«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет30/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88

-Құртты жасаудың  жолдарын көрсете білген;
-ғаламтор материалдарын тиімді пайдаланған;
Бастауыш сынып оқушысы Ділдабекова Жұлдыздың осындай ізденісіне қуана отырып, сәттілік 
тілеймін. Бұл жұмыс болашақ көлемді зерттеулердің бастамасы болады деп есептеймін.
  
         № 43 мектеп директорының орынбасары:   Ерекешова З
Т Ү Й І Н
Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын
көрсету.   Қазақтың   байырғы   тағамы   құртты   ұлттық   бренд   ретінде   әлемдік   нарыққа   шығару
қажеттілігін  түсіндіру.
Болжам:  Құрттың     жасалу     жолдарын,   оның   түрлерін,   адам   ағзасына   тигізетін   пайдасы     туралы
айтылған.
Зерттеу     әдістері:  Жұмыста   негізінен   ғылыми   теориялық   талдаумен   бірге     салыстыру,   сипаттау
әдістері қолданылған.
Зерттеу   жаңалықтары мен өзіндік дәрежесі:  Құрт туралы жан-жақты   зерттеген. Құрттың жасалу
жолдарын көрсеткен.
Жұмыс  нәтижесі: Бұл тақырып болашақтағы зерттеулердің бастамасы бола алады.
Қорытынды:Құрттың  адам  ағзасына  өте  қажет  екендігі  дәлелденген.
Қосымша:Зерттеу жұмысына қатысты слайд материалдары берілген.
КІРІСПЕ
«Ағы бардың бағы бар» Халық  даналығынан
Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі – ақ екені белгілі. Сүтті
соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп,
дастарқан молшылығын жасаған. Одан қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе,
қаймақ   сияқты   ішетін,   жейтін,   сусындайтын   алуан   түрлі   тағам   әзірлейді.Сүт   төрт   түлік   малдың
аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.
Қазақ   халқы   асты   өте   жоғары   бағалаған   әрі   қастерлей   білген.   Ел-жұрт   жадында   мәңгі   жатталып
қалған   «Ас   –   адамның   арқауы»   деген   қағида   осындай   терең   ұғымның   қалтқысыз   түсінігі   болып
қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен
де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алмыс, күміс тас екен»,
«асты   қорлама   құстырар»   деген   сес,   ескертпелер   мен   мақал-мәтелдер   де   куә   бола   алады.   Қалай
айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн-жосығын да,
оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен
жайсандарды   құрметтеу   де,   өздерінің   мырзалық,   мәрттік   үлгілі,   өнегелі   қасиеттері   мен
артықшылықтарын   білдіру   де,   ел   дәулеті   мен   қарым-қабілетін,   түсінігін   танытуды   да,   қазақ   кең
дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам
берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де
елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек ұлт мәдениетінде
тамақ, дәм татыру – экономикалық, дипломатиялық және тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе
әрине, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелерде ерте заманнан-ақ аңыз болып тараған. Қазақ
қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге шығарып ашық
қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да
білген.
Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының түріне сан жетпейді» – деп жазған ертедегі бір
зерттеуші. Демек, оның барлық түрлері мен аттарын түгел айтып беру қиын. Сүт тағамдарының осы
заманға   дейін   жеткен   және   көпшілікке   таныс   негізгі   түрлерінің   бірі   туралы   айтқым   келеді.
Қазақ   халқының   сүттен   жасалған   ұлттық   тағам   ретінде   кеңінен   қолданатын   тағамының   өте   көне
түрінің бірі -құрт.
Құртты ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы
сақталған   ұлттық   тағам   ретінде   пайдаланып   келеміз.   Халқымыздың   бүгінгі   күні   бізге   жеткен
құртының түрі көп. Құрт күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың
дәмін келтіру үшін қолданылатын тағам десек те болады. Құрт өз деңгейінде қолданысқа түскен жоқ.
Міне, сол себепті құрттың құрамына және оның адам организміне тигізетін пайдасына баса назар
аудара отырып, деректер жинақтап, зерттеу жұмысын жүргізіп жүрмін. Мен зерттеу барысында жазда


ауылға барып апалар мен әжелерден әр аймақтарда жасалатын құрт түрі мен құрамы туралы деректер
жинадым. Сонымен қатар сыныптағы оқушылар арасында да сауалнамалар жүргіздім. Сауалнаманың
нәтижесінде құрттың пайдасы мен жасау әдістерін анықтадым. 
Құрт туралы мектеп оқушыларының толығырақ мағлұмат алуына көмегімді тигізсем деген оймен осы
жобаны ұсынып отырмын.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс
тағамдары).
Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының
негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды.
Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан
жүзден   астам   тамақ   түрлері   мен   дайындау   әдістерін   жасаған.   Және   олардың   көптеген   қызықты
атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық,
қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі
қазіргі   кезде   қазақ   дастарқанынан   сирек   көрінетін   жеңсік   ас   қатарына   жатады.
Сүт-   химиялық   құрамы   жағынан   тамаша   тағам.   Сүтті   пайдаланып   әр   түрлі   тағамдар   дайындауға
болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім
пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің
дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
Жобаның негізгі мақсаты:
Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың
байырғы   тағамы   құртты   ұлттық   бренд   ретінде   әлемдік   нарыққа   шығару   қажеттілігін     түсіндіру.
Жобаның міндеттері:
2
Қазақтың ұлттық тағамы – құртпен танысу;
2
Құрттың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;
2
Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету. Мәселе: Құрттың адам денсаулығына пайдасы
бар екенін зерттеу.
2
Зерттелетін зат: Құрттың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу.
Зерттеу  жұмысының   өзектілігі:Аталған   еңбектердің   маңыздылығына   баға   бере   отырып,  ұлттық
құндылықты  сақтап  қалу  жолдарын  көрсету.
ІІ. НЕГІЗГІ  БӨЛІМ
2.1. Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық.
        Іші-бауырымыз құрысып-тырысып, көзіміз қарауытқанда, дәруменіміз азайып кетті деп 
шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады.
        Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп 
таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен-жегені нағыз дәрумендердің көзі екен.Көкорай шалғынды 
жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы – дәруменнің, 
күш-қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап сыртына “ірімшік” деп 
жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да 
татымайтынын, әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес. Ғылыми зеттеулер
көрсеткендей, сиырдың сүтінің құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22,85-34,52% 
болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40-42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 
4,52%-тен аспайды, ал ірімшікте ол 10,93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты 
болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 
0,51%, ал кальций 2,3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268,8-
401,38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408,4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен 
калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14,5-
18,6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52,6%. Ал 100 грам сүзбе 87-227-ге дейін қуат берсе, 
құрттан 370,1 қуат алуға болады.


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау