е) 1 саны қандай сан?
III. Жаңа тақырып.
1. Әр топ өз ойларын сурет, сызба, жазу арқылы
флипчартқа түсіріп, тақырыптың мәнін жеткізіп,
ашады. 6 минут беріледі.
2. Постер қорғау. 6 минут
3. Топтарға тапсырмалар беру.
Жұптық жұмыс. 4 мин
І топ .№338,№341 есептер
ІІ топ. №341,№344 есептер
ІІІ. топ. № 342,№344 есептер
ІҮ топ. №344,№346 есептер
V топ. №340,№346 есептер
4.Бағалау. Есептерді шығарып болғаннан кейін
топтағы 1-ші жұп пен 2-ші жұп бір-бірінің есептерін
ауыстырып тексереді. Дұрыс жауап А-4 форматты
параққа жазылып топтарға таратылады. Жұп бірін-
бірі бағалайды және өздерін бағалайды. 2 мин
IV.Сергіту сәті. «Қара жорға » биі 2 минут
V. Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары. 6 мин
1. Сандардың ең кіші ортақ еселігін табыңдар.
а) 84;72 және 126
А).126, Б) 248; В) 252; С) 504
2. 15; 19 және 57
А).125, Б) 285; В) 255; С) 525
3. ЕКОЕ( 2;17;51)
А).128, Б) 268; В) 102; С) 786
4. ЕКОЕ( 12;22;32)
А).1056, Б) 2484; В) 2126; С) 1256
5. ЕКОЕ( 24;34;56)
А).2856, Б) 2484; В) 2126; С) 1256
6.ЕКОЕ( 224; 48)
А).1232, Б) 684; В) 672; С) 352
Бағалау. 2 мин. Есептерді шығарып болғаннан кейін
топтағы оқушылар бір-бірінің есептерін тексереді.
Дұрыс жауап және балдық жүйеден бағаға айналдыру
шкаласы интербелсенді тақтада жазылып
тұрады.Оқушылар бір-бірін бағалайды.
VI . «Кім жылдам?» 2 мин
Топ аралық жарыс тапсырмалары беріледі.
Тапсырмалар үлестірмелі парақтарға жазылады.
(сонда қай топ жаңа - тақырыпты қалай
меңгергендігін білуге болады.) Бағалау. 2 мин.
Топтар бір-бірін бағалайды. Дұрыс жауап
интербелсенді тақтада көрсетіледі.
VII. Бекіту. Сұрақ-жауап 5 мин
1. Екі натурал санның ең кіші ортақ еселігі
дегеніміз не?
2. Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі деп
нені айтады?
3. Екі немесе бірнеше натурал санның ең кіші
ортақ еселігін қалай табуға болады?
4. Салыстыр. ЕКОЕ(42;7) және ЕКОЕ(3;6;102)
5. 6 және 9 сандарының еселіктерін ата. (ауызша)
6 . 7 және 9 сандарының еселіктерін ата. (ауызша)
7. а)ЕКОЕ (5;13) =65 б) ЕКОЕ(18;54) =54
в) ЕКОЕ (12; 54) =108 Оқы және ЕКОЕ тап
VIII. Бағалау. «Рефлексия» 2 мин
Бірлескен
жұмысқа
негізделген тәсіл
Топтық жұмыс,
жұптық жұмыс, жеке
жұмыс жүргізу .
Оқушыларға анық
та ,нақты мақсат
қоюға мүмкіндік беру.
Топтар: «Ұландар», «Қырандар», «Үздіктер»,
« Алғырлар », «Бірліктер»
А,В,С деңгейлі оқушыларға тапсырмалар:
А. ЕКОЕ (15; 20;45)*ЕКОЕ (18;27,36)=180*108=19440
В. ЕКОЕ (16;29;58) = 464
С. ЕКОЕ (6; 21) =42
Оқуға арналған
тапсырма
(қосымша)
Үй тапсырмасы: №347 есеп 1 мин.
Оқушыларға рефлексия парағын таратып беремін, оқушылар толтырып береді. Жинап алып оқып,
түсінбеген оқушыға келесі сабақта назар аударып (фокусқа алып) , жеке жұмыс жасаймын.
Рефлексия
Оқушының аты жөні: Сыныбы _ _
-
Бүгін мен сабақта білдім: _ _
-
Мен үшін сабақта қызықты болды:________ _____ ______________
-
Мен үшін сабақта қиын болғаны:_________ ____ _________________
-
Мен бүгінгі сабақта үйрендім: ____________ _______________________
-
Мен енді жасай аламын:__________________________________________
-
Мен сабақты түсінгеннен кейінгі қалауым: ______ _ ____________
-
Сабақ менің болашақ өміріме берді:________ __________
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда қаласы. №43 Ж.Махамбетов атындағы
қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Назарова Нұргүл Нұрқожақызы
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыту
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін оқыту үдерісінде қаншалықты маңызы бар?
Әрине маңызы бар, себебі: сыни тұрғыдан ойланған оқушы өзіне берген жауабын дұрыс түсіндіре
алады және жауап беруге үйренеді. Соның нәтижесінде оқушының пәнді терең түсіну және қолдану
қабілеті дамиды.
Оқушыларды оқыту барысында "сындарлы оқыту" бағдарламасындағы сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету негізінде жүргізілген сабақ өз нәтижесіне тез әрі жеңіл түрде қол жеткізіледі.
Бұл модульдің мақсаты әр- түрлі жастағы оқушыларға кез- келген іс- әрекетке сыни тұрғыдан қарау.
Оқушылар жұппен, топпен бірігіп жұмыс жасауға дағдылану арқылы пәнге деген қызығушылығы
артады, тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені
шешу секілді қасиеттерді дамытады.Мысалы: белгілі бір тақырып бойынша әр оқушы өз ойын айта
біліп, топ мүшелері оған топтық көмек қарекетін жасайды.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын
қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни
тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау –
бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,
бағалауға, талдауға және жинақтауға бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз
бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға,
ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,
ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды
білдіреді.
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра алатындай ашық сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар және
оқушыны сыни тұрғыдан ойландыра отырып, оқуының қай деңгейде екендігін анықтауға болады.
Мерсер сыныпта талқылауды дәлелдеудің үш түрін анықтаған. Олар:
1.Әңгіме-дебат,оқушылар бәсекеге қабілетті,басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды.
2.Кумулятивтік әңгіме,мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа
негізделеді. 3.Зерттеушілік әңгіме,ұсыныстар жайында күмән туып,қарсы дау айтылып,негізделген
Достарыңызбен бөлісу: |