13
1 БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИЗИКАНЫ
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1
Болашақ
физика
мҧғалімдерін
даярлауда
білімді
ақпараттандырудың қазіргі кҥйі
Қазақстан Республикасының Болон декларациясына қосылуы білім және
ғылымның ұлтаралық қатынастары жолында маңызды қадам болғаны анық. Бұл
қадам жоғары білім алаңында салыстырмалы жүйені қабылдау арқылы
Еуропалық білімге қолжетерлік жағдай жасауға, білім сапасын дамытып, білім
алушылар мен мұғалімдер, профессор-оқытушылар құрамының мобильдік
деңгейін арттыруға мүмкіншілік туғызды.
Болон үдерісінің шешімі бойынша білім беру саласында қызметкерлердің
алдына бірқатар мәселелерді, соның ішінде қазіргі жан-жақты дамыған
қоғамның шығармашыл мұғалімін қалыптастыруды қойып отыр[38].
ҚP Бiлiм бepудi дaмытудың 2011-2020 жылдapғa apнaлғaн мeмлeкeттiк
бaғдapлaмacындa XXI ғacыpдa ӛpкeниeттi дaмушы eлдep мeн бәceкeлecтiк
apқылы eл экoнoмикacын дaмытудa бүгiнгi қoғaм жacтapының бiлiктiлiгi мeн
бiлiм дeңгeйлepi caй бoлуы айтылған. Осыған байланысты қазіргі таңда
Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарындағы білім беру саласына
басты назар аударылуда[39].
Қоғамда білім беру жүйесінің экономикалық, техникалық, мәдени
дамуындағы орны жоғары деңгейде екені белгілі. Мемлекетіміздің білімділік
деңгейі ғана халқымыздың лайықты бейнесін және әлемдік қауымдастықтағы
орнын қамтамасыз етеді, еліміздегі әрбір адамның және халықтың әлемдегі
статусын анықтайды. Қазіргі кезде білім беру саласында негізгі бағыттардың
бірі ретінде кәсіби жоғары деңгейде даярланған, шығармашылық қабілеті
дамыған, алдына қойылған мәселелерді тез әрі сапалы түрде шеше алатын жаңа
типті мұғалім тұлғасын жасау орын алады.
Осы талаптарды орындай алатын болашақ мұғалімдерді даярлау ӛзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан қазіргі күнге дейін жоғары оқу
орындарында оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері, оқыту құралдары,
оқытудың жаңа технологиялары зерттеліп келеді. Қазіргі қоғам жағдайында
болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары оқу орнының оқытушысы ғылыми
ақпаратты жеткізуші ғана емес сонымен қатар танымдық әрекетті
ұйымдастырушы болуы тиіс. Сондықтан оқу үрдісінің қарқынын күшейту және
сапасын арттыру қажеттігі туындайды.
Әлеуметтiк, ӛндiрiстiк заңдылықтар әрбiр қоғам мүшесiнiң бойында
iскерлiк, белсендiлiк, жаңа нәрсені жасай алуға қабілеттілік, тапқырлық,
шеберлiк қасиеттердiң болуын қажет етедi. Бұл талаптарды жүзеге асыруда
физиканы оқыту ерекше орын алады. Жалпы физика ғылымы табиғат
құрылымының, оның құбылыстарының ең қарапайым, әмбебап түсiнiктерiмен,
заңдылықтарымен таныстырады.
Физиканы оқыту болашақ физика мұғаліміндеріне, алған бiлiмдерiн
табиғатта, қоршаған ортада жүретiн құбылыстарды түсiндiруге, күнделiктi
ӛмiрде қолдана бiлуге үйретедi. Ал, қазіргі жаһандану заманында жыл ӛткен
14
сайын ғылым мен техниканың дамып келе жатқанын ескерсек, физиканы
оқытудың негiзгi мақсаттарының бiрi – болашақ физика мұғалімдерінің ой-
ӛрiсiн дамыту, шығармашылық қабiлетiн қалыптастыру, оларды ӛз бетiнше
бiлiмiн толықтыруға пайдалану, алған мағлұматтарды талдауға дұрыс
қорытынды жасау, үйрету болып табылады.
Қазіргі заманға сай талаптар бойынша болашақ физика мұғалімі білімді ӛз
бетімен меңгеруді, практикалық еңбек кезінде бақылау, ӛзінің бақылауларын
тәжірибе жүзінде тексеруді, жаңа білімді қабылдауға дайын болуы және оны
пайдалануды, ғылым жаңалықтарын күнделікті тұрмысқа пайдалануды іске
асыруы тиіс. Ал бұл жағдай ӛз кезегінде болашақ физика мұғалімдерін
даярлайтын жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесін заман
талабына сай дамытып отыруды қажет етеді.
Физиканы оқыту әдістемесі - негізінен жоғары оқу орны үшін
тӛмендегідей қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын анықтайды
(сурет-1):
- қазіргі заман талабына сай бағдарламалық материалдарды студенттердің
берік игеруін қамтамасыз ететіндей, физиканы оқытудың қажетті материалдық-
техникалық базасын (эксперименттік және кӛрнекі құралдар, т.б.) анықтау;
-физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының
кӛлемін және мазмұнын анықтау;
-студенттердің оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен
тәсілдері және оқытушының әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын кӛрсету;
-физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай аудиториядан тыс
жұмыстарды (физикалық кеш, үйірме, экскурсия, олимпиада, т.б.) ұйымдастыру
мен ӛткізудің әдістемесін кӛрсету;
-жоғары оқу орнында физиканы оқыту үдерісінде ӛткізілетін тәлім-тәрбие
жұмыстарға бағыт-бағдар беру;
-студенттердің
экспериментік білімдері мен іскерліктерін және
дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолдарын
кӛрсету[40].
Сурет 1 – Физиканы оқыту әдістемесі
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ
Оқытудың мақсаты
(не үшін оқытамыз?)
Оқытудың әдісі
(қалай оқытамыз?)
Оқытудың мазмұны
(нені оқытамыз?)
15
Физика пәнінің мазмұны, физика ғылымының даму деңгейіне,
студенттердің психологиялық - педагогикалық даму ерекшеліктеріне,
ақпараттық ортаның даму деңгейіне байланысты болатындықтан физиканы
оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны, зерттеу пәні үнемі ӛзгеріп отырады.
Болашақ физика мұғалімдерінің білім деңгейлерін арттыру мақсатында
физиканы оқыту әдістемесін жетілдіру және дамыту бағытында бірнеше
шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерін атап кӛрсетуге болады. Атап
айтсақ, Ф.Голдберг, В. Отеро, С.Робинсон, Дж.Томпсон, М.Уоррен, С.Лиллиан,
Б. Гюнеш, У. Канлы, В.И. Лырчикова, А.Г.Москаленко, М.И.Бобров,
М.С. Молдабекова, Б.Б.Баймұқанов, Е.Ы.Бидайбеков, У.Қ.Тоқбергенова,
Д.М. Казахбаева, Г.Жангисина, Ж.А.Қараев, Е.А.Нәбиев, Г.Қ.Нұрғалиева,
Ж.Нұрбекова, Қ.С.Мусин, С.С.Усенов, К.М. Беркимбаев, Н.Н. Керімбаев,
Г.Б.Алимбекова, К.Ә. Ортаева, С.Е. Алдешов, Ә.Х. Сарыбаева т.б
ғалымдардың еңбекбектерінде орын алған.
Фред Голдберг, Валерие Отеро, Стефен Робинсон «Физиканы оқытудың
тиімділігінде жобалаудың қағидалары: физикалық және күнделікті ойлау
жағдайында» атты еңбегінде болашақ физика мұғалімдерінің білімін
тереңдетудің моделі, ғылымға деген қызығушылығын арттырудың мәселелері
талқылана келіп, физиканы оқыту әдістемесін жетілдірген[41].
Бат-Шева Ейлон, Есзер Багно «Болашақ физика мұғалімдерін кәсіби
даярлығын дамытудың ғылыми-құрылымдық моделі: физикалық зерттеу, білім
беру арқылы сабақты жобалау» атты еңбегінде болашақ физика мұғалімдерінің
физика бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстары арқылы білімдерін
жоғарылатуы, және алған білімдерін қолдана алу қабілеттерін жетілдіру
мәселелері қарастырылған[42].
Уйгар Канлы ӛз еңбектерінде болашақ физика мұғалімдерін оқыту
әдістемесін 3Е, 5Е, 7Е моделдері арқылы дамыту мәселелерін зерттеген[43].
Отандық ғалым Г.Б.Алимбекова ӛзiнiң «Физика мұғалімінің кәсіби
даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жетілдіру» aтты
ғылыми жұмыcындa болашақ физика пәні мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық
даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жетілдіруді
ғылыми теориялық тұрғыда негіздеуді және оны оқу үдерісіне ендіру жолдары
қapacтыpылғaн[44].
Н.Н. Керімбаев еңбектерінде физика саласында білімді ақпараттандыру
мәселелерін, қазіргі ақпараттандыру қоғамында физика саласы бойынша
мұғалім даярлаудың әдістемелік жүйесін, физиканы оқытуда АКТ-ны қолдану
арқылы оқыту әдістемесін дамыту мәселелерін қарастырды[45].
ХХI ғасырдағы қоғамның дамуы физиканы оқыту әдістемесінің дамуын,
оның негізінің ауысуын болжайтын жаңа білім беру кеңістігін жасауды қажет
етеді(сурет-2). Білім берудің саласындағы модернизациялау, болашақ
мұғалімдерді даярлаудың мазмұны мен құрылымын саралап, оқытудың
ғылымилық дәрежесін жоғарылатуды, болашақ мұғалімдердің жан-жақты
дамуына жағдай жасауды кӛздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |