Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет28/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64

Үлкен мәліметтер қорын формалар мен есептерді, кестелерді байланыстыра
отырып, бір де бір команда жазбай   құруға болады. Егер күрделі өте үлкен
мәліметтер   қорларын   құрсаңыз   Visual   Basic   программалау   тілін   қолдану
мүмкіндігі де бар. 
Microsoft Access МҚБЖ қолданыс облыстарына келесілерді жатқызуға
болады:

Кіші   бизнесте  (бухгалтерлік   есепте,   тапсырыстарды   енгізуде,
тұтынушылар жайлы ақпараттарды енгізгенде т.б);    

Үлкен   ұйымдарда  (жұмыс   топтарын   тіркейтін   қосымша,
ақпаратты өңдеу жүйесі);  

Жеке   МҚБЖ   ретінде    (адрестер   бойынша   көмекші   құрал,
кітаптар тізімі т.б ). 
Мәліметтер   қорымен   байланысты   негізгі   анықтамаларға   тоқталып
өтейік:
Мәліметтер   қоры   (МҚ,   data   base,   DB)  –   МҚБЖ   басқаратын,   өзара
байланысқан мәліметтер жиыны. 
Қарапайым тілмен атйқанда мәліметтер қоры жазулар мен файлдардың
белгілі бір ретпен реттелген жиыны. 
Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ, DBMS)  – мәліметтер
қорының физикалық және логикалық құрылымына анықтама беретін, ақпарат
енгізуді және оны өңдеуді қамтамасыз ететін программалық жүйе. 
МҚБЖ   негізгі   3   функцияға   ие:   мәліметтерді   анықтау,   мәліметтерді
өңдеу, мәліметтерді басқару. 
Мәліметтерді анықтау.  Мәлімететр қорында сақталатын ақпараттың
типі,   құрылымы,   олардың   арасындағы   байланыс,   тексеру   критерийлері
анықталады.
Мәліметтерді   өңдеу.    Мәліметтерді   әр   түрлі   тәсілдермен   өңдеуге
болады: сұрыптауға, фильтрлеуге т.б. Басқа да байланысқан ақпараттармен
біріктіруге, қорытынды мәндерін есептеуге болады. 
MS Access  МҚБЖ негізгі объектілері
Ассess-те ақпаратты сақтаудың көптеген түрі бар. Осы МҚБЖ жұмыс
жасағанда қолданылатын негізгі объектілер келесілер: 
Кесте._МҚ_негізгі_объектісі'>Кесте.   МҚ   негізгі   объектісі.   Кестеге   сүйене   отырып,   форма,   есеп,
сұраныстар құрылады. Бір МҚ бірнеше кестелер бола алады. 
Microsoft Access объектілері
Кесте
Сұраныс
Форма
Макрос
Есеп беру
Модуль


Форма.  Кей   жағдайда   әр   түрлі   жазуларда   сақталған   ақпаарттарды
енгізу қолайлы. Форма көмегімен кестедегі мәліметтердің қаншасын көргіңіз
келсе,   соны   көре   аласыз.   Формамен   жұмыс   жасағанда   кестедегі   барлық
ақпаратты   көре   аласыз   және   ол   көркем,   көрнекі   түрде   беріледі.   Мұнда
мәліметтерді енгізуге және жоюға болады. 
Есеп.   МҚ   жұмыс   жасағанда   керек   ақпаратты   баспаға   шығару   керек
болады.   Есепті   осы   кезде   қолданған   қолайлы.   MS  Access-те   есеп   көмегі
арқылы сұрыптау, есептеу, реттеу әрекеттерін жүргізуге болады. 
Сұраныс. MS Access-тегі сұраныс алдын-ала дайындалған сұрақ. Керек
мәліметтерді   қандай   да   бір   шартқа   байланысты   шығаруға,   сұрыптауға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныс құрғанда кейбір есептеулерді де
жүргізуге болады. 
Макрос.    Арнайы   тілде   жазылған   макрокомандалар   жиыны.     МҚ
жұмыс жасағанда дайын макрокомандаларды қолдану арқылы МҚ жүйелі ету
мүмкіндігі бар. 
Модуль – ақпаратты өңдеу процедураларының жиынтығы. 
Мәліметтер қорын  құру.  
MS Access  МҚ жүктегенде келесі терезе ашылады. Файл – Құру 
(Создать) – Жаңа МҚ (Новая БД) командасын орындаймыз:  (Сурет 1)
Сурет 1. MS Access Негізгі терезесі
1.
MS   Access   терезесінің   жоғарғы   жағындағы   бірінші   жол
Тақырып жолы. 
2.
Екінші жол Мәзір қатары . 
3.
Мәліметтер қоры (База данных)  тақтасы.
4.
Веб-торап тақтасы.
5.
Оң жақта Есептер облысы (Область задач) орналасқан. 


Мәліметтер   қорына   қорғаныс   орнатуға   болады.   Ол   үшін   құрған
мәліметтер   қорын   Файл   мәзірі   арқылы   ашу   терезесінде   Ашу   (Открыть)
батырмасының   қасындағы   бағыттауышқа   басып,   Монопольно   командасын
таңдаймыз.   МҚ   ашқан   соң,     Сервис   –   Қорғаныс   (Защита)   –   Пароль   құру
(Создать   пароль)   командасын   орындаймыз.   Парольді   осы   жерде   екі   рет
тереміз.   Енді   МҚ   жауып   қайта   ашқанда   бізден   пароль   сұрайды.   Бұл
қорғанысты қайта алып тастау үшін осы мәзірге қайта барамыз. 
Бақылау сұрақтары:
1.
Мәліметтер қоры дегеніміз не?
2.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз не?
3.
MS Access қандай мәліметтер қорына жатады?
4.
Негізгі объектілерін атаңыз. 
5.
Қандай тақталар бар?
Зертханалық жұмыс №2 
Тақырып:   “МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ”
Жаттығу:    объектінің     қалай   құрылатынын   анықтау,   өрістер
сипаттамаларын   енгізу,   өрістер   қасиетін   анықтау,     кестенің    құрылу
режимімен танысу мақсатында берілген  жаттығуларды орындаңыздар.
  Есеп   беру:      Сабақ   соңында   жаттығулар   нәтижесін   компьютерде
қорғау.
Лабораториялық жұмысты орындауға арналған әдімтемелік
нұсқаулар:
1 Мәліметтер типі және өріс қасиеттері
Әрбір  Access  мәліметтер   базасының   құрамында   бір   немесе
бірнеше кестелерден тұратын байланысқан объектілер суреттеледі. Өрістер
объектінің   атрибутына   немесе   қасиетіне   сәйкес   құрылады.   Әрбір   өріс   үш
элемент арқылы сипатталады:
1) Өріс (Поле – fіtld name) – өріс аты, кестеде қайталанбауы тиіс;
2) Мәліметтер типі (Тип данных – Data type) – өрістегі мәліметтер
типі;
3) Сипаттама (Описание – Descrіptіon) – өріс қызметіне түсініктеме
беру;
Access-тің ішінде 8 түрлі мәліметтер типі пайдаланылады, олар:
–   Мәтіндік   (Текстовой   –   Text)   –  ұзындығы  255   символға   дейінгі
мәтіндік информацияны сақтау үшін қажет;
–   МЕМО   өрісі   (Поле   МЕМО   –   Memo)   –  32000   символға   дейінгі
көлемдегі   мәтіндерді   сақтай   алады.  Оның   ерекшелігі   –   өрістегі
информациялар   басқа   бір   жерде   сақталып,   ал   өрістің   өзінде   сол
информациялардың   қайда   орналасқанын   анықтайтын   көрсеткіштер
сақталады;
– Сандық (Числовой – Number) –  сандық мәліметтерді сақтау үшін
қажет. Осы типтегі өрістің көлемін бірнеше нұсқалардан таңдауға болады:
бүтін,   көп   разрядты   бүтін,   жылжымалы   нүктелі.   Бүтін   сандар   -32768   бен
32767


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау