Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет79/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   122

Жаңа  форматтағы  білім  берудің  дәстүрлі  оқытудан  басты 
айырмашылығы  –  білімнің  дайын  күйінде  берілмеуі.  Нақты  жағдайда 
«Мынаны  былай  жасау  керек»  деп  рецепт  берілмей,  оқушының  өзінің 
шығармашылық  ойлауына  мүмкіндік  беру,  шешім  қабылдауға  үйрету, 
жауапкершілігінін  арттыруында.  Дегенмен  дәстүрлі  оқыту  әдістерін  де 
түбегейлі  жоққа  шығаруға  болмайды.  Себебі  ол  да  өз  заманына  лайықты 
білім  деңгейін  бере  алады.  Алайда  қазір  қоғамдағы  жаңғырулар  мен 
жаңалану,  адам  мүмкіншіліктерінің  арта  түсуіне  байланысты,  ескі  әдіс-
тәсілдер  заман  талабына  жауап  бере  алмайтындығын  көрсетіп  отыр. 
Сондықтан  мұғалімдердің  өздері  дайындаған  орта  мерзімді  жоспарлау, 
тізбектелген  сабақтар  топтамасын  өткізу,  қысқа  мерзімді  жоспарлар 
дайындау жұмыстары да маңызды істің бірі болып табылады. Мұғалімдердің 
сабағында  сабақтың  мақсатын,  міндеттерін  нақтылау,  табыс  критерийлерін 
айқындау,  күтілетін  нәтижелері  де  айқын  болуы  тиіс.  «Қазақ  тілі»  пәнін 
оқытуда  басшылыққа  алынатын  ұстанымдар,  «Қазақ  тілінен»  оқушылардың 
ауызша  сөйлеу  және  жазу  бойынша  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастыру,  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
коммуникативтік  іс-әрекет  түрлерін  меңгертуде,  арнайы  деңгейлік 
тапсырмалар  жүйесін  қолдану.  Жоба  әдісін  қолдана  отырып,  топтық 
жұмысқа  жағдай  туғызу,  топта  өзге  топ  мүшелерімен  еркін  жұмыс  жасауға 
баулу және өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру. 
Тапсырмаларды  өмірлік  шынайы  жағдаяттармен  байланыстыра  отырып 
қолдану, өз бетінше білімін жетілдіруге баулу. Сонымен қатар, түрлі белсенді 
шығармашылық,  практикалық  жұмыстарды  қамтитын  оқу  дағдыларын 
қалыптастыру,  өзіндік  ізденіс  пен  қосымша  материал  пайдалануды  қажет 
ететін  тапсырмаларды  орындау  және  «Не  білемін?Не  білгім  келеді?Не 
үйрендім»  түріндегі  кері  байланысты  жүзеге  асыру,  рефлексиялық 
жаттығулар  орындату,  оқушылардың  біліміне  жүйелі  мониторинг  жүргізу, 
оқушының  өз  білімін  жетілдіру  және  бағалауға  ынталандыратын 
мүмкіндіктер  жасау,  алған  білімін  өмірде  қолдана  білуге  үйрету.  Осының 
бәрін жүзеге асырып, нәтижелі болуына қол жеткізуде мұғалім сенімі ерекше 
орын  алады.  Мұның  өзі  мұғалімнің  көзқарасын,  қабылдауын,  іс-әрекетін 
нығайтады.  
Мұғалім  оқушымен  бірге  өзінің  де  сындарлы  ойлауын,  жаңаша 
идеяларды қабылдау мүмкіндіктерін жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі заман 
талабына  сай  білім  беру,  мұғалім  білім  алушының  өзін-өзі  дамытуына 
қолайлы  жағдай  туғызушы.  Бұл  халық  даналығында  да  айтылған.  «Балаға 
балық  ұстап  берсең  –  бір  күн  азық,  ал  балықты  қалай  ұстауды  үйретсең, 
өмірлік азық»,-дейді халқымыз. Қазіргі еліміздегі қолға алынып жатқан жаңа 
форматтағы  білім  берудің  де  мақсаты  осы.  Бұл  оқушының  немесе  келешек 
ұрпақтың  өз  бетінше  әрекет  ете  білу  қабілетін,  еркіндігін  қалыптастырып, 
шығармашылығын жетілдіреді. Бұл заман талабы.   
 
 
 
172 
 


БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА 1-СЫНЫПТА 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Джумабаева А.А. 
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,  Күреңбел орта мектебінің  
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік 
тіл  –  еліміздегі  халықтар  бірлігінің  негізгі  факторы,  ұлтаралық  қарым-
қатынастың  ұйытқысы.  Қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  құрметтеу  – 
Қазақстанда  тұратын  барлық    халықтың  негізгі  міндеті.  Тіл  –  халықтың 
жеңістері  мен  жетістіктерінің,  ұлттық  құндылықтары  мен  өмір  сүру 
салтының көрінісі. 
            
Қазақстан  Республикасында  білімін  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  –  білім  беру  процессінің 
барлық  қатысушыларының  үздік  білім  беру  ресурстары  мен 
технологияларын тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейді. 
Қазақстан өз тарихында жаңару мен жаңғыру кезеңдерін бастан өткеріп 
жатыр.  Елбасы  өзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауларында  ел  дамуындағы 
маңызды  мәселелерге  тоқтала  отырып,  білім  берудің  бәсекеге  қабілетті 
болуына  ерекше  басымдық  береді.    Тіл  –  адам  мен  адамды,  ұлт  пен  ұлтты 
жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу – адамзат баласы 
үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. 
Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.  
Жер бетінде  бар  адамзат  тілдерін  күнделікті өмірдегі  қарым-  қатынас 
барысында  үнемі  заман  талабына,  уақыт  ағымына  қарай  өзгеріп,  дамып, 
жетіліп  отырады.  Қандай  істі  бастамас  бұрын  алдын-ала  зерттеу, 
қорытындысын  жан-жақты  талдау,  түйінді  мәселерді  анықтау  және  жұмыс 
түрлерін  жоспарлау  арқылы  дайындық жұмыстары  жүргізілетіні анық.  
          
Қазақстан өз тарихында жаңару мен жаңғыру кезеңдерін бастан өткеріп 
жатыр.  Елбасы  өзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауларында  ел  дамуындағы 
маңызды  мәселелерге  тоқтала  отырып,  білім  берудің  бәсекеге  қабілетті 
болуына ерекше басымдық береді. 
            
Орыс  мектептерінде  өтілетін  қазақ  тілі  сабақтарының  мақсаты  – 
оқушылардың  сөздік  қорын  дамыту,  оқу  техникасын  қалыптастыру,  дұрыс 
сөйлеуге, сауатты  жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, қазақ тіліне 
тән  дыбыстарын  айтып,  сөз  ішінен  ажырата  білуге  үйрету  болып 
табылады. Сондықтан  да  оқушылардың  білімін  арттыру  үшін  сабақта  жаңа 
технологияларды қолдана білу керек.  
            
«Технология»  гректің  «teche»-  өнер,  шеберлік    және  «logos»-  ғылым 
деген  сөзінен  шыққан,  яғни    «шеберлік  туралы  ғылым»  деген  мағынаны 
білдіреді. Оқыту  технологиясы  мен  әдістеме  ғылымы  бір-бірімен  тығыз 
байланысты.  Әдістеме  ғылымы  «Нені  оқыту  керек?»,  «Не  үшін  оқыту 
керек?»,  «Қалай  оқыту  керек?»  деген  сұрақтарға  жауап  іздесе,  оқыту 
технологиясы  «Қалай нәтижелі оқытуға  болады?» деген  мәселенің шешімін 
173 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау