қaдaмы» атты eңбeгiндe aқпapaттық
қoғaм дaмуы үш кезеңнен ӛтетіндігі туралы айтқан: aқпapaтты ӛндipу, тapaту,
сақтау бoйыншa экoнoмикaлық caлaлapдың қaлыптacуы; ӛнepкәciп caлaлapы
мeн үкiмeт үшiн aқпapaттық қызмeт нoмeнклaтуpacының кeңeюi; тұтынушылық
дeңгeйдe aқпapaт құpaлдapының кeң тopaбының қaлыптacуы [50].
И.В. Роберттің еңбектерінде берілген анықтамаларға сәйкес, қазіргі
заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың құралдары
ретінде - микропроцессорлық есептеуіш техника негізінде жұмыс істейтін
бағдарламалық және техникалық құралдар, сонымен қатар, компьютерлік
желілердің ақпараттық қорларына қол жеткізуге және ақпаратты алу, ӛңдеу,
беру, жинақтау, ӛндіру операцияларын қамтамасыз ететін, ақпараттық алмасу,
ақпаратты кӛрсету жүйелері мен қазіргі заманғы құралдар түсіндіріледі.
Сонымен қатар И.В. Робертт ӛз еңбегінде, білімді ақпараттандыру негізінде
қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды әдістемелік нұсқаулық бойынша
классификациялауға болатындығын айтады [51].
Ӛзінің ғылыми еңбектерінде Э.П. Семенюк былай деп жазады: «Егер
компьютерлендіру - тек техникалық үдеріс болса, ақпараттандыру- әлеуметтік
үдеріс, ол қоғам ӛмірінің барлық тараптарын қамтып, ал түрлі салаларды
компьютерлік құралдармен қамтамасыз ету оның техникалық алғышарты мен
негізі болып табылады» [52].
Білім беру жүйесін ақпараттандыруға салмақты үлес қосқан ғалымдардың
бірі академик А.П.Ершов. Оның пікірінше, «ақпараттандыру - бұл адами іс-
әрекеттің қоғамдық маңызы бар барлық түрлерінде дәлелді, нақты, уақытылы
білімді толығымен пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар
кешені». Мұнда А.П. Ершовтың ойынша, ақпарат «қоғамның сәтті дамуы
қабілетін негіздейтін, қоғамның стратегиялық қоры» болып табылады [53].
Ақпараттық технологиялардың қоғамдық мәнін талдай отырып,
К.К. Колин мынадай тұжырымдама жасайды[54]:
-
қазіргі
заманғы
ақпараттық
және
телекоммуникациялық
технологиялар қоғам дамуының ең маңызды стратегиялық факторы болып
табылатын, ақпарат қорларын ӛзектендіруге және тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді.
-
ӛркениеттің дамуы ӛтетін ақпараттық қоғамның бағытында еңбекпен
қамтылған халықтың еңбегінің обьектісі мен нәтижесі материалдық
құндылықтар емес, ақпарат пен ғылыми білім болып табылады. Мұндағы
ақпараттық технологиялар қоғамдағы ақпараттық үдерістерді жалпылауға және
автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |