Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет8/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64

компьютерде   мәліметтерді   басқару   (үлестірілген   МҚ   моделі),   ақпаратты
өңдеуден өткізу (үлестірілген қызмет моделі), ақпаратты ұсыну (үлестірілген
ұсыну моделі) қызметтерінің біреуі орындалады. 
Алдымен аса кең тараған трүлері ретінде мәліметтерге қол жеткізу мен
қашықтан ұсыну (МҚ серверін) модельдерін қарастырып кетейік. 
Мәліметтерге қашықтан қол жеткізу моделінде (Remote Data Access –
RDA),   ақпаратты   ұсыну   қызметтері   мен   қолданбалы   өңдеудің   логикасын
жүзеге   асыратын   программалар   біріктірілген   компьютер-клиенте
орындалады.   Мәліметтерді   басқару   сервисіне   жүгіну   ісі   операторлардың
көмегімен   SQL   тілінің   операторлары   арқылы   немесе   API   (Application
Programming   Interface   –   қолданбалы   программалау   интерфейсы)   арнайы
кітапхананың қызметтерін шақырту арқылы орындалады. 
RDA-моделінің негізгі артықшылығы – SQL-интерфейстері бар дайын
МҚБЖ-лардың   көптеп   болуы   және   клиенттік   бөлік   программаларының
жылдам түрде құрылуын қамтамасыз ететін аспаптық құралдардың болуы.
Жасау   құралдары   көбінесе   MS   Windows-те   пайдаланушының   графикалық
интерфейсін, ODBC интерфейсінің стандартты мен кодты автоматты түрде
генерациялау құралдарын қолдайды. Жасау құралдарының басым көпшілігі
төртінші буынның тілдерін пайдаланады.
RDA-моделінің   кемшіліктері   біріншіден,   барлық   логика   қосымшада
шоғырланып,   өңдеуден   өткізілетін   мәліметтер   қашықтағы   торапта
орналасқандықтан   мәліметтерді   беру   жүйесі   жоғары   дәрежеде
жүктемеленгендігі болып табылады. Қосымшалардың жұмыс істеуі кезінде
желі арқылы әдетте тұтастай МҚ-лар беріледі. 
Екіншіден,   RDA   моделіне   негізделуімен   құрылған   жүйелер   өздерін
жасау, өзгерту және ілесе жүру жағынан ыңғайсыз болып келеді. Оның негізгі
себебі   –   алынатын   қосымшаларда   қолданбалы   қызметтер   мен   ұсыну
қызметтері өзара тығыз байланысқан. Сол себептен жүйенің қызметі шамалы
ғана өзгергеннің өзінде оның бүкіл қолданбалы бөлігін өзгерту қажет болады,
бұл жүйені жасау мен модификациялауды қиындатады. 
МҚ серверінің моделінің (DataBase Server – DBS) алдыңғы модельден
айырмашылығы   –   компьютер-клиенттің   қызметтері   ақпаратты   кейіптеу
қызметтерімен   шектеледі,   ал   қолданбалы   қызметтер   компьютер-серверде
орналасқан   қосымшамен   қамтамасыз   етіледі.   Бұл   модель   RDA-модельге
қарағанда аса технологиялық болып табылады және Ingress мен Oracle тәрізді
МҚБЖ-ларда   қолданылады.   Бұл   жағдайда   қосымшалар   сақталатын
процедуралар түрінде орындалады. 
Процедуралар әдетте МҚ сөздігінде сақталады және оларды бірнеше
клиенттер бөліседі. Жалпы жағдайда сақталатын процедуралар компиляция
мен интерпретациялау режимдерінде орындалады. 
DBS моделінің артықшылығы жасау, ілесе жүру және модификациялау
кезеңдерінде   қосымшаларды   орталықтандырылған   түрде   жақсы   әкімшілік
ету   мүмкіндігі,   сондай-ақ   есептеу   және   коммуникациялық   ресурстарды
тиімді   пайдалану   болып   табылады.   Соңғысына   программаларды   ұжымдық
пайдалану режимінде орындау ісінің мәліметтерді желімен жіберуге едәуір аз
шығындарды қажет ететінімен қол жеткізіледі. 


DBS моделі кемшіліктерінің бірі – сақталатын процедураларды жасау
құралдарын   шектеумен   байланысты.   Негізгі   шектеу   –   операторлардың
сақталатын   процедураларды   нақтыМҚБЖ-ға   күштілеп   байланыстыруы.
Сақталатын процедураларды жазу тілі SQL тілінің процедуралық кеңейтілуі
болып   табылады   және   өзінің   мағыналық   құралдары   мен   қызметтік
мүмкіндіктері   бойынша   С   және   Pascal   тәрізді   үшінші   буындағы   дәстүрлі
тілдермен   бәсекелесе   алмайды.   Сонымен   қатар   көптеген   МҚБЖ-ларда
сақталатын процедураларды баптап реттеу мен тестілеудің қанағаттанарлық
құралдары   жоқ,   бұл   олардың   механизмін   қауіпті   құралға   айналдырады   –
реттелмеген   программалар   МҚ-ның   қателесуіне,   жүйенің   жұмысы   кезінде
серверлік және клиенттік программалардың текке тұрып қалуына және т.б.
әкеп соқтыруы мүмкін. 
DBS-моделінің   тағы   бір   кемшілігі   –   ЭЕМ-ның   есептеу   ресурстарын
пайдалану   тиімділігінің   төмен   болуы,   себебі   компьютер-сервердің
программаларына   қатысты   сұраныстардың   кіру   ағынын   басқару   ісін
ұйымдастыруды,   сондай-ақ   процедуралардың   өзге   компьютер-серверлерге
ауысуды қамтамасыз ету мүмкін емес.
Үлестірілген түрде ұсыну моделінде қуатты компьютер-сервер бар, ал
жүйенің клиенттік бөлігі төмендеп кеткен. Клиенттік бөліктің қызметі жай
ғана ақпаратты монитордың экранында көрсету және негізгі компьютермен
жергілікті желі арқылы байланысы болып табылады.
Осы тектес МҚБЖ-лар бұлайша айтқанда Х-терминалдардың жұмысын
қолдайтын   желілерде   орын   алуы   мүмкін.   Оларда   негізгі   компьютер   (хост-
машина)   бірнеше   Х-терминалдарға   қызмет   көрсету   үшін   жеткілікті
мөлшердегі   қуаттылыққа   ие   болуы   тиіс.   Х-терминалдың   да   жеткілікті
дәрежеде жылдам жұмыс істейтін процессоры  және жеткілікті мөлшердегі
жедел   жады   болуы   тиіс   (дискілік   жинақтағыштары   жоқ).   Көбінесе   Х-
терминалдарды   RISC-компьютерлер   (restricted   [reduced]   instruction   set
computer)-командалардың   қысқартылған   жинағынан   тұратын   компьтерлер
негізінде   құрылады.   Бүкіл   программалық   қамтамасыз   ету   хост-машинада
орналасқан.   Ұсынуды   басқару   қызметтерімен   желілік   қызметтерді
орындайтын   Х-терминалды   программалық   қамтамасыз   ету   Х-терминал
қосылған кезде желі арқылы серверден жүктеледі. 
Үлестірілген түрде ұсыну моделі кіші, орташа және үлкен ЭЕМ-дарда
жұмыс   істеген   алғашқы   буындағы   МҚБЖ-ларға   ие   болған   болатын.   Х-
терминалдар   рөлінде   дисплейлік   станциялар   мен   абоненттік   пунктер
(жергілікті   және   қашықтағы)   қызмет   етті.   Бұл   жағдайда   ақпаратты   ұсыну
қызметтерінің   негізгі   бөлігін   МҚБЖ-лардың   өздері   орындады,   ал
пайдаланушының терминалдарында бейнелерді соңғы деңгейде құрастыру ісі
шеткі құрылғыларда орындалды.
Үлестірілген   ұсыну   моделі   бойынша   МҚ   пайдаланушыларына
гетерогендік   (біртекті   емес)   ортада   қызмет   көрсету   жүйелері   құрылған.
Мұндай   жүйелердің   серверлік   бөлігі   әдетте   қандай   да   бірегейлендірілген
интерфейсті   қамтамасыз   етеді,   ал   клиенттік   бөліктері   шеткі   құрал-
жабдықтың ерекшелігін немесе ақпаратты ұсынудың бір форматын өзге бір
форматқа   түрлендіру   ерекшелігін   ескеру   қызметтерін   орындайды.
Үлестірілген   ұсыну   моделі   есептеу   ресурстарын   басқарудың


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау