МҚ-ның тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Оларды төмен деңгейлі деп атайық:
Қазіргі МҚБЖ-ларда аталған қызметтерді жүзеге асырудың қажеттілігі
мен ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беріп кетейік.
Әртүрлі жүйелерде сыртқы жадыдағы мәліметтерді басқару
қызметтерінің жүзеге асырылуы ресурстарды басқару деңгейінде де (ОЖ
файлдық жүйелерін немесе ДЭЕМ құрылғыларын тікелей басқаруды қолдану
арқылы), мәліметтерді басқару алгоритмдердің логикасы бойынша да
ажыратылуы мүмкін. Мәліметтерді басқару әдістері мен алгоритмдері
негізінен МҚБЖ-ның «ішкі шарасы» болып табылады және оларды
пайдаланушыға тікелей қатысы жоқ. Осы қызметін жүзеге асырылу сапасы
арнайы АЖ-лардың мысалы, орасан зор МҚ-лармен, күрделі сұраныстармен,
мәліметтерді өңдеуде өткізудің үлкен мөлшерімен жұмыс істеуінің
тиімділігіне аса зор әсерін тигізеді.
Мәліметтерді буферлеу және соның салдарынан жедел жады
буферлерін басқару қызметін жүзеге асырудың қажеттілігі жедел жады
көлемінің сыртқы жады көлеміне қарағанда біз болуымен негізделген.
Буферлер сыртқы және жедел жадының арасындағы алмасуды
жеделдетуге арналған жедел жадыны саласы болып табылады. Буферлерде
МҚ үзінділері уақытша сақталады, олардағы мәліметтер МҚБЖ-ға жүгінген
кезінде пайдаланылады немесе өңдеуден өткізгеннен кейін мәліметтер
қорына жасыру жоспарланады.
Транзакциялардың механизмі МҚБЖ-да қордағы мәліметтердің
тұтастығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Транзакция деп МҚБЖ
басынан аяғына дейін қадағалап отыратын МҚ-дан мәліметтерімен
жүргізілетін амалдардың қандай да бір бөлінбейтін тізбегі аталады. Егер де
қайсыбір себептермен (құрал-жабдықтың істен шығуы және тоқтап қалуы,
қосымшаны қоса алғанда, программалық қамтудың қателіктерін) транзакция
аяқталмай қалса, онда оның жұмысы тоқтатылады.
Транзакцияға негізгі үш қасиет тән болып келеді деп айтады:
атомарлық (транзакцияға кіретін барлық амалдар орындалады
немесе бірде-бір амал орындалмайды);
топтамалануы (сериалдануы) (бір мезгілде орындалатын
транзакциялардың өзара әсері жоқ);
ұзақ мерзімділігі (тіпті жүйе күйреген жағдайдың өзінде
бекітілген транзакция қорытындылары жоғалып кетпейді).
Транзакцияның мысалы ретінде банктік жүйеде бір есепшоттағы
ақшаны екіншісіне аудару амалын айтуға болады. Бұл жерде, ең болмағанда
екі қадамдық үдеріс қажет. Алдымен бір есепшоттағы ақша алынады, сосын
олар екінші есепшотқа салынады. Егер әрекеттердің біреуі сәтсіз орындалса,
әрекеттің нәтижесі дұрыс болмайды және шоттардың арасындағы теңгерім
бұзылады.
Транзакцияның қатар түрде орындалатын бір пайдаланушыға арналған
және көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ларда транзакцияларды бақылау
өте маңызды. Соңғы жағдайда транзакциялардың топтамалануы туралы
айтылады. Қатар орындалатын транзакциялардың топтамалануы деп
транзакцияларды жүзеге асырудың қосынды әсері оларды біртіндеп
орындаудың әсеріне тепе-тең болатындай етіп құруды айтады. Оларды
орындау жоспарын (сериялық жоспарды) құруды түсінеді.
Транзакциялар қоспасын қатар орындаған кезде келіспеушіліктер
(блоктаулар) туындауы мүмкін, олардың шешу МҚБЖ-ның қызметіне
жатады. Мұндай жағдайлар табылған кезде әдетте бір немесе бірнеше
транзакциямен орындалған өзгерістердің күшін жою арқылы «қайта
шегіндіру» жүргізіледі.
МҚ-ғы өзгертулер журналын жүргізу (өзгертулерді журналдау) МҚБЖ
ақпараттық істен шығулар мен тұрып қалулар, сондай-ақ программалық
қамтуда қателер болған жағдайда қордағы мәліметтердің сақталу сенімділігін
қамтамасыз ету үшін орындалады.
МҚБЖ журналы дегеніміз – бұл пайдаланушының тікелей қолы
жетпейтін және мәліметтер қорындағы барлық өзгерістер туралы ақпаратты
жазу үшін қолданылатын ерекше МҚ немесе негізгі МҚ-ның бөлігі. Әртүрлі
МҚБЖ-ларда журналға әртүрлі деңгейлердегі МҚБЖ-дағы өзгерістерге
сәйкес келетін жазбалар, яғни сыртқы жадының бетін модификациялаудың
ішкі ең кіші амалынан бастап МҚ модификациялаудың логикалық
амалдарына (мысалы, жазбаны салу, бағанды жою, өрістегі мәнді өзгерту)
және транзакцияларына дейін енгізілуі мүмкін.
МҚ-ға өзгертулер журналын жүргізу қызметін тиімді орындау үшін
журналдың өзін жұмыс қалпында ұстау және сақтау сенімділігін қамтамасыз
ету қажет. Кейбір жағдайларда жүйеде журналдың бірнеше көшірмелері
сақталады.
МҚ-ның тұтастығын қамтамасыз ету, әсіресе МҚ-ны желілерде
пайдалану үшін, МҚ-ның табысты түрде қызмет етуінің қажетті шарты
болып табылады. МҚ-ның тұтастығы дегеніміз – мәліметтер қорында пәндік
саланы толық қарама-қайшылықсыз және дұрыс көрсететін ақпарат бар
екендігін білдіретін мәліметтер қорының қасиеті. МҚ-ның тұтастығын
қолдауға оның бүтіндігін тексеру және мәліметтер қорында қарама-
қайшылықтар анықталған жағдайда оның қалпына келтірулер жатады. МҚ-
ның тұтас жағдайы бүтіндігін шектеу арқылы қорда сақталып жатқан
мәліметтер қанағаттандыруы тиіс болатын шарттар түрінде сипатталады.
Аталған шарттарының мысалы өздері туралы мәліметтер МҚ-да сақталатын
объектілер атрибуттарының мүмкін болатын мәндерінің диапазондарын
шектеу немесе реляциялық МҚ-лар кестелерінде қайталанып отыратын
жазбалардың болмауы болып табылуы мүмкін.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге МҚБЖ-да қолданбалы программаларды,
мәліметтерді шифрлеумен, парольмен қорғаумен, мәліметтер қорына және
оның жекелеген элементтеріне (кестелерге, формаларға, есеп берулерге және
т.б.) қол жеткізу деңгейлерін қолдаумен қол жеткізіледі.
МҚ-ны қорғау құралдары.
Әр түрлі МҚБЖ-ларда МҚ-ны қорғау құралдары бір-бірінен біршама
өзгеше болады. Borland және Microsoft фирмаларының қазіргі кездегі МҚБЖ
–ларына талдау жүргізу негізінде МҚ-ларды қорғау құралдары шартты түрде
екі: негізгі және қосымша топқа бөлінеді деп тұжырымдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |