Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет74/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   122

       
Тыңдалым  дағдысын  дамытуға  арналған  сабақты  өткізудің  негізгі 
мақсаттарының  бірі  оқушыларды  тиімді  тыңдауға  үйрету,  яғни  ақпаратты 
түсіну  үшін  онымен  не  істеу  керек  екенін  үйрету  болып  табылады 
(Mendelsohn, 1994). Тыңдалым – аса маңызды тілдік дағды болып саналады. 
Алайда оны қадағалау анағұрлым қиынға түседі.  
       
Ал,  айтылым,  Левелттің  айтуынша,  мәтінді  жоспарлау,  мәтін  құру, 
мәтінді айту және өзін-өзі бақылау сынды үдеріс арқылы тиімді болады деген 
еді.  «Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, қазақ тілі 
мен  әдебиеті  сабақтарында  тыңдалым  және  айтылым  дағдыларын 
қалыптастыруда  әртүрлі мәтіндерді талдау, мәтіннен негізгі ойды анықтау, 
ақпаратты тану т.б. сынды әрекеттердің жүзеге асуын ескере отырып, соған 
сай стратегияларды қолданған жөн.  
      
Оқушылар  сабақ  барысында  негізгі  ақпараттарды  танып,  құрастырып, 
мәліметтер  алады,  өз  идеяларымен  бөліседі,  бірлесіп  әрекет  жасайды  және 
салыстырып,  бағалайды.  Әрбір  сабақта  баланың  бойында  патриотизмді 
дамыту, өз елінің кешесі мен бүгініне үңіле қарауға, өз елінің әдебиеті мен 
мәдениетін, әдет-ғұрпына құрметпен қарауға тәрбиелеу арқылы бала бойына 
құндылықтарды дарытамыз.  
     
Қазақ  әдебиеті  пәнінде  тақырыпты  меңгерту  барысында  тұлғаға 
бағдарланған  тәсіл  оқушының  жеке  қызығушылықтары  мен  қабілеттерін 
ескеруді,  тіл  мен  әдебиетке  қатысты  күрделі  мәселелерді  талқылау 
барысында  өзінің  ой-пікірін  анықтау  мен  қорғай  білу  дағдыларын 
қалыптастыруды,  өз  бетінше  тұжырым,  қорытынды  шығару,  қарастырылып 
отырған  оқиғалар  мен  үдерістерге  өзіндік  көзқарасы  мен  пікірін  білдіруді 
көздейді.  Бұл  оқыту  технологиясы  оқушының  жеке  тұлғасын,  рухани 
қырларын  үйлесімді  түрде  қалыптастыруды  көздейді.  Сондықтан  тұлғаға 
бағдарланған  оқыту  жүйесінде  сабақтың  алатын  орны  аса  маңызды  болып 
табылады. 
      
Айтылым  мен  тыңдалым  дағдыларын  іске  асыру  «Болжам  жасау», 
«Джигсо»,  «Өрмекші  торы»,  «ПОПС»  формуласы,    «Карусель»,  «4  түрлі 
сөйлем», «3-2-1» әдісі, «Бұрыш» стратегиясы«Бес қадам» ойыны, проблема 
шешу  тапсырмалары,  тәжірибелік  әдістер,  тілдік  әдістер,  иллюстрациялар, 
аудио,  видео  көрсетілімдер    диалогтық  оқыту  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Рөлдік ойындар арқылы  авторан сұхбат алып, сұрақтар беру оқушылардың 
сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеттерін  арттырады.  Сондай-ақ,  сабақ  кезінде 
берілген  тақырып  аясында  миға  шабуыл  жасай  отырып,  «пікірталас», 
«дебат»,  «дөңгелек  үстел»,  «брифинг»,  баспасөз  конференцияларын 
ұйымдастырып,  монолог  пен  диалогке,  әңгімелесуге  жағдай  жасасақ, 
оқушылар  өз  ойларын  жеткізіп,  еркін  сөйлеп  танымдық  белсенділігі  арта 
түседі.   
      
Осындай  әдіс-тәсілдерді  қолдану  баланың  айтылым  және  тыңдалым 
әрекеттерін  дамытуда  зор  мүмкіндікке  ие.    Оқушылардың  бір-біріне  жаңа 
тақырыпты түсіндіре отырып, диалогтік қарым-қатынас жасап, өз беттерінше 
қорытынды шығара білуін дәлел ретінде айтуға болады.  
162 
 


       
Сабақ  кезінде  оқылым  дағдысын  ұйымдастырудың  маңызы  зор. 
Оқылым  дағдысында  оқушылар  жазбаша  берілген  ақпарат  мазмұнын 
түсінуге,  мәтіннің  негізгі  идеясын,  құрылымын  анықтауға,  терең  тұшынып-
ұғынуға,  қайталап  оқуға,  сұрақтарды  тұжырымдауға,  қорытындылауға 
мүмкіндік алады.  
      
Оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ой-
пікірін  білдіру  арқылы  оқушының  ойлау  және  сөйлей  білу  дағдысы 
қалыптасады,  дамиды.  Олар  тапсырма  алған  сәттен  бастап  тапсырмамен 
таныса  салып,  өз  пікірлерін  ортаға  салуға  тырысады,  пікірге  сын  көзбен 
қарап,  ойдың  дұрыстығын  дәлелдеуге,  өзгелер  идеясын  мұқият  тыңдауға, 
жеке  жұмысты  доғарып,  жұп  және  топ  болып  жұмыс  істеуге  дағдыланып 
келе жатқандықтары байқалады. Қызықты ұйымдастырылған жақсы сабақтар 
арқылы сауатты оқырман қалыптастыруға негіз қаланады. 
       
Осыған  орай,  сабағымда  қолданып  жүрген  “ДЖИГСО”,  «Болжам 
жасау», «Т кестесі», «Кубизм», «Детальдарды қосу»,  «РАФТ», «Синквейн», 
«Бес минуттық эссе», «Соңғы сөзді біз айтамыз...», «Галереяда ой шарлау», 
«Жылқы  сұлбасы»,  «Автор  орындығын»,  «Идеяны  суреттеу»,  т.б.  әдіс-
тәсілдердің  қайсысы  болмасын,  баланың  ойлау  қабілеттері  мен  сөйлеу 
мәдениеттерін  арттыруға  үлкен  мүмкіндік  туғызғанын  өз  тәжірибемде 
байқадым. Әрине, аталмыш әдіс-тәсілдерді сабақтың әр кезеңіне сай қолдана 
білгенде  ғана,  оқушылардың  ойы  шыңдалып,  сабаққа  белсенділігі,  ынта-
жігері артады. 
     
Жазылым  –  бұл  оқушылардан  үйлесімді  мәтін  құру  үшін  көптеген 
күрделі  дағдыларды  меңгеруді  талап  ететін  дағды.  Баланың  жазылым 
дағдысын  тиянақты  меңгеруі  үшін  өз  бетінше  жазу  алдында  идея 
тұжырымдауға  қолдау  көрсетілсе,  жазу  барысында  жазу  нормаларын 
сақтауға мән беруге ықпал етсек, жазып болғаннан кейін алдын ала берілген 
бағалау  критерийлеріне  сәйкес  екендігін,  мақсатқа  жеткен-жетпегендігін 
анықтауға  мән  беру  керек.  Яғни,  орындайтын  тапсырмаларды  түсініп,    өз 
идеясы  мен  ойларын  білдіру  үшін  қажетті  жоспар  әзірлей  алса;  жазып 
отырғанда  сөздіктерді  пайдаланып,  синонимдерді  келтіріп,  өз  ойын 
көркемдеп  жеткізсе;  грамматикалық  құрылымдардың  дұрыс  қолданылуына 
мән беріп, өзгеріс енгізе алса онда жазылымның талапқа сай орындалғаны.   
      
Өз  тәжірибемде  жазылым  дағдысын  жүзеге  асыру  мақсатында 
қолданып  жүрген    «Қызықты  мозайка»,  «Сағат  дос»  әдісі,  «РАФТ»,  «Бес 
минуттық  эссе»,  «Соңғы  сөзді  біз  айтамыз...»,  «Екi  түрлi  түсiнiктеме»,  т.б. 
әдіс-тәсілдер  оқушының    оқығанын  саналы  түсінуге,  өз  ойын  басшылыққа 
алуға,  ойын  білдіруге,  қағаз  бетінде  тек  жазу  ғана  емес,  көркемеп  жазуға 
үйретеді.  Бұл  әрекет  арқылы  жаңаны  түсіну  үшін  бұрынғы  білетіндерімен 
жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Шығармашылықпен жұмыс 
істеп,  сөздік  қоры  дамиды.  Өмірде  кездесетін  жағдайларға,  оқиғаларға  
саналы, ойлы қарауға үйренеді. 
        
Бұл  аталған  оқытудың  барлық  аспектілері  сындарлы  оқыту 
теориясымен  үйлеседі.  Осылайша,  оқушыны  сыни  тұрғыдан  ойландыра 
отырып,  диалогтік  қарым-қатынас  жасатуда  жауапкершілікті  сезінетіндігін, 
163 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау