Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет71/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   122

құрмалас  сөйлемнің    сызбасын  беру    арқылы    салыстырып,  өзіндік 
ерекшелігін дәлелдей  алған балаларға тақырыпты  меңгеру  оңай  болды. Бұл  
тәсіл қазіргі заманда  жан-жағына  бажайлап  қарамайтын,  қоршаған  ортада  
болып    жатқан    нәрсеге    мән  бермейтін    балалардың    зейінін  
шоғырландыруға  оң  ықпал  ететініне  сенімдімін. Әсіресе, қазақ тілі пәнінен  
ұқсас тақырыптарды өткен  уақытта осындай  салыстыру оң  нәтиже  берері  
сөзсіз.  8  сыныпта    құрмалас    сөйлемдерді    өту    барысында  «Дейін-кейін»  
стратегиясын    пайдалана    отырып,    құрмалас    сөйлемдердің    түрлерін  
ажырата  білуге    үйреттім.  Жалпы    қазақ    тіліндегі  ең    қиын    тақырып  
болғандықтан  бұл тәсілді қолдану  оқушының  салыстырмалы  түрде есінде 
сақтауына  әсер  етеді. 
      
Сонымен    қатар  «Джигсо»  әдісін  пайдаланудың    көп    көмегі    бар,  
мұнда  біріншіден,    барлық  оқушы  тақырыптың  қай  тұсын    әңгімелеп  
жатқанын    аңғару    арқылы    бір-бірін    тыңдауға  дағыдыланса,  екінішіден, 
ойын  құрмалас сөйлемдер  арқылы көркем жеткізуге үйренеді, үшіншіден, 
бір  айтылған оқиға  желісі  әр оқушы  аузынан  қайталанбай,  мәтінді  түгел  
талдап  шығуға  мүмкіндік  туады. Осы  тұста оқушы екі  жақты  ойлануға 
мүмкіндік  алады,  біріншіден, мәтін  мазмұнын  әңгімелесе,  екіншіден, өз 
ойын  алдыңғы   оқушыдан  да  көркем  жеткізуде талпыныпсөздік қорын  
молайта    түседі.  «Қарлы  кесек»  стратегиясы  да  оқушылардың  тақырыпты 
терең   талдауына жағдай  туғызатын тәсіл деп атауға болады, себебі оқушы  
сұрақтың  өзге    оқушы  үшін    қиынырақ    болғанын    қалайтыны    белгілі,  
ендеше,  ол осы  тәсілді қолдану  үшін тақырыпты  тереңірек  зерттеп және  
дайындаған  сұрақтарын түрлендіріп келеді,  сонымен  қоса оқушы  бойында 
бәсекелестік  сезімі артады  деген  сөз. С.Сараидың 8 сыныптағы «Түрікше  
Гүлстан» тақырыбын өткенде «Мен қандаймын?» стратегиясын  пайдаланып, 
адамның  қандай  болмағы  өзінен  екендігін  дәлелдеу арқылы оқушылар өз 
бойларында    жақсы    мінез-құлық    қалыптастырулары    керектігін    ұғынды. 
Осы стратегияны  қазақ тілімен  байланыстырып, «Тілді қолданушы ретінде, 
тілге  қамқор  ретінде    қандаймын?»  деп  түрлендірсеңіз  де  жақсы  нәтиже  
береді.    «Интербелсенділікті арттыруды жоспарлау» мақсатында  «Елшілер»  
әдісі  бойынша  8  сыныпта  М.Жұмабаевтың    «Батыр  Баян»  поэмасы  
тақырыбында тапсырма  беріліп, оқушылардың бірін-бірі  белсенді тыңдау, 
шешендік  өнер  және  сөйлеу  мәнері,  ой  бөлісу  және  өзара  байланыс  құру 
мақсатына  қол    жеткізе    алдым.  Аталған    сабақта  топтар  тапсырмаларды 
орындап  болғаннан  кейін,  топтың  бір  адамы  «елші»  болып  сайланып, 
зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың 
ойын,  бір  шешімге  келгенін  немесе  жетістікке  жеткенін  білу  үшін  басқа 
топқа барды. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып 
берді.  Бұл  –  шаршататын  және  бір  сарынды  «баяндама  жасалатын»,  мезі 
қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс екендігіне  көз  
жеткіздім.  Сондай-ақ,  бұл  әдіс  елшінің  тілді  қолдану  шеберлігін 
қалыптастырып,  әрі  белсенді  тыңдаушылар  тобын  құруға    мүмкіндік  
тудырды,  бұрынғыдай  мұғалім  ғана  сөйлеп,  оқушылар  тыңдаудан  арылып, 
оқушылардың өздері белсенді  әрекет етеді. 
156 
 


       
Қазақ тілі мен әдебиетін  оқытуда тағы  бір  тиімді  стратегия «Идеялар 
себеті»  стратегиясы.  Мәселен,  11  «А»  сыныбында    жүргізілген  «Тіл 
сақтаушылық»  тақырыбындағы    қазақ    тілі    сабағында  «идеялар    себеті» 
оқушылар  тарапынан тың  ойлар  туғызып  қана  қоймай,  оны  қалай жүзеге  
асыруға  болады  деген  сұрақтарға  да  жауап  жинай  алған  қызықты  сабақ  
болды.  Мұнда  оқушылар  сын  тұрғысынан  ойлау  бойынша  идеяларын  ақ 
параққа  жазып,  қай  топта  идеялар  саны  көп  және    ол    идеяларды    жүзеге  
қалай  асыруға болатынын  жоспарлаған топ оқушыларын  шапалақ арқылы 
мараппаттады. Ең  бастысы, оқушылар тілге қамқорлық жасаудың  бірнеше  
жоспарын  жасап,  сол  идеяларды    жүзеге    асырушы    өздері    екендігіне  көз  
жеткізе  алды.  
     
Әдебиет    сабағында    «Қос  жазба  күнделігін»    пайдалану    оқушының  
өзіндік  көзқарасының  қалаптасуына  үлкен септігін  тигізері  сөзсіз.  Себебі 
оқушы  дәптер    бетін  екіге    бөліп,  сол    жағына    өзінің    назарын    аударған 
немесе    ерекше      толғандырған  үзінділерді    жазса,  оң    жағына    яғни  
«түсіндірме»    жағына  сол    жақта    көтерілген    мәселелердің    түсіндірмесін  
жазады,  бұл  оқушының  тақырып  туралы  өзіндік  пікірінің   қалаптасуына  
оң  ықпал  етіп,  эссе  жазуға  дайындалуына  әсер  етеді. Бұл  тәсілді 11 «А» 
сыныбында    әдебиет  сабағында  «Еңлік-Кебек»  драмасын    өткенде  
пайдаландым.  Нәтижесінде  оқушылар  «түсіндірме»  жағында    қазақ 
халқының  салт-дәстүрлері  арқылы  имандылыққа, адамилыққа  шақыратын 
ой    тудыра  алды.  Биылғы    оқу    жылындағы  қорытынды  аттестаттау  үшін  
жазылатын    эссені    жазуда  бұл  тәсілдің    көп    көмегі    бар,    себебі  оқушы  
тақырып  көлемінде  ғана  ойланбай, оны  екі жақты  зерттеу  арқылы  есінде 
сақтай  алады.  
    
Сонымен  қатар, «Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану» атты 
сабақта көрсетілген ой қозғау мақасатындағы  «Жарық құмыра» бейнебаянын  
тамашалай  отырып,  оның    оқушыларды    сын  тұрғысынан  ойлауға 
жетелейтінін аңғарып, 11 «А»  сыныбында  үйге тапсырмаға осы бейнебаян 
жайлы  эссе  жазуға    бердім.  Нәтижесінде,  осы    бейнебаянға  сыныптың    23  
оқушысы  23  түрлі  ойларын  айтып,  дүниеде қажетсіз  нәрсе  болмайтынын
тек  сол  нәрсені  қажетіне  қарай  өз  орына  пайдалану  керектігін, адамдар 
бір-біріне  өте    қажет    екенін  аңғартты.  Оқушылар    өз    ойларын    ортағы  
салып,    өзекті    ой    тударған    пікірталасқа    айналды.  Осы    сабақта    «Блум 
түймедағы» әдісімен түймедақ  жапырақтарына «нағыз  адам қандай  болуы 
керек?»  сұрағына  жауап  ала  алдым. Ең негізгісі, нағыз адам-елін, жерін, 
тілін,  дінін,  ділін,  қоршаған  ортаны,  жалпы  адамзатты    сүйетін  жан  болуы 
керек  деген  тұжырымдама  жасалды.  
        
Өз    тәжірибемде  жиі    пайдаланатыным-  «Буриме»  тәсілі.  Бұл  
оқушылардың  қызығушылығын туғызатынына  кәміл сенемін.  Осы  тәсілді  
алғашқы  кезде өлең  жолдарының  соңғы сөзін  дайындап  әкелу  арқылы  
берсем,      қазіргі    кезде  мұны    сәл    өзгеріске    түсіріп,    топ    оқушыларына 
келесі    топ    үшін    өздері    дайындауға    дағдыландырып    жүрмін.    Бұл   
оқушының  бүгінгі  тақырыппен  байланыстыра  алуына, өмірмен  байланыс 
жасауына,  өз  ойын жеткізуіне  көп  ықпал  етеді. Сабақ  кестесінде  қазақ   
157 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау