Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет9/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64

орталықтандырылған   сызбасын   жүзеге   асырады.   Осыдан   оның   басты
артықшылықтары шығады – жүйеде қызмет көрсету мен соған қол жеткізуді
басқару   ісінің   қарапайымдылығы   және   салыстырмалы   түрде   арзан   (шеткі
терминалдардың   бағасы   онша   жоғары   болмағандықтан)   болуы.   Модельдің
кемшіліктері   –   орталық   тораптың   сенімділігі   онша   жоғары   болмауынан
жүйенің   осалдығы,   сондай-ақ   клиенттердің   саны   көп   болғанда   сервердің
өнімділігіне қатысты қойылатын жоғары талаптар. 
Үлестірілген   қызмет   моделінде   мәліметтерді   өңдеуден   өткізудің
логикасы   екі   торап   бойынша   таратылған.   Мұндай   модель   өздерінде
қолданбалы   қызметтердің   жалпы   бөлігі   компьютер-серверде,   ал   ақпаратты
өңдеудің   арнайы   қызметтері   компьютер-клиентте   орындалатын   АЖ-ларда
болуы   мүмкін.   Жалпы   сипаттағы   қызметтерге   мәліметтердің   тұтастығын
стандартты түрде, мысалы, сақталатын процедуралар түрінде қамтамасыз ету
ісі   жатуы   мүмкін,   ал   қалған   қолданбалы   қызметтер   арнайы   қолданбалы
өңдеуді орындайды. Осыған ұқсас модельге сонымен қатар бірнеше біртекті
емес МҚ-лардағы ақпаратты қолданатын АЖ-лар ие болады. 
Үлестірілген   МҚ   моделі   қуатты   компьютер-клиентті   пайдалануды
қажет   етеді,   бұл   ретте   мәліметтер   компьютер-клиентте   және   компьютер-
серверде   сақталады.   Екі   мәліметтер   қорының   өзара   байланысы   екі   түрде
болуы   мүмкін:   а)   біртұтас   МҚ-ның   жекелеген   бөліктері   жергілікті   және
қашықтағы   қорларда   сақталады;   б)   жергілікті   және   қашықтағы   МҚ   өзара
үйлестірілген көшірмелер болып табылады. 
Үлестірілген   МҚ   моделінің   артықшылығы   –   соның   негізінде
құрылатын АЖ-лардың икемділігі, олар компьютер-клиентке жергілікті және
қашықтағы   МҚ-ларды   өңдеуден   өткізуге   мүмкіндік   береді.   Көшірмелердің
сәйкестігін үйлестіру  механизмдері болған жағдайда жүйе тұтастай алғанда
жоғары   дәрежедегі   өміршендігіне   ие   болады,   себебі   клиент   пен   сервердің
өзара   қосылысының   үзілуі   жүйенің   күйреуіне   әкелмейді,   оның   жұмысы
қосылыс   қайта   жасалғаннан   кейін   қалпына   келуі   мүмкін.   Моделдің
кемшіліктеріне   компьютер-клиенттерде   саны   көп   бірдей   қосымшаларды
орындау кезіндегі артық шығындарды жатқызуға болады. 
Қызметтерді   үлестірудің   үш   буындық   моделі   қосымшаның   үш
қызметінің   әрқайсысы   жекелеген   компьютерде   орындалатын   типтік   нұсқа
болып   табылады.   Қосымшалардың   қызметтерін   компьютерлердің   көптеген
санына   үлестірудің   нұсқалары   болуы   мүмкін,   алайда   олар   сирек
қолданылатын болғандықтан, қарастырылмайды. 
Біз   қарастырып   отырған   модель   қосымшалар   сервері   немесе   AS-
модель(Application Server) деп аталады және 2.7-суретте көрсетілген.


2.7-сурет. Үшбуынды модель
Ақырғы пайдаланушымен сұхбат жүргізуге жауап беретін үш буындық
AS-моделге  сәйкес,  аталған  процесс, әдетте,  ақпаратты ұсыну қызметтерін
орындайды және қосымшаның компонентімен DBS моделіндегіге ұқсас түрде
әрекеттеседі.   Қосымшаның   компоненті   жеке   компьютерде   орналасып   өз
кезегінде   RDA  моделіне   ұқсас   түрде   мәліметтерді   басқару   компонентімен
байланысты болады. 
AS-моделінің   орталық   буыны   қосымшалар   сервері   болып   табылады.
Қосымшалар   серверінде   бірнеше   қолданбалы   қызметтер   орындалады,
олардың әрқайсысы оны қажет ететін программалардың барлығына қызмет
көрсету қызметі ретінде рәсімделген. Қосымшалар серверлерінің бірнешеуі
болуы   мүмкін,   олардың   әрқайсысы   өз   қызметін   ұсынады.   Қосымшалар
серверінен қызмет көрсетуін сұраған кез келген программа ол үшін клиент
болып табылады. Клиенттерден серверлерге келіп түскен сұраныстар кезекке
тұрады,   олар   ол   жерден   қандай   да   бір   пәнге   байланысты,   мысалы,
басымдылықтары бойынша іріктеліп алынады. 
Ұсыну қызметтерін орындайтын және қосымшалар сервері үшін клиент
болып табылатын компонент бұл модельге әдеттегіден кеңірек түсіндіріледі.
Ол  ақырға   пайдаланушы  бар  интерфейсті   ұйымдастыру  үшін  қызмет  етуі,
құрылғылардан,   мысалы,   сигнал   бергіштерден   мәліметтерді   қабылдауды
қамтамасыз етуі, немесе еркін түрдегі программа болуы мүмкін. 
AS-модельдің артықшылығы – қосымшаның қызметтері өзара тәуелсіз
үш   бөлікке   бөлінгендіктен,   оның   икемділігі   мен   әмбебаптығы   болып
табылады.   Көптеген   жағдайларда   бұл   модель   екі   буындық   модельмен
салыстырғанда тиімдірек болады. Модельдің негізгі кемшілігі – қосымшаның
компоненттерінің арасында ақпаратпен алмасуға жұмсалатын компьютердің
ресурстары   екі   буындық   модельмен   салыстырғанда   көбірек
жұмсалатындығы.
Қосымшалардың компьютер-серверлерінде қосымшалардың қызмет ету
ортасын   жүзеге   асыратын   программалық   өнімдердің   мысалы   ретінде   BEA
WebLogic Server (BEA Systems Corp.), Inprise Application Server (Inprise Corp)
және IBM WebSphere Application Server (IBM Corp.) атауға болады.
Мәліметтерді 
басқару
Қосымша
Ұсыну
МҚ компьютер-сервері
Қосымшалардың компьютер-сервері
Компьютер-клиент


5. Мәліметтер қоры және Интернет
Интернет пен Интереттегі ақпараттар көзі мәліметтер қорлары болған
жағдайда Web-серверлер МҚБЖ компоненттерінің өзара әсері орын алады.
Мәліметтер қорларын пайдаланатын программалық компоненттердің жұмыс
істеуін ұйымдастырудың үш түрін ажыратады:
a) клиент жағында;
b) Web-сервер жағында;
с) Қосымшалар сервері жағында.
Клиент жағындағы мәліметтер қорына   қол жеткізу кезінде Javа тілі
клиент  пен   сервердің   өзара   әсерінің   негізгі   құралы   болады.   Бұл   жағдайда
HTML   тілінің   мүмкіндіктерін   кеңейтетін   JavaScript,   Jscript,   VBScript
сценарийлер тілдері пайдалануы мүмкін. Өзара әсерлер схемалары келесі 2.8-
суретте көрсетілген.
2.8-сурет. Клиент пен сервердің өзара әсерлер схемасы
МҚ серверіне жүгіну үшін   Java – программаларының ішінен жұмыс
принципі ODBC ұқсас  JDBC  хаттамасы пайдаланылады.
Web-сервер   жағындағы   МҚ   қол   жеткізу   SQL  тілінде   МҚ   өзара   әсер
ететін   Web-сервердің   сыртқы   программаларын   шақыру   арқылы   жүзеге
асырылады, ол келесі 2.9-суретте келтірілген.
2.9-сурет. Web-сервер жағынан МҚ-на қол жеткізу.
Келесі   2.10-   суретте   қосымшалар   сервері   жағындағы   мәліметтер
қорына қол жеткізу мүмкіндігі көрсетілген.
Клиент
МҚ сервер
МҚ
SQLсұраныс
Web-сервер
Клиент
Web-сервер
МҚ сервері
SQL сұраныс
МҚ


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау