«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет32/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88

еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, 
Қазақстанның балалары, осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек. Оның  жойылып  
кетпеуіне  үлкендер  көмектесуі керек  деп  ойлаймын. Құртты мемлекет басшылары патенттеп алуы 
керек дегім келеді,
Менің  ұсынысым:
– Ол үшін құртты жетілдіру бойынша зауыттар жүйесін ашу қажет  деп  ойлаймын.
-Құртты ұлттық  бренд  ретінде  дүние  жүзіне  таратса;
-Құртқа  қосымша  сәбіз, қызылша  сияқты  көкөністерді  қосуды  ұсынамын.
-Құртқа мемлекеттік патент берілсе. 
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап,А.- 2007 ж.
2. Анфимова Н.А., Татарская Л.Л. Аспазшылық, Просвещение, М.- 2002 ж.
3. Ермакова В.И. Аспазшылық, Просвещение,М.- 1993 ж.
4. Матюхин З.П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение, М.- 1999 ж.
5.Ғаламтор  материалдары
ЗЕРТТЕУ  КҮНДЕЛІГІ
Сәуір  айының  басында  сынып  жетекшім Ажар  апаймен  ақылдасып  қазақтың  құрты  туралы  
жазуды  ойладық. Құрт  туралы  материалдар  жинай  бастадым. Жинаған  материалдарды апайым  
ретке  келтірді. Ғылыми  жобамды  жаза  бастадым. Арасында  анам, тәтелерім  көмектесті.
------------------------------------------------------------------------------------------------------
«АДАМНЫҢ  АЛҒАШҚЫ  САНДАРДЫ  ОЙЛАП  ТАБУ  ТАРИХЫ»
            Бағыты:  Математика, ғылым, техника
Орындаған: Қызылорда қаласы
№43 Ж Махамбетов атындағы мектептің 3 «Ә» сынып оқушылары
Медетбек Сағи, Алтай Акбар, Қуаныш Аружан
 
Ғылыми  жетекші: №43 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Садықова  Ажар  Сейтсұлтанқызы
К І Р І С П Е
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек.
Заманға жаман күйлемек,
Заманы оны илемек.
Абай Құнанбайұлы
Алғашқы  адам  сөйлеуді, отпен  пайдалануды  үйрене (саналы  өмір  сүре) бастаған  кезде, қазіргідей
сан  есімдер  (бір, екі, үш, ...)  болған  жоқ. Бір  топ (мысалы, екі)  нәрсені  санарда, ол – екі саусағын,
не   екі шыбықты   шошайтып көз   алдына   ұстап   тұрып, немесе   оларды   саналатын     нәрселерге
бірме-бір  қойып,  зат  арқылы  санады. Бұл  кезде  адам  өзі білетін  осы  екі  санның өзін, затсыз
санауға     болмайды     деп     білді.   Саналатын     нәрсе     екеуден     артық     болса,   мысалы,   қолындағы
саусақтарын, аспандағы  жұлдыздарды, бір  сөзбен  «көп» деп  атады.
Қазақ  баланың  саусақтарын  бүгіп  ойнатып, санауға  даярлап  отырған:
Бас  бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан  терек,
Шылдыр  шүмек,
Кішкене  бөбек.


2. НЕГІЗГІ   БӨЛІМ
2.1. Салыстырып  санау,  сан аттарының  пайда  болуы. Ауызекі  санау.
Алғашқы  адам айналасындағы  заттардың  өзгермейтін  кейбір  қасиеттері бар  екенін, мысалы, 
адамның  көзі  мен  қолының  екеу  болатынын, ал, тас, ағаш  сияқтызаттардың  қатты  болатындығын 
байқап,  екі  ағашты  көрсе қол (не қол сияқты) деп, қатты  затты  кездестірсе тас  сияқты  «тастай» 
деп  салыстыра  сөйлеп  ұғынысқан.  Қазақтың  қазір де  бір  қатты  нәрсені  (мысалы, құртты)  
«тастай» деп  салыстыра сөйлейтін  сөзі, сол  ертеден  адамның  затты, табиғат  құбылысын дәл 
сипаттауға  сөз  қоры да, мәдениеті де жеткіліксіз  болған  кезден  және  зат  арқылы  ойлап  
ұғынысуға  бейім  болған  кезінен  сақталып  келіп, әдетке  айналған  сөз  болу  керек. [3]
Екі  нәрсені  көзбен, бес  нәрсені  бір  қолдың  саусақтарымен т.с.с. салыстыра  жүріп, адам  өз  
мүшелерінің  атымен  санды да  атайтын  болды. Мысалы, орыс  халқында  бес  саны  сүйемге  
(«пядь») ұйөас  сөзбен  «пять»  болып, үнділерді екі  саны  көзге  ұйқас сөзбен  аталады, ал  Ява  
аралындағы малайялықтар  бес  санын  «қол» деп  атайды. Адамның бір  қолында  бес, екі  қолында  
он  саусақ  болуының  жалпы  санау  процесінің  даму  тарихындағы  ролі  күшті  болды.
Дерексіз  санаудың  осындай  қиындығын  оңайлатпақ  болып, қазақтар  баласына  былай деп  
үйретеді:
Бір  дегенім  білеу,                           Алты  дегенім  асық,
Екі  дегенім  егеу,                             Жеті  дегенім  желке,
Үш  дегенім  үскі,                            Сегіз  дегенім  серке,
Төрт  дегенім  төсек,                        Тоғыз  дегенім  торқа,
Бес  дегенім  бесік,                      Он  дегенім  оймақ,
                                                      Ол  бір  - қара  жұмбақ.
Мұнда  қазақ  сан  мен  соған  сәйкес  тұрған  заттың ( «бір»  мен  «білеудің»,  «екі»  мен  
«егеудің» т.б.)  аттары  арасындағы  ұйқастықты  пайдаланып, санды  ұмытсаң,  затты  есіңе  ал,  «бір 
дегенім білеу»  деп  барып,  баланы  затқа  сүйенбей  санауға  үйретпек  болады. Ал  ақырғы: «Он  
бір-қара  жұмбақ» деген  жол:  онан  арғы  санау- ол  өз  алдына  бөлек  тұрған (қара мал-ірі мал  деген
сияқты)  ірі  жұмбақ, санау  тәртібі  де  өзгеше  дегенді  аңғартады. [7]
2.2. Адамның  сандарды  алғашқы  жазу  тәсілдері
Қазір  адамның  күнделікті  тұрмыста  қолданатын  сөздері  сонша  көп  болса да  олар  
бірнеше  әріп  арқылы  жазып  шығамыз.
 «Барлық  санды  аз  таңбалармен  кескіндеп, оларға  түрін  былай  қойғанда, орындарына  
қарай  мән беру  мәселесі,-дейді   француздың  атақты  математигі Лапласс,- қазір  сондайлық оңай,  
сондықтан  оның  тамашалығын  бағалау да  қиын,  бірақ  оның  оңайлықпен  табылмағанын  грек  
оқымысты-ларының  ұлы  данышпандары  Архимед  пен  Аполлонийден  жасырын  қалып  
қойғанынан  анық  көруге  болады». [3]
2.3. Сандарды  жазудың  алғашқы  нышаны
Ертедегі  адам  өзінің  күнделікті  өмірінде  түрлі  нәрселерді  санау  және  өлшеу  
әрекеттерінен  шыққан  сандарды  ұмытпау  үшін  және  керек  болған  кезінде  қайтадан  пайдалана  
алатындай  болу  үшін  оларды  түрліше  белгілеп  қоятын  болды.  Мұндай  белгілер  көлденең, тік  
сызықшалар  не  нүктелер  түрінде,  әуелі  оңай  жазылатын  құмның  не  сазды  жердің  бетіне  
сызылды, бірақ  олар  тез  өшіп  қала  берді. Сондықтан  санды  сонша  тас не  шыбықша  санап,  
сақтап  қою  арқылы да  белгілейтін  болды.  Тастар  мен  шыбықшаларды  жоғалтпай  сақтау да  
қиын  болып,  енді  санды  не  ағашқа  кертіп, не  тас  бетіне  тырнап  немесе  кейінірек  жіпке  
түйіндер  жасап  белгіледі. Сандарды  бұлайша  белгілеу  ешбір  білім  керек  етпейтін  қарапайым  
тәсіл  болғандықтан, халықтар  арасында  ол  қазір де  қолданы- лады, адам  бір  нәрсені  ұмытпау  
үшін  қол  орамалының  шетін  түйіп  қояды. [7]
Үлкен  сандарды  сызықшалармен  белгілеп  жату, белгіленген  санды  оқу  өте  қолайсыз  
және  көп  уақыт  алатын  болды да, адам  санды  ауызша  санағандағыдай, екі-екіден, бес-бестен, он-
онннан  топтап  алып  белгілеуді, не  оның  жалпы  көрінісінің  суретін   салу  арқылы  белгілеуді 
(пиктографиялық   жазуды)  шығарды.
Ертеде  адам  суреттермен  тек  сандарды  ғана  емес, өзінің  әрбір  әрекетін де  көрсеткен. 
Сондықтан  оның  жалпы  қолданатын  әртүрлі  суреттерінің  біртіндеп  көбейіп, оның  есесіне  
олардың  формалары (салыну  жолдары)  оңайлай  берген.  Сөйтіп, біртіндеп  санды  осындай  
оңайлатылған  суреттер  арқылы  кескіндеп  жазу ( иероглифтік  жазу) пайда  болды. [3]


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау