Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет70/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   122

жатқан  әлемде  білімді  болу  жеткіліксіз.  Сондықтан  қоғамымызға  
проблемаларды  шеше  алатын,  шешім  қабылдайтын,  сындарлы  ойлайтын, 
идеялар  мен  өнімді  пікір  ұсына  алатын  және  топтарда  да,    жеке  де  тиімді 
жұмыс  істейтін  икемді,  креативті  және  бастамашылық  қабілеті  бар  жастар 
өсіруіміз қажет.  
      
Бүгінгі  күні  мектептегі    кез    келген    пән    мұғалімінің   алдында    тұрған 
маңызды міндет, бұл - оқушыға тиянақты,  өмірге  қажетті  білім  беру болып 
табылмақ. Ол үшін  не  істеуіміз  керек? Қоғам  дамыған  сайын оқытудың  
түрлі    әдіс-тәсілдері  де    артып,  жаңа    технология    тәжірибемізге    көптеп  
енгізілуде.  Жаңа  технологияны    күнделікті    сабаққа  енгізе    салу    үлкен  
қателік    болып  саналады.  Кез-келген    жаңалықты  іс-тәжірибеден  өткізбей  
тұрып,  бірден  пайдаланамын    деу-сапаның    төмендеуіне    әкеп    соқтырады. 
Жаңа  технологияны  енгізу   үшін  сыныптың  жас  ерекшелігін, қабылдау  
деңгейін,  жаңалықты  меңгере  алуын,  икемделуін,  белсенділігін, 
қызығушылығын,  жеке ерекшеліктерін ескерген жөн. Мұғалім, ең алдымен, 
оқушыларда    өзіндік  қасиеттердің  болуына  жағдай  жасауға  тырысуға  тиіс, 
сол  кезде  оқушылар  өздері  -  өздерін  ынталандырып,  осыдан  кейін 
оқушыларда    ұмтылыс  пен  қызығушылық,  құлшыныс,  ынта  пайда  болaды. 
Мұғалім  сабақты  бастамас  бұрын  сыныпта  ынтымақтастық  ахуалдың 
орнауына ықпалдасып, сабақтың қызықты әрі нәтижелі өтуіне жағдай жасау 
керек.  Осы    тұрғыда  жаңа  технологиялық  әдіс-тәсілдерге  негізделген 
ынтымақтастық  ахуалды  орнатуға  арналған    «Шаттық  шеңбері»,  «Жылы 
лебіз»,т.б.    тренингтерді  пайдалану  нәтиже  береді,  оқушыны  шаттандырып, 
жұмыс жасауға деген қабілетін оятады. 
      
Қазақ  тілі  пәні  мұғалімі  ретінде  оқушыларды  топтық  жұмысқа  
ұйымдастыру  арқылы    сапалы  оқудың  бұдан  әрі  қалай  жүретінін  меңгертіп  
қана    қоймай,      сабақта  қолдана  отырып,    оқыту  мен  оқу  тәсілдерінің  
негізінде  тиісті  модельді  құру  арқылы  шағын  топтардағы  жұмысты 
ұйымдастырып,    көшбасшы    елдердің  нәтижелері  негізінде  әлемнің 
қарқынды  өзгеруі  жағдайында  оқушыларға  қойылатын  жаңа  талаптар 
жөніндегі  түсінік  қалыптастырып,  алдымда  отырған    оқушыларды  табысты 
жұмыс істеуге  дайындау  және өмірлік  жағдайларда  олардың бәсекелестікке 
қабілеттілігін  қамтамасыз  ету  үшін  инновациялық  кәсіби  дағдылар  мен 
білімдерді насихаттаймын. Бұл оқушының жалаң  білім  алып қана қоймай, 
тілдік  қорының  молайып, сөзін шешендік  тұрғыда  шебер жеткізуіне ықпал 
етеді.  Топта    жұмыс    барысында  сөздік    қоры    мол    оқушы  өз    тобының  
мүшесін      үнемі    алға  сүйреп,    ілгерілендіріп    отырады.    Сонымен  қатар 
«Жобалау  технологиясын»  өз  сабақтарымда    пайдалану    барысында 
«Естігенімді-ұмытамын,  көргенімді-есте  сақтаймын,  өз  істегенімді-
меңгеремін»  деген  Конфуцийдің  сөзін  ұстанып,  Ы.Алтынсариннің  «Кел, 
балалар,  оқылық,  Оқығанды  көңілге  ықыласпен  тоқылық»  деген  өлең  
жолдарында  осы  технологияның  негізгі  ұстанымдары  жатқандығын  ескере 
отырып,  жобалау    жұмысын  жүзеге  асырдым.  Мысалы:    жаратылыстану 
бағытындағы  10  сынып  әдебиетінде    «Әнші-ақындар  шығармашылығы» 
тақырыбын      оқытуда  оқулықтағы  мәтін  көлемі  шағын  болғандықтан,  өз 
154 
 


бетінше ізденуге жол ашып, оқушының қызығушылық ынтасын  дамыту, өз 
бетімен  жұмыстар  жүргізу  арқылы  білімдерін  жетілдіру,  ақпараттық  
бағдарлау    біліктілігін  қалыптастыру  және  сыни  тұрғыдан    ойлау  
қабілеттерін  арттыру  арқылы  оқушыны болашақта әр түрлі  жағдаяттарда, 
әртүрлі    қоғамдық  ортада    өзін  –өзі  көрсете  білуге  бейімдеу  мақсатында 
оқушылар    «Жаяу  Мұса  және  өлмес  мұра»,  «Үкілі  Ыбырай  және  қазіргі  
жастардың  махаббаты»,  «Балуан Шолақ және ХХІ ғасыр жастары», «Естай 
Беркімбайұлы  мен  өнер»  тақырыптарындағы  жоба    жұмыстарын  қорғап 
шықты. Оқушы  өз пікірін   толық  жеткізу мақсатында әдеби терминдер мен 
көркемдегіш    құралдарды    пайдалана  білуге    дағдыланды.  Сабақ  соңында  
жазылған    эссе  нәтижесінде  «Super  star  KZ»  жобасына  ұқсас  «Серілерді 
іздейміз»    бағдарламасын  ұйымдастыруға    оқушылар  тарапынан    ұсыныс 
жасалып, сыныптан тыс іс-шара ретінде осы жоба 9-10 сыныптар аралығында  
жүзеге асырылды.   Бұл  оқушылар бойындағы  шығармашылық  қабілеттерін  
оятты. 
      
Жаңа  технологияларға  сүйене  отырып,  ой  қозғау  мақсатында 
«Құмырсқалар  пирамида  тұрғызады»  мультфильмін тамашалау арқылы 11 
«А»    сыныбында  топтық  жұмыс    барысында  «бәріміз    біріміз  үшін,  біріміз  
бәріміз үшін» ұранымен  жұмыс   жасағанда  ғана жетістікке  қол жеткізуге  
болатынын    оқушылар  өздері    дәлелдеп  шықты.  Біріншіден,    бұл  адамның 
ойлау    қабілетін  арттырса,  екіншіден,    ұйымшылдаққа,  ынтымақтастыққа 
апарар    жол    екендігі  дәлелденді.  Осы  мультфильмді  11  «А»  сыныбында 
қазақ  тілі  пәнінен  «Варваризмдер»  тақырыбында  өткен  сабақта  қолдану  
арқылы  оқушылар:  «баршамыз    бірлескен    түрде  тілге    қамқор    болған  
жағдайда    ғана  қазақ  тілінің    өсіп-өркендеуіне    жол  аша    аламыз»  деген  
қорытындыға  келуіне  әсерін тигізді. Яғни бала бойында  қазіргі кезден тілге 
деген  жауапкершілік  сезімін  қалаптастыруға  ықпал  ете  алды.  Тіл-қоғамдық 
құбылыс  екені    баршаға    мәлім.  Яғни  қоғам  қалай  болса,  тіл  де    солай 
өзгермек.  Ал    мемлекеттік    тілімізге  қамқор    болу    мемлекетіміздегі    кез 
келген  адамның    басты  парызы.  Ендеше,  мектеп    қабырғасында      оқушыға 
тілді  меңгертіп  қана  қою  жеткіліксіз, әр  оқушы  тілдің  қыр-сырын  терең  
меңгеріп,  шешендік    шеберлікпен  тілдік    детальдарды  қолдана    отырып,  
ойын  жеткізе    алатындай    дәрежеге    жеткізу-тіл    маманының  ең  басты 
міндеті. 
      
Оқушы  да  компьютер  сияқты,  оның    жадына  не  салсаң,  соны  сақтай 
береді.  Сондықтан  «Қоқыс  жәшігі»  әдісі  арқылы    10  «Б»    сыныбындағы  
әдебиеттен өткен   «Абайдың  өлеңдері»  тақырыбындағы   сабақта  оқушылар  
өз бойындағы   жағымды мінез - құлықтарын смайликті  қорапқа, жағымсыз  
жақтарын    «қоқыс  жәшігіне»  салу  арқылы  өз-өздеріне  сыни  тұрғыда  баға 
беруге  дағдыланды.  Бұл    оқушының    шамына    тимей,  өз  бойындағы  
жағымсыз қасиеттерден  жиреніп, жақсылыққа талпынуға шақыратын  тәсіл. 
Зейінді  шоғырландыруға  арналған  «Суретті  салыстырамыз»  жаттығуы 
арқылы кез келген  нәрсеге аса  зейін  қойып қарау керектігін білуге болады. 
Осы жаттығуды 8  сынып  оқушылармен  қазақ тілі пәнінен  өткен «Құрмалас 
сөйлем»  тақырыбында  шебер    қолдана    білдім.  Салалас    және    сабақтас  
155 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау