1.15-сурет. Атрибуттар мен қатынастарды мұраға алу
Қомақты мәліметтердің қорын жобалау кезінде жасаушылардың
әртүрлі топтары қатыстырылуы мүмкін, олар мәліметтердің жалпы қорының
шектелген бөлігінің кейіптемесі болып табылатын мәліметтердің бірнеше
моделін құрайды. Бұл модельдерді мәліметтердің бір ғана тұғырнамалық
моделіне біріктіру қажеттілігі туындайды. Модельдерді біріктіру процесіне
артық, қайталана беретін объектілі жиындарды, қатынастар мен
атрибуттарды жою, сондай-ақ мәліметтердің кейіптемесін анықтайтын жаңа
қатынастарды анықтау арқылы анықтау жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Мәліметтер қорының құрылымы мәліметтердің берілуінің қай
деңгейінде сипатталады?
2. Мәліметтердің берілуінің қандай деңгейі тасымалдағыштағы
мәліметтердің орналасу тәсіліне сәйкес?
3. МҚ берілуінің қанша деңгейі бар?
4. Пайдаланушы деңгейінде мәліметтер қоры қандай түрге ие болады?
Әдебиеттер:
1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры
және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.
2. Глушаков С.В., Ломотько Д.В. Базы данных.-Харковь: Фолио;
М.:ООО «Издательство АСТ», 2002.
3. Хомоненко А. Д., Цыганков В. М., Мальцев М. Г. Базы данных.
Учебник для высших учебных заведений. Под редакцией проф. А. Д.
Хомоненко. – Санкт-Петербург: «КОРОНА принт», 2000 г
7-ДӘРІС. Мәліметтер қорын жобалау.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Мәліметтер қоры құрылымына әкімшілік жасаудың модельдері,
әдістері және программалық құралдары.
-
Мәліметтер тұтастығын бақылау.
-
Мәліметтер қорында ақпараттарды қорғау.
компания
адам
Жұмыс
істейді
бойдақ
үйленген
нақтылау
Есімі
Мекен
-жайы
Туған
жылы
зайыбы
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердегі жалпыға
арналған программалық қамтамасыз ету мәліметтер қорын басқару жүйесі
(МҚБЖ) деп аталады. Мәліметтер қорын басқару жүйелері – бұл мәліметтер
қорын құруға, енгізуге және өңдеуден өткізуге арналған тілдік және
программалық құралдардың кешені.
Әлемде МҚБЖ-ның 1000-нан астам түрі бар. Мәліметтер қорын
басқарудың әр алуан жүйелері мәліметтердің әр түрлі модельдерін
пайдаланады. Мәліметтер қорының әр түрлі модельдеріне негізделген
МҚБЖ-лардың мысалдарына төмендегілер жатады:
Иерархиялық модель – IMS PC/Focus, Team-UP, Data Edge;
Желілік модель- IDMS, db-Vista III;
Реляциялық модель - Dbase, DB2(IBM), FoxBase және FoxPro (Fox
Software), Paradox, Dbase for Windows жәнеInterBase (Borland), Visual FoxPro
және Access (Microsoft), Clarion (Clarion Software), Ingress (ASK Computer
Systems), Oracle (Oracle), Informix;
Постреляциялық модель - Bubba, DasDb;
Көпөлшемді модель - EssBase (Ardor Software), Media Multi-matrix
(Speedware), Oracle Express Server (Oracle), Cache (InterSystems);
Объектілі бағытталған модель – POET( POET Sofyware),Jasmine
(Computer Associates), Versant (Versant Technologies), 02 (Ardent software), Iris,
Orion, Postgress,ODB-Jupiter.
Мәліметтер қорының сервері ретінде келесі МҚБЖ-ларболуы мүмкін:
NetWare SQL (Novell), MS SQL Server (Microsoft), InterBase (Borland),
SQLBase Serve (Gupta), Intelligent DataBase (Ingress), Oracle, Informix
көптеген пайдаланушыларға арналған МҚБЖ болып табылады, ол текті емес
ортада жұмыс істейді (әртүрлі ЭЕМ мен ЖЖ).
МҚБЖ-ның негізгі қызметіне келесілер жатады:
-
мәліметтерді құру және бақылау;
-
мәліметтерді қорғау және бақылау;
-
көптеген пайдаланушылардың мәліметтерге қол жеткізуі;
-
пайдаланушыға мәліметтерді манипуляциялау мүмкіндігін ұсыну;
-
қолданбалы программаларды құру мүмкіндігі.
Мәліметтерді құру мен бақылау мәліметтер сөздігінің көмегімен
орындалады. Мәліметтердің сөздік/каталогы мәліметтердің құрылымы,
мәліметтердің типтері, оларды ұсыну форматтары, мәліметтердің өзара
байланысу сұлбалары, пайдаланушылар, мәліметтерді қорғау мен оларға қол
жеткізу кодтары туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтауға
арналған. Көбінесе сөздіктің қызметін МҚБЖ-лар орындайды және олар
жүйелік мәзірден шақыртылады немесе утилиттері арқылы орындалады.
Мысалы, Orion атты оқу мәліметтер қорының келесі түрдегі сөздігі болуы
мүмкін:
SYSTABLES NAMECREATORCOLCOUNT
Salespeople AGU 4
Customers AGU 3
Orders AGU 5
SYSCOLUMNS NAMETBNAME COLTYPE
Snum Salespeople Integer
Sname Salespeople Char
City Salespeople Char
Manager Salespeople Integer
Cnum Customers Integer
Cname Customers Char
City Customers Char
Onum Orders Char
Amount Orders Real
Date Orders Data
Cnum Orders Integer
Snum Orders Integer
Достарыңызбен бөлісу: |