БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ТИІМДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
А.Т.Кенжебаева п.ғ.к., доцент,
Ф.С.Юнусметова
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Тараз қ.
«Ел болсам десең-бесігіңді түзе» демекші еліміздің ертеңі бастауыш сынып
оқушыларының санасын қалыптастыру мақсатында олардың санасына қандай
«дәннің» себілуіне байланысты. Ал дәл бүгінгі күн үшін «дән дегеніміз-
оқулықтар, оны тиімді жолмен, әдіс-тәсілді пайдаланып, жас ұрпақтың ойын,
санасын жетілдіру, ал оны қандай жолмен жетілдіреді, бұл мәселе қазіргі
жаңашыл, білімді де білікті мұғалімнің қолында.
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты
жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі болып табылады. Сондықтан да,
бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі
жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы
дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу,
жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс
айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету.
Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша
оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік
тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді.
Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да
тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік,
табандылық, ұйымшылдық, бір-бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады.
Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің көмегімен
және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.
Өзіндік жұмыстың тиімділігі: зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын
мәселенің төңірегінде білімді тереңдейдә, өз пікірін айтып, оны дәлелдей
алады, ізденушілік қабілеті ұшталады және теория мен практиканы ұштастыра
қолдануға мүмкіндік туады. Ал өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты
оқушылардың
танымдық
міндеттерін
қалыптастыру,
шығармашылық
қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту.
Мұғалім сабақта көптеген әдіс-тісілдерді пайдалана отырып, балалардың
ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген
сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы
өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді,
баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі
әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан
қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды
ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір
мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлеріне
тоқталар болсақ:
1. Логикалық ойындармен: құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ,
анаграмма.
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп
құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу т.б.)
3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шағармашылық
бағыттағы жұмыстар: өлең құрасыру, әңгіме, шығарма жазу.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың
тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың
ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы
олардың жұмысты өз еркімен орындау.
Мұнда басты назар аударатын мәселе — оқушылардың ауызша сөйлеуін,
сауатты жазуын талап ету. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол,
сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелейміз.
Өз бетімен жұмыстың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы
мұғалімнің көмегінсіз орындау. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету
үшін,мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылау, білу қабілетін, ойлауын
есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы
орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері
жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны
жөн. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар келесі
кестеде көрсетілген 1-кесте.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар
1
Жұмыстың көлемін шамадан айырмай, оның санасын арттыруға көңіл
аудару
2
Өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлері мен дұрыс ұштастыра білу
3
Оқушының дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде
дамыту
4
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды,
хабарларды енгізу
5
Оқушыларды алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру
6
Оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, белсенді
әрекет жасауға баулу
7
Оқушыда өздігінен жұмыс істеу, еңбек ету дағдысына қалыптастыру.
Кесте – 1. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар
Бастауыш сынып оқушысы білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек.
Мұғалімнің қызметі – оқушы қиын жолдан қиналмай өтуі үшін керек білімді
кешіктірмей керек кезінде беру, ол үшін өз бетімен істелетін жұмыс оқушының
алған, меңгерген біліміне қарай шағын болуы тиіс. Ол үшін мұғалім өзіндік
жұмысты дұрыс ұйымдастыру қажет, яғни нақты тапсырма беру, уақытты
белгілеу, жұмысты өз еркімен істеуі мүмкіндік туғызу, тексері және әділ
бағалау.
Оқушының
алған
бағасы
қызығушылығын
арттырып,
қанағаттанғандық – сезім тудырады және одан әрі құлшына жұмыс істеуге
жетелейді.
«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының
өзін ізденуге жетелейді» деп орыстың ұлы ағартушысы К.Д. Ушинский бекер
айтпаса керек. Ағылшын философы Б.Шоу адамды қызған сайын кірпішке
салыстырады. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау оқушының
ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шыңдайды.
Б.П.Есимов өзінің «Самостоятельные работы учащихся на уроке» атты
еңбегінде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда мұғалімдер мынадай
шарттарды қолдану керектігін атап көрсетеді:
- өзіндік жұмыстың мазмұнын оқушы түсінуі тиіс;
- оның орындалуы туралы оқушыға нұсқау беру керек;
- жұмыстың орындалуын қадағалау керек;
- оқушы жұмысын тексеру, қателерін анықтау;
- оқушы өз жұмысына талдау жасау, байқау керек.
Бұл пікірлерге сүйенсек, ортақ пікір: өзіндік жұмыстың ең басты
қажеттілігі оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып, өзіндік қадам
жасауында болмақ.
Оқушылардың өзіндік қадамы, өзіндік ойының қалыптасуы оны
шығармашылық жұмысқа жетелейді.
Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға жол ашатын
қолайлы жағдай – бұл оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік
ерекшеліктері. Өйткені, бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және
қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. қытай
философы айтқандай «Естігенің ұмытылар, көргенің есіңде қалар, ал өз ақыл-
ойыңмен істеген ісіңді түсінесің» деген даналық сөздері осы айтылғандарды
дәлелдей түседі.
Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу
жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Өзіндік жұмыстардың
нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп
тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс
балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз
орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа,
тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының
артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі
қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін тапсырмалар дұрыс таңдап алынып,
құрастырылуына байланысты болады.
Қорыта айтқанда, бастауыш сыныпта өзіндік жұмысты тиімді ұйымдастыру
оқушылардың тілін дамытуда, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда,
өз бетінше жұмыс жасауда, білімді өз бетімен игеруде өте маңызды екенін
сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. Учебное пособие – М.;2001
2. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс, Алматы, 2001;
3. Тлепина Ш.В. Студенттердің өзіндік жұмыс мәселесі// Білім-Образование. –Алматы. 2007. №5
4. Бастауыш мектеп журналы 2007-2015жж
5. Ш. Амонашвали. Мектепке алты жастан.
6. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманитарного школьного образования. –Алматы: “Ғылым”, 2008ж.
Достарыңызбен бөлісу: |