Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет11/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64

Иерархиялық   МҚ-ның   құрылымын   (сұлбасын)   сипаттау   үшін   кейбір
программалау тілінде «бұтақ» мәліметтер типі қолданылады. 
«Бұтақ» типі ПЛ/1 және Си программалау тілдерінің «құрылым» атты
мәліметтер   типімен   және   Паскаль   тілінің   «жазба»   типімен   ұқсас.   Оларда
типтердің бір-біріне салынуына жол беріледі, олардың әрқайсысы белгілі бір
деңгейде орналасқан. 
«Бұтақ»   типі   құрамдас   болып   келеді.   Оған   ішкі   типтер   («кіші
бұтақтар»)   кіреді,   олардың   әрқайсысы   өз   кезегінде   «бұтақ»   типі   болып
табылады. «Бұтақ» типінің әрқайсысы бір «түбірлік» типтен және бағыныңқы
типтердің реттелген жиынтығынан (бос болуы да мүмкін) тұрады. 
«Бұтақ»   типіне   енгізілген   қарапайым   типтердің   әрқайсысы   «жазба»
атты жай немесе құрама тип болып табылады. Қарапайым «жазба» бір типтен
тұрады,  мысалы,  сандық   типтегі,  ал  құрама «жазба»  типтердің  белгілі  бір
жиынтығын, мысалы, бүтін, символдар жолы және көрсеткіштерді (сілтеме)
біріктіреді. 
Түбірлік деп бағыныңқы типтері бар және өзі ішкі тип болмайтын тип
аталады.   Бағыныңқы   тип   (ішкі   тип)   өзі   үшін   ата   тегі   (ата-ана)   рөлін
атқаратын типке қатысты ұрпақ болып табылады. Бір типтің ұрпақтары бір-
біріне қатысты егіздер болып табылады. 
Тұтастай   алғанда   «бұтақ»   типі   «жазба»   типтерінің   иерархиялық
тұрғыдан ұйымдастырылған жиынтығын сипаттайды. 
Иерархиялық МҚ құрамында «жазба» (жазбалар) типіндегі мәліметтер
даналарын   (экземплярын)   қамтитын   «бұтақ»   типіндегі   мәліметтер
даналарының реттелген жиынтығы болып табылады. Көп жағдайда типтердің
арасындағы  туыстық қатынастарды  жазбалардың  арасындағы қатынастарға
көшіреді.   Жазбалар   өрістері   шындығында   МҚ-ның   негізгі   мазмұнын
құрайтын сандық немесе символдық мәндерді сақтайды. Иерархиялық МҚ-
ғы   барлық   элементтерді   қарап   шығу   әдетте   жоғарыдан   төмен   қарай   және
солдан оңға қарай жүргізіледі.
Иерархиялық модельдің мәліметтер қорлары бұтақ түріндегі құрылымы
бар   нысандарды   сипаттауға   ыңғайлы.   Мысалы,   белгілі   бір   кәсіпорынның
құрылымын келесі түрде келітруге болады (1.2-сурет).
1.2-сурет. Кәсіпорынның иерархиялық құрылымы
Кәсіпорын
Әкімшілік
Бухгалтерия
Бөлімдер
Кадрлар бөлімі
Өндірістік цехтар
Шаруашылық бөлімі
Жұмысшылар
Лауазымдар


Өзінен   басқа   жазбаға   сілтеме   жасалатын   жазба   «ата   тегі»   немесе
бағындыратын жазба деп аталады. Сілтеме жасалатын жазба «ұрпақ» немесе
бағыныңқы жазба деп аталады. Иерархиялық модельде әрбір ұрпақтың тек
бір ғана ата тегі болады, басқаша айтқанда бір ұрпаққа екі және екіден артық
ата  тегі  сілтеме жасай  алмайды. Сілтемені нұсқау  үшін ата  тегі-жазбаның
өрісі болуы тиіс, ол жерге  тасымалдағыштағы  ұрпақ-жазбаның физикалық
мекен-жайы   жазылады.   Ұрпақ-жазба   сақталатын   тасымалдағыштағы   осы
физикалық мекен-жай көрсеткіш деп аталады. Жазбаларды байланыстырудың
мысалы (1.3-сурет):
1.3-сурет. Жазбаларды байланыстыру
Сонымен, иерархиялық модельдегі мәліметтер арасындағы байланысты
ұйымдастыру   үшін   физикалық   мекен-жайлардың   көрсеткіштері
қолданылады.
Мәліметтердің   иерархиялық   моделінің   артықшылықтарына   ЭЕМ
жадын   тиімді   пайдалану   мен   мәліметтермен   негізгі   амалдарды   орындау
уақытының   көрсеткіштері   жатады.   Мәліметтердің   иерархиялық   моделі
иерархиялық тұрғыдан реттелген ақпаратпен жұмыс істеу үшін ыңғайлы.
Иерархиялық модельдің кемшілігіне күрделі логикалық байланыстары
бар ақпаратты өңдеу үшін оның көлемінің тым орасан үлкен болуы, сондай-
ақ  қарапайым пайдаланушы үшін түсінуге қиындығы жатады. 
3.2. Желілік модель. 
Желілік   модельдерде   мәліметтердің   арасындағы   өзара   байланыстар
еркін граф түрінде болады, ондағы әрбір ұрпақтың екі және одан да көп ата
тегі болуы мүмкін. 
Желілік модельдің мәліметтер қоры жазбалар жинағы мен байланыстар
жинағынан құралады. Байланыстардың жинағы физикалық көрсеткіштері бар
өрістен тұрады. 
Осылайша,  желілік МҚ  сұлбасын   сипаттау   үшін  типтердің  екі тобы:
«жазба» және «байланыс» қолданылады. «Байланыс» типі «жазба» типінің
ата   тегі   және   ұрпақ   типтері   үшін   анықталады.   «Байланыс»   типінің
айнымалылары байланыстардың даналары болып табылады. 
Желілік   МҚ   жазбалар   жинағы   мен   сәйкес   байланыстар   жинағынан
тұрады.   Байланыстарды   қалыптастыруға   ерекше   шектеулер   қойылмайды.
Егер иерархиялық құрылымдарда ұрпақ-жазбаның бір ғана ата тегі –жазбасы
Бөлім нөміріЦех№1
   ...                     ...
Код    Иванов     ...  ... 
Инженер   Ставка   ...


болса, ал мәліметтердің желілік моделінде ұрпақ-жазба ата тегі-жазбалардың
(өгей ата-аналар) кез келген санына ие бола алады.
Келесі суретте (1.4-сурет) инженер лауазымына сәйкес келетін жазбаға
екі жазба сілтеме жасайды.
1.4-сурет. Желілік модельдегі жазбаларды байланыстыру
Иерархиялық   модельді   желілік   модельдің   дербес   жағдайы   ретінде
қарастыруға болады.
Мәліметтердің   желілік   моделінің   артықшылығы   жадының
шығындалуы   мен   жеделдік   көрсеткіштері   бойынша   тиімді   түрде   жүзеге
асыру мүмкіндігі болып табылады. Желілік-модель иерархиялық модельмен
салыстырғанда   еркін   түрдегі   байланыстардың   құрылу   тұрғысынан   үлкен
мүмкіндіктер ұсынады. 
Мәліметтердің желілік моделінің кемшілігі – оның негізінде құрылған
МҚ сұлбасының жоғары дәрежедегі күрделілігі мен қатқылдығы, сондай-ақ
қарапайым   пайдаланушы   үшін   МҚ-дағы   ақпаратты   өңдеуді   түсіну   мен
орындаудың   қиындығы.   Бұған   қоса,   мәліметтердің   желілік   моделінде
жазбалардың   арасында   еркін   түрдегі   байланыстардың   орнау   мүмкіндігінің
салдарынан байланыстардың біртұтастығына қатысты бақылау әлсірейді. 
Мәліметтер   қорының   иерархиялық   және   желілік   модельдерінде
физикалық көрсеткіштерді пайдалану, мәліметтерді өңдеудің жылдамдығын
едәуір арттыра түсті. Сонымен бірге, бұл модельдерде мәліметтердің өзара
байланыстарының   біртұтастығын   сақтауға   қатысты   елеулі   кемшіліктер
анықталды. Байланыстардың біртұтастығының сақталуын бақылау ата-тегсіз
ұрпақ болмайды деген ұстанымды сақтауға негізделген. Мәліметтер қорына
өзгертулер   енгізген   жағдайда   байланыстарды,   физикалық   көрсеткіштерді
қайтадан   анықтау   қажеттігі   туындайды,   бұл   үлкен   қиындықтармен,
пайдаланушының   уақыты   мен   күш-жігерінің   шығындарымен   байланысты
болады. 
4-ДӘРІС. Реляциялық модель.  Реляциялық алгебра
Қарастырылатын сұрақтар: 

Реляциялық модель. 

Атрибут (өріс, бағана). 

Кортеж (жазба, жол). 

Қатынас (кесте). 

Нормаль формалар. 
Код   Иванов   ...      ...
Инженер      Ставка       ...
Код  Петров  ...  ...


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау