Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет17/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64

Көпөлшемдік модельдің негізгі ұғымдарына өлшем мен ұяшық жатады.
Өлшем   дегеніміз   –   бұл   гиперкуб   қырларының   бірін   құрайтын   бір   типтік
мәліметтердің   жиыны.   Көптеген   жағдайларда   келесі   уақыттық   өлшемдер:
күндер,   айлар,   тоқсандар,   жылдар   қолданылады.   Сонымен   қатар
географиялық   өлшемдер:   қалалар,   аудандар,   аймақтар,   елдер   және   т.б.
пайдаланылады.  Ұяшық дегеніміз  – өлшем мәндерінің белгіленген  жиыны
бір мәнді анықталған өріс. 
Мәліметтер   қорының   көпөлшемдік   моделінде   бірақатар   арнайы
амалдар қолданылады: қиындыны құрастыру, айналдыру, агрегациялау және
детализациялау.   Қиынды   бір   немесе   бірнеше   өлшеулерді   белгілеу   арқылы
алынатын   гиперкубтың   ішкі   жиыны.   Қиындыны   құрастырған   соң   біз   сол
арқылы гиперкубтың белгілі бір шектелген бөлігіне ауысамыз. 
Айналдыру өлшеулердің орналасу тәртібін өзгерту үшін қолданылады. 
Агрегациялау   мен   детализациялау   сәйкесінше   пайдаланушыға
мәліметтердің   көпөлшемді   моделінің   басты   артықшылығы   сол   уақытпен
байланысты мәліметтердің үлкен көлемдерін талдамалық өңдеудің ыңғайлы
және   тиімді   болуы.   Ұқсас   мәліметтерді   реляциялық   модельге   негізделген
өңдеуді   ұйымдастыру   барысында   МҚ   өлшемділігіне   байланысты
әрекеттердің   еңбек   сыйымдылығы   сызықтық   емес   түрде   өседі   және
индексацияға жұмсалатын жедел жады шығыны елеулі түрде артады. 
Мәліметтердің   көпөлшемдік   моделінің   кемшілігі   –   ол   ақпаратты
әдеттегі жедел өңдеудің қарапайым міндеттері үшін тым орасан зор болып
келуінде.
Мәліметтердің   көпөлшемді   модельдерін   қолдайтын   жүйелердің
мысалдары: Essbase (Arbor Software),  Media Multi-matrix (Speedware), Oracle
Express   Server   (Oracle)   және   Cache   (InterSystems).   Кейбір   программалық
өнімдер,   мысалы,     Media/MR   (Speedware)   бір   мезгілде   көпөлшемді   және
реляциялық МҚ-лармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мәліметтердің ішкі
моделі көпөлшемді модель болып табылатын Cache МҚБЖ-да мәліметтерге
қол   жеткізудің   үш   тәсілі   жүзеге   асырылған:   тікелей   (көпөлшемді
массивтердің тораптары деңгейінде), объектілі және реляциялық.
Объектілі-бағытталған   модель.  Бұл   модельдің   негізін   объектілі-
бағытталған   программалаудың   идеялары   мен   принциптері   (ұстанымдары)
құрайды.   Объектілі-бағытталған   МҚ-ның   логикалық   құрылымы   сырттай
иерархиялық МҚ-ның құрылымына ұқсас болып келеді. Олардың бір-бірінен
негізгі   айырмашылығы   –   мәліметтерді   манипуляциялау   әдістерінде.
Мәліметтер   қорының   объектілі-бағытталған   моделі   өзара   күштің
байланысқан мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер мен
оларды   өңдеуден   өткізу   әдістерінің   арасында   программалаудың   объектілі-
бағытталған тілдеріндегі сәйкес құралдарға ұқсас механизмдердің көмегімен
өзара байланыстар орнайды. Объектілердің қасиеттері тек real, char және сол
сияқты   стандартты   типтермен   ғана   емес,   сондай-ақ   пайдаланушылардың
өздері жасайтын типтермен де сипатталуы  мүмкін. Класстар  деп аталатын
бұл типтер көптеген объектілерді құруға арналған шаблон (қимаүлгі) болып
табылады.   Class   типінің   мәні   болып   табылатын   объектілер   осы   класстың
даналары деп аталады, мысалы, келесі суретте көрсетілгендей (1.6-сурет).


1.6-сурет. Объектілі-бағытталған модельдегі жазбаларды байланыстыру
Класстардың негізінде инкапсуляция, мұра етіп алу және полиморфизм
деген үш іргелі ұстаным жатыр. 
Инкапсуляция   нысанды   өзге   класстардың   объектілерінен   оқшаулауы,
оның   қасиеттерінің   көрінуін   шектейді.   Қасиеттің   мәні   сол
инкапсуляцияланған нысанмен анықталады.
Мұра етіп алу, керісінше, аталық объектінің қасиеттерін оның барлық
ұрпақтарына таратады. 
Полиморфизм   әртүрлі   кластағы   объектілерде   атаулары   бірдей
қызметтер мен өңдеу процедураларын (әдістерін) қолдануға жол ашады. 
Мәліметттермен әрекеттерді орындау үшін қарастырылып отырған МҚ
моделінде   инкапсуляция,   мұра   ету   және   полиморфизмнің   объектілі-
бағытталған механизмдерімен күшейтілген логикалық амалдар қолданылады.
SQL командаларына (мысалы, МҚ құру үшін) ұқсас амалдар шектелген түрде
қолданылуы мүмкін. 
МҚ   құру   және   модификациялау   мәліметтерді   жылдам   іздестіруге
арналған ақпаратты қамтыған индекстерді (индекстік кестелерді) автоматтты
түрде   қалыптастыру   мен   кейінгі   түзетулерді   жүзеге   асырумен   ілесе
жүргізіледі. 
Мәліметтердің объектілі-бағытталған моделінің реляциялық модельмен
салыстырғандағы   негізгі   артықшылығы   –   объектілердің   күрделі   өзара
байланыстары   туралы   ақпаратты   бейнелеу   мүмкіндігі.   Мәліметтердің
объектілі-бағытталған   моделі   мәліметтер   қорының   жеке   жазбасын
идентификациялап,   оларды   өңдеуден   өткізудің   қызметтерін   анықтауға
мүмкіндік береді. 
Объектілі-бағытталған   модельдің   кемшілігі   –   түсінудің   жоғары
деңгейдегі қиындығы, мәліметтерді өңдеуден өткізудің ыңғайсыздығы және
сұраныстарды орындау жылдамдығының төмендігі. 
90-шы жылдары объектілі-бағытталған мәліметтер қорын басқару 
жүйелерінің тәжірибелік түп нұсқалары болған. Қазіргі кезде мұндай 
жүйелер кең таралымға ие болды, атап айтқанда оларға келесі МҚБЖ-лар: 
POET (POET Software), Jasmine (Computer Associates), Versant (Versant 
Orders
Onum                  Integer
Amount               Real
Data                    Date
Customers           Class
Salespeople         Class
Customers
Cnum      Integer
Cname         Char
City       Char
Salespeople
Snum             Integer
Sname           Char
City               Char
Manager        Integer


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау