Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет5/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64

жеткізушілер   мен   тапсырыс   берушілермен   есеп   айыру,   бухгалтерлік   есеп
және т.б.
Мәліметтер банкі АЖ-ның бір түрі болып табылады, мұнда бір немесе
бірнеше   мәліметтер   қорына   ұйымдастырылған   ақпаратты
орталықтандырылған   түрде   сақтау   мен   жинаудың   қызметтері   жүзеге
асырылған. 
Мәліметтер   банкі   (МБ)   жалпы   жағдайда   келесі   компоненттерден:
мәліметтер   қорынан   (бірнеше   қорынан),   мәліметтер   қорын   басқару
жүйесінен,   мәліметтер   сөздігінен,   әкімшіден,   есептеу   жүйесі   мен   қызмет
көрсетуші   персоналдан   тұрады.   Аталған   компоненттер   мен   солармен
байланысты маңызды түсініктерді қысқаша түрде қарастырып кетейік. 
Мәліметтер  қоры  (МБ)  есептеу  жүйесінің  жадында  сақталатын  және
объектілер   мен   қарастырылып   отырған   пәндік   салада   олардың   өзара
байланысының   жағдайын   бейнелейтін,   арнайы   түрде   ұйымдастырылған
мәліметтердің жиынтығы болып табылады. 
Қорда   сақталатын   мәліметтердің   логикалық   құрылымы   мәліметтерді
кейіптеудің   моделі   деп   аталады.   Мәліметтерді   кейіптеудің   негізгі
модельдеріне (мәліметтер моделіне) келесілер жатады: иерархиялық, желілік,
реляциялық, постреляциялық, көпөлшемді және объектілі-бағытталған. 
Мәліметтер   қорын   басқару   жүйесі   (МҚБЖ)   дегеніміз   –   бұл   МҚ-ны
құруға,   енгізуге   және   оны   көптеген   пайдаланушылардың   бірлесе   отырып
пайдалануына   арналған   тілдік   және   программалық   құралдардың   кешені.
Әдетте МҚБЖ мәліметтердің қолданылатын моделі бойынша ажыратылады.
Мысалы, реляциялық мәліметтер қорын пайдалануға негізделген МҚБЖ-лар
реляциялық МҚБЖ-лар деп аталады. 
Алғашқы МҚБЖ-ларға келесілер жатады: IMS (IBM, 1968 ж.),   IDMS
(Cullinet, 1971 ж.),  ADABAS (Software AG, 1969 ж.)  және ИНЭС (КСРО АҒ
ВНИИСИ,   1976   ж.).   Қазіргі   заманғы   мәліметтер   қорын   басқару   жүйелері
мыңдап саналады. 
Қосымша   дегеніміз   қолданбалы   міндеттер   үшін   ақпаратты   өңдеуді
автоматтандыруды   қамтамасыз   ететін   программа   немесе   программалар
кешені болып табылады. Біз МҚ-н пайдаланатын қосымшаларды қарастырып
отырмыз. Қосымшалар МҚБЖ ортасында немесе одан тыс ортада – МҚ-ға
қол жеткізу құралдарын, мысалы, Delphi немесе С++  Builder пайдаланатын
программалау   жүйесінің   көмегімен   құрылуы   мүмкін.   МҚБЖ   ортасында
жасалған қосымшалар көбінесе МҚБЖ қосымшалары деп, ал МҚБЖ-дан тыс
ортада жасалған қосымшалар сыртқы қосымшалар деп аталады. 
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін көбінесе  МҚБЖ  құралдарын
қолданған   жеткілікті   болады   және   өздерін   құруға   программалауды   қажет
ететін   қосымшаларды   пайдаланудың   қажеті   болмайды.   Қосымшалар
негізінен біліктілігі жоқ пайдаланушыларға МҚ-мен жұмыс істеу ыңғайлы
болуы   үшін   немесе   МҚБЖ   интерфейсі   пайдаланушыларды
қанағаттандырмаған жағдайларда жасалады. 
Мәліметтер   сөздігі   (МС)   мәліметтердің   құрылымы   туралы,   МҚ
файлдарының   өзара   әрекеттері   туралы,   мәліметтердің   типтері   мен   оларды
ұсынудың   форматтары   туралы,   мәліметтердің   пайдаланушылардың
меншігіне жатуы, қорғау және қол жеткізуді шектеу кодтары және т.б. туралы


ақпаратты   орталықтандырылған   түрде   сақтауға   арналған   МҚ   ішкі   жүйесі
болып табылады. 
Функционалды   түрде   МС   барлық   МБ-ларда   болады,   алайда   осы
қызметтерді атқаратын компонент әрдайым дәл сондай атқа ие бола бермейді.
Көбінесе   МС   қызметін   МҚБЖ   орындайды   және     олар   жүйедегі   негізгі
менюден   шақыртылып   немесе   соның   утилиталары   арқылы   жүзеге
асырылады.
Мәліметтер   қорының   әкімшісі   (МҚӘ)   дегеніміз   –   МҚ-ға   қатысты
талаптарды даярлау ісіне, оны жобалауға, құруға, тиімді түрде пайдалануға
және ілесіп жүруге жауап беретін тұлға немесе тұлғалар тобы. Пайдалану
барысында МҚӘ әдетте ақпараттық жүйенің жұмысын қадағалайды, рұқсат
етілмеген   қол   жеткізуден   қорғауды   қамтамасыз   етеді,   МҚ-да   сақталатын
ақпараттың   көптігін,   қарама-қайшылықсыздығын,   сақтанымдылығы   мен
дәйектілігін бақылайды. Бір пайдаланушыға арналған ақпараттық жүйелерде
МҚӘ   қызметтері,   әдетте   тікелей   МҚ   қосымшаларымен   жұмыс   істейтін
тұлғаларға жүктеледі. 
МҚӘ есептеу желісінде, әдетте, желінің әкімгерімен өзара әрекеттеседі.
Соңғысының   міндеттеріне   желінің   аппараттық-программалық   байланыс
құралдарының   жұмысын   бақылау,   желіні   қайта   құру,   тоқтап   қалулар   мен
істен шығулардан   кейінгі программалық қамтуды қалпына келтіру, алдын-
алу   шаралары   мен   қол   жеткізудің   бөлініп   шектелуін   қамтамасыз   ету   ісі
жатады. 
Есептеу жүйесі (ЕЖ) өзара байланысқан және келісілген түрде әрекет
ететін   ЭЕМ-дердің   немесе   процессорлар   мен   өзге   де   құрылғылардың
жиынтығы   болып   табылады,   ол   ақпаратты   қабылдау,   өңдеу   мен   оны
пайдаланушыларға ұсыну процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
МБ-ның   негізгі   қызметтеріне   мәліметтерді   сақтау   мен   өңдеу   ісі   жататын
болғандықтан, қолданылатын ЕЖ орталық процессорлардың (ОП) оңтайлы
қуаттылығымен қатар тікелей қол жеткізудің жеткілікті көлемдегі жедел және
сыртқы жады болуы тиіс. 
Қызмет   көрсетуші   персонал   техникалық   және   программалық
құралдарды жұмысқа қабілетті қалпында ұстап отыру қызметін орындайды.
Ол жоспар бойынша, сондай-ақ қажетінше алдын-алу, регламенттік, қалпына
келтіру және өзге де жұмыстарды атқарады. 
Ақпараттық   жүйенің   архитектурасы.Ақпараттық   жүйенің   (АЖ)
тиімді қызмет етуі көп жағдайда оның архитектурасына байланысты. Қазіргі
уақытта клиент-сервер архитектурасының болашағы зор болып отыр. Оның
жеткілікті  түрде  таралған  нұсқасында   компьютерлік  желі  мен  үлестірілген
мәліметтер қоры болады, соңғысында корпоративтік мәліметтер қоры (КМҚ)
мен дербес мәліметтер қоры (ДМҚ) орналасады. КМҚ компьютер-серверде
орналасады,   ДМҚ   корпоративтік   МҚ   клиенті   болып   табылатын   бөлімдер
қызметкерлердің компьютерлерінде орналасады. 
Компьютерлік желідегі белгілі бір ресурстың сервері деп осы ресурсты
басқаратын   компьютер   (программа)   аталады,   ал   клиент   деп   осы   ресурсты
пайдаланатын   компьютер   (программа)   аталады.   Компьютерлік   желінің
ресурсы   ретінде   мысалы,   мәліметтер   қоры,   файлдық   жүйелер,   баспа


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау