6
М
әлі
ме
тте
р
қо
ры
ны
ң
ба
сқ
а
мо
де
ль
де
рі
По
ст
ре
ля
ци
ял
ық
мо
де
ль.
Кө
пө
лш
ем
ді
мо
де
ль.
Н
ыс
ан
ды
-
ба
ғы
тт
ал
ға
н
Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы.
Мәліметтер
қорын берудің
деңгейлері:қолданушылық деңгей,
концептуальдық деңгей, физикалық деңгей.
Мәліметтер қорының физикалық және логикалық
тәуелсіздігі. Мәліметтер қорына басшылық жасау.
Мәліметтер
қорын жоспарлау, жобалау, жасау
және іске қосу кезеңдеріндегі мәліметтер қоры
әкімшілігінің негізгі қызметтері.
3
3
10
7 Мәліметтер қорын жобалау.
Мәліметтер қоры құрылымына,
әкімшілік
жасаудың модельдері, әдістері және
программалық құралдары. Мәліметтер
тұтастығын бақылау. Мәліметтер қорында
ақпараттарды қорғау.
3
2,5
15
8 Мәліметтер қорын программалық жабдықтау.
Жүйелік және пайдаланушылық құралдар.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ).
МҚБЖ тілдік құралдары. SQL тілі.
Жоғарғы
деңгейдегі программалау тілдердін пайдаланып
мәліметтер қорын программалау.
3
15
15
БАРЛЫҒЫ
22,5
15
7,5
90
7 Дәрістер мазмұны
ГЛОССАРИЙ
Атрибут – мәннің атауы бар сипаттамасы. Оның атауы қандай да бір
нақты мән түрі үшін уникалды болуы тиіс, бірақ, мәндердің түрлі типтері
үшін бірдей бола алады (мысалы түс мәндердің бірнеше түрлері үшін
анықтала алады). Атрибуттар мән жайлы қандай ақпарат жиналуы тиіс екенін
анықтау үшін қолданылады.
Байланыс – бір немесе бірнеше мәнді ассоциациялау болып
табылады. Егер мәліметтер қоры тек қана жеке, өзара байланыспаған
мәліметтерді сақтауға арналған болса, онда оның құрылымы өте қарапайым
болушы еді.
Домен – бір типті көптеген атомарлы ұғымдарды айтамыз. Егер де екі
атрибуттың мағынасы бір доменнен алынса, онда осы екі атрибутты
қолданатын салыстырудың мағынасы бар. Ал егер де екі атрибуттың
мағынасы әртүрлі домендерден алынса, онда оларды салыстыру ешқандай
мағына бермейді.
Жазба - өрістердің атауы бар жиынтығы. Атрибуттардың жиынтығын
көрсету үшін қолданылады.
Кілт –олардың мәндері арқылы керекті мән экземплярын бірмәнді
табуға болатын, атрибуттардың минималды жиыны. Минималдылық
жиыннан кез келген атрибутты шығару қалғандары бойынша мәнді
идентификациялау мүмкіндігін жоятынын білдіреді.
Қатынас – Кесте (кей кезде файл, кортеж - жол) (кей кезде жазба),
атрибут – баған, өріс. Бұл жағдайда «жазба» «жазба экземплярын», ал «өріс»
- «өрістің аты мен типін» білдіреді деп алынады.
Қатынас дәрежесі – бұл оның атрибуттар саны. 1-ге тең қатынас
дәрежесі унарлы, 2-ге - бинарлы, 3-ке – тирнарлы,
n дәрежесі – n-арлы деп
аталады.
Кардинарлы сан немесе қатынас қуаты – бұл оның кортеждер саны.
Қатынастың кардинарлы саны оның дәрежесіне қарағанда уақыт бойынша
өзгереді. Өйткені, қатынас – бұл жиын, ал жиындар анықтама бойынша
бірдей элементтері болмайтындықтан, ешқандай екі қатынас кортежі кез
келген еркін берілген уақыт моментінде бір-бірінің дублекаты бола алмайды.
Мәлімет элементі (өріс) - мәліметтеттің атауы бар ең кіші бірлігі.
Атрибуттың мәнін көрсету үшін қолданылады.
Мәліметтер агрегаты – тұтастай қарастыруға болатын жазба ішіндегі
атауы бар мәлімет элементтерінің жиынтығы.
Мән - ол туралы мәліметті мәліметтер қорында сақтау қажет болатын
кез келген ажыратылатын объект (біз басқалардан ажырата алатын объект).
Мәндер болып адамдар, ұшақтар, рейстер, дәм, түс және т. б. бола алады.
Мән түрі және мән экземпляры сияқты ұғымдарды ажырата білу керек.
Транзакциялар - мәліметтер қорымен жүргізілетін амал бірлігі.
Транзакциялар құрамына МҚ өзгертудің бірнеше операциялары кіруі мүмкін.
Бірақ бұл оператордың немеме барлығы орындалады немесе ешқайсысы
орындалмайды.
Файл – бір типті жазба даналарының атауы бар жиынтығы. Біртекті
шынайылық жиынтығын корсету үшін пайдаланылады.
Файлдар жиынтығы – жүйеде өңделетін файлдардың атауы бар
жиынтығы. Бірнеше сущ жиынтығын көрсету үшін қолданылады.
1-ДӘРІС. Кіріспе
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Мәліметтер қорының пайда болу және даму тарихы.
2. Файлдық
құрылым мәліметтері
3. Мәліметтер қорының – объектілі-бағдарланган мәліметтер қорының,
білім қорының дамуы және болашағы.
4. Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар.
5. Мәліметтер қорының анықтамасы.
6. Ақпарат және мәліметтер қоры
Мәліметтер қоры ақпараттық технологияда үлкен роль атқарады және
үлкен көлемді ақпараттарды автоматты түрде өңдеудің маңызды құралы
болып табылады. Мәліметтер қоры мәліметтермен жұмыс істейтін
қарапайым және ыңғайлы құрал және өндірістің әр түрлі салаларында
қолданылады. Мәліметтер қорының мүмкіндіктері мәліметтер қорының
реляциялық жүйесі теориялық тұрғыдан жасалынып және жүзеге
асырылғаннан кейін едәуір артты.
Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры мен білім қорының жүйесі кең
көлемде таралымға ие болып отыр. Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры
реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері шеше алмайтын қиын
есептерді шеше алады. Білім қорларындағы мәліметтер қорының реляциялық
жүйелерінде мәліметтерден аса жоғарғы деңгейдегі ақпараттарды алуға
мүмкіндік беретін предикаттарды есептеу логикасы қолданылады.
Есептеу желілерінің дамуы үлестірілген мәліметтер қорының ролін
арттырып отыр. Клиент/сервер технологиясы мәліметтерге
орталықтандырылған қол жеткізу және басқарумен үлестірілген мәліметтерді
өңдеуді білдіреді.