48) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары
мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік
анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және
ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;
49) жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек
шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы
Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған ӛзге де уақыт кезеңдері;
50) жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген, бір жылдан
асыруға болмайтын есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген
жұмыс уақытының есебі;
51) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір ӛндірістік
факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің тӛмендеуіне немесе
сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп
соқтыратын еңбек жағдайлары;
52) зиянды ӛндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе
еңбекке қабілеттілігінің тӛмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының
денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін ӛндірістік фактор;
53) кәсіптік ауру - қызметкердің ӛз еңбек (қызмет) міндеттерін
орындауына байланысты оған зиянды ӛндірістік факторлардың әсер етуінен
туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
54) кепілдіктер - қызметкерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында
берілген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге кӛмектесетін құралдар,
тәсілдер мен жағдайлар;
55) қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде
олардың ӛмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық,
техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және ӛзге де нормаларды,
ережелерді, рәсімдер мен ӛлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан ӛндіріс
жағдайларын, ӛндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық
кӛрсеткіштер;
56) қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған
жағдайда белгілі бір ӛндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың
әсері қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының
кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан
еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға
шалдығуы не ӛлімі туындайтын еңбек жағдайлары;
57) қауіпті ӛндірістік фактор - қызметкерге әсер етуі еңбекке
қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (ӛндірістік жарақатқа немесе
кәсіптік ауруға) немесе ӛлімге әкеп соқтыруы мүмкін ӛндірістік фактор;
58) қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердің негізгі жұмысынан бос
уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы тӛленетін басқа жұмысты
орындауы;
59) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке
еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
60) қызметкерлер ӛкілдері - кәсіптік одақтардың, олардың
бірлестіктерінің органдары және (немесе) қызметкерлер уәкілеттік берген ӛзге
де жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
61) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік
мереке күндері;
62) негізгі жалақы - жалақының тарифтік ставка, лауазымдық айлықақы,
кесімді бағалау бойынша тӛлемді қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бӛлігі
және еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе)
еңбек шартында кӛзделген тұрақты сипаттағы тӛлемдер;
63) ӛндірістегі жазатайым оқиға - ӛзінің еңбек (қызмет) міндеттерін
немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің
ӛндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы
салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына,
кәсіптік ауруға шалдығуына не ӛліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе)
қауіпті ӛндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі;
64) ӛндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар,
аспаптар және жұмысқа, ӛндіріске қажетті ӛзге де техникалық құралдар;
65) ӛндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде
алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының
зақымдануы;
66) ӛндірістік қажеттілік - дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою
немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос
тұрып қалуды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да
ерекше жағдайларда, сондай-ақ жоқ қызметкерді алмастыру үшін жұмыстар
орындау;
67) ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау -
ӛндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда
орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын,
қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және ӛндірістік орта жағдайларының
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау
мақсатында бағалау жӛніндегі қызмет;
68) ӛндірістік санитария - зиянды ӛндірістік факторлардың
қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық,
ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;
69) ӛтемақы тӛлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына,
жұмысынан айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан
Республикасының заңдарында кӛзделген ӛзге де міндеттерді орындауына
байланысты шеккен шығындарын ӛтеуге байланысты ақшалай тӛлемдер;
70) тарифтік жүйе - еңбекке ақы тӛлеу жүйесінің бір түрі, онда
қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар (айлықақылар) және тарифтік
кестелер негізінде сараланып айқындалады;
71) тарифтік кесте - орындалатын жұмыстардың күрделілік және
қызметкерлердің біліктілік белгісі бойынша саралауды кӛздейтін тарифтік
разрядтар мен тарифтік коэффициенттердің жиынтығы;
72) тарифтік разряд - жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты
орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің кӛрсеткіші;
73) тарифтік ставка (айлықақы) - қызметкердің уақыт бірлігі ішінде
белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек
міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы тӛлеудің белгіленген мӛлшері;
74) тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс
берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;
Достарыңызбен бөлісу: |