Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет21/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64

Реляциялық   МҚБЖ-ларда   мәліметтер   сөздігі   реляциялық   кестелер
жинағы түрінде сақталады. 
Сөздік/каталог   мәліметтердің   анықтамаларын   мәліметтердің   өзінен
бөлек   түрде   қолдауға   мүмкіндік   береді,   сол   арқылы   мәліметтердің
тұтастығын қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді қорғау мәліметтерге рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау
мақсатында   парольдауды,   кодтауды   (шифрлеу)   және   мәліметтердің
кейіптеулерін құруды қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді   деңгейіндегі   тұтастық   мен   қарама-қайшылықсыздық
мәліметтер элементтерінің мәніне шектеулер қоюмен, сондай-ақ мәліметтер
қорына   өзгерістер   енгізу   кезінде   резервтік   көшірмелерді   автоматты   түрде
құру арқылы қамтамасыз етіледі.
Сілтемелер   деңгейіндегі   тұтастық   сыртқы   кілттердің   мәндері   үшін
әрдайым   соған   сәйкес   бастапқы   кілттердің   мәндері   болуы   тиіс   дегенді
білдіреді. Бастапқы кілті бар кестелердегі, осы бастапқы кілтке сілтемелер
(сыртқы   кілттер)   бар   кестелердегі   жазбаларды   өзгерткен   кезде   немесе
жойғанда   МҚБЖ   сыртқы   кілттер   мәндеріне   «ауада»   тұрып   қалмас   үшін
сәйкес   өзгертулер   жасалуын   бақылап   отырады.   Бұл   жағдайда   сыртқы
кілттердің   сәйкес   мәндері   бар   жазбалар   жойылады,   немесе   оларға   Null-
мәндер не келісім бойынша мәндер беріледі, немесе олар өзгеріссіз қалады.
Бұл   амалдар   CREATE   TABLE,   DROP   TABLE   және   ALTER   TABLE
командаларында   қарастырылған.   Сілтемелер   деңгейіндегі   мәліметтер


тұтастығын   сақтау   3.1-суретте   көрсетілгендей   мәліметтер   қорындағы
каскадты өзгеріске алып келуі мүмкін.
Кесте А 
Кесте В     
Кесте С   
МҚБЖ-дағы   мәліметтерді   тұтастығын   сақтау   үшін   транзакциялар
қолданылады. Транзакция деп мәліметтер қорындағы МҚБЖ басынан аяғына
дейін қадағалайтын, мәліметтермен жүргізілетін амалдардың қандай да бір
тізбегі аталады. Транзакция сәтті аяқталған жағдайда амалдардың нәтижелері
мәліметтер   қорында   сақталады.   Құрал-жабдықтың   немесе   программалық
қамтудың   жұмысы   тоқтаған   кезде,   сондай-ақ   пайдаланушы   транзакцияны
аяқтаудан   бас   тартқан   кезде   транзакция   аяқталмаған   (үзілген)   күйінде
қалады.   Бұл   жағдайда   мәліметтермен   орындалған   амалдардың   нәтижелері
мәліметтер қорына ауыстырылмайды.
Мәліметтерге   қол   жеткізу   мүмкіндігі   көптеген   пайдаланушыларға
мәліметтер   қорына   жылдам   және   тиімді   түрде   жүгінуге   мүмкіндік   береді.
МҚБЖ   көптеген   пайдаланушылар   бір   мезгілде   қол   жеткізуге   ие   болған
жағдайда   пайдаланушының   бірі   мәліметтерге   жүгінсе,   енді   бірі   сол   кезде
Бас
тапқы
кілт
...
Б
асқа
өрістер
...
100
5
...
Бас
тапқы
кілт
Сыр
тқы кілт
.
..
Ба
сқа
өрістер
...
200
3
100
5
...
201
0
100
5
...
Баст
апқы кілт
С
ыртқы
кілт
.
..
Ба
сқа
өрістер
...
3004
20
03
...


оларға   өзгертулер   енгізіп   жататындай   келіспеушілік   оқиғалардың
туындамауын бақылап отырады.
МҚБЖ пайдаланушыларға мәліметтерді манипуляциялауға, мәліметтер
қорынан тікелей есеп берулерді сұрауға және алуға, сондай-ақ мерзімді есеп
берулерді   құрастыру   үшін   сұраныстарды   сақтаудың   мол   мүмкіндіктерін
ұсынады. 
Көптеген   МҚБЖ-ларда   қосымшаларда   жасауға   арналған   ішіне
орнатылған   программалау   тілдері   болады.   Бұл   қосымшалар   exe-файлдар
тәрізді мәліметтер қорымен дербес түрде, немесе сол МҚБЖ-ның құрамында
жұмыс істеуі мүмкін.
МҚБЖ-ның   мәліметтермен   жұмыс   істеу   қызметтері   екі   тілде
қамтамасыз етіледі:
-
мәліметтерді сипаттау тілі;
-
мәліметтерді манипуляциялау тілі.
Бұл тілдер көптеген МҚБЖ-ларда екі түрде QBE (Query by Example)
үлгісі   бойынша   сұраныс     жасау   тілі   ретінде   және   SQL  (Structured   Query
Language)   тілі   ретінде   жүзеге   асырылған.   QBE   және   SQL   тілдерінің
теориялық   негізі   реляциялық   есептеу   болып   табылады.   QBE   тілі
пайдаланушыларға   мәліметтер   қорын   құру   мен   манипуляциялау   үшін
сауалнама формаларын ұсынады, оларды толтыру жұмысты жеңілдетеді.
Тағы да бір айта кететін нәрсе, физикалық деңгейде әр түрлі МҚБЖ-лар
мәліметтерді   ұсынудың   әр   түрлі   форматтары   болады.   Әр   алуан   МҚБЖ-
лардың   мәліметтері   өзара   үйлесімділігі   үшін   арнайы   интерфейстер,
драйверлер   әзірленеді.   Мысалы,   Microsoft   фирмасы   ODBC   (Open   Database
Connectivity)   драйверін   әзірлеп   шығарды,   ол   аса   кең   тараған   МҚБЖ-лар
форматтарында   мәліметтер   қорымен   жұмыс   жүргізуге   мүмкіндік   береді.
Көптеген МҚБЖ-лардың басқа форматта ұсынылған мәліметтер қорын оқуға
арналған қоса орнатылған интерфейстері бар.
МҚБЖ-ға программалардың келесі негізгі түрлері жатады:

толық қызметті МҚБЖ;

МҚ серверлері;

МҚ клиенттері;

МҚ-мен жұмыс істеу бағдарламаларын жасау құралдары.
Толық   қызметті   МҚБЖ   (ТҚМҚБЖ)   алдымен   үлкен   машиналарға
арналып, кейіннен мини-машиналар мен ДЭЕМ-дерге арналып пайда болған
дәстүрлі МҚБЖ  болып табылады.  Барлық  МҚБЖ-лардың арасында  қазіргі
заманғы толық қызметті МҚБЖ саны жағынан көп және өзінің мүмкіндіктері
бойынша аса қуатты болып табылады. Толық қызметті МҚБЖ-ларға, мысалы,
Clarion   Database   Developer,   DataBase,   Dataplex,   dBase   IV,   Microsoft  Access,
Microsoft FoxPro және Paradox R: BASE сияқты пакеттер жатады.
Әдетте ТҚМҚБЖ-лардың меню командалары арқылы МҚ-мен негізгі
әрекеттерді   орындауға   мүмкіндік   беретін   дамыған   интерфейсі   болады:
кестелердің   құрылымын   құрып,   түрлендіруге,   мәліметтерді   енгізуге,
сұраныстарды құрастыруға, есеп берулерді әзірлеуге, оларды басып шығаруға
және т.б. сұраныстар  мен есеп  берулерді құрастыру үшін прогаммалаудың
қажеті   жоқ,   оның   орнына   QBE   (Query   by   Example   –   үлгі   бойынша


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау