мәдениетті де анықтайтын кешенді ұғым» - дейді.Яғни тілдің адамның
мәдени-танымдық болмысын қалыптастырушы құрал екендігі мемлекеттік
тілді оқытуда да ұмыт қалмауы тиіс. Сондықтан да қазіргі жағдайда білім
беру жеке тұлғаға бағытталып, педагогикалық үрдісте шәкіртті үнемі даму
үстіндегі әрекет иесі - субъект ретінде тану маңызды болмақ. Осындай
мәселелердің шешімін табуда болашақ мамандардың креативтілігін дамыту
мәселесінің өзектілігі айқындалады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді оқыту өзекті мәселелердің бірі болып
отыр. Елбасымыздың «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілдің
әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайтудағы өзге ұлт
өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытудың мақсат, міндеттері айқын көрсетіледі.
Әр мәдениетті азамат өз Отанын, туып - өскен жерін, оның тарихы мен
мәдениетін, тілін білуге тиісті. Халықтын тарихын, мәдениетін, тілін, рухани
байлығын білу – адамдардағы халыққа деген құрмет сезімін оятады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастар сыйластыққа, достыққа, бірлікке
құрылуы керек. Ал, сол айтылған достық қарым-қатынас тіл арқылы ғана
жүзеге асады. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқыту барысында біздің
алдымыздағы басты міндет – тілді үйретудің ең қолайлы әдістері мен
тәсілдерін таңдап алу. Өйткені мемлекеттік тілді үйретуді тиімді
ұйымдастыру арқылы біз мемлекеттік тілдің дамуына бір қадам
жақындаймыз. Оқытудың қандай да болмасын әдіс-тәсілін ұтымды, нәтижелі
пайдалану – әр мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты. Мен де өз
тәжірбиемде осындай мақсаттарды алға қоя отырып, өзге ұлт өкілдерін
оқытуда мемлекеттік тілді оқытудың әртүрлі жолдарын, әдіс - тәсілдерін
қолданамын. Сондай жұмыс жасаудың бір түріне – әр мамандыққа
байланысты мәтіндермен жұмыс жасау. Оқушылар үшін өздерін
қызықтыратын мамандықтарға байланысты мәтіндермен жұмыс істеу - өте
қызықты, әрі тиімді. Өйткені олар біріншіден, өздері де білмейтін жаңа
сөздермен, жаңа баламалармен танысады, осы мәтіндер мемлекеттік тілді
үйренеді сонымен қатар өзі болашақта таңдайтын мамандығында
қолданатын сөздерден азда болса мәлімет алады. Мұның тиімді жері –
сөздікпен жұмыс, яғни оқушы әр салаға, әр мамандыққа байланысты термин
сөздердің аудармаларымен танысады. Сабаққа қажетті мәтінді таңдалып
алынады, онымен жүргізілетін жұмыстарды үш кезеңге бөлемін.
1. Мәтінмен жұмыстың алдындағы кезеңі;
2. Мәтінмен жұмыс кезеңі;
3.Мәтін соңындағы жұмыс кезеңі.
Мәтінге дейінгі кезенде мәтін алды жаттығулар беріліп, әртүрлі құрлымдық,
тіркестерді меңгерту көзделеді. Мәтінмен жұмыс кезеңінде оқыған мәтінді
түсіну, мазмұнын айту, сұракққа жауап беру, негізгі ойды анықтау
жұмыстары жүзеге асырылады. Мәтін соңындағы жұмыс кезенінде, мәтінге
түсініктеме беруге арналған жаттығулар жасалады. Оған мәтіндегі сөздер
мен сөз тіркестеріне талдауға қатысты жұмыс түрлері жатады. Мәтіндегі
терминдерді есте сақтау мақсатында сол терминдер көмегімен сөйлем
150
құрғызу да орындатылады. Мемлекеттік тілді үйретуде бірден-бір қажетті
нәрсе мәтін десек, оқушылар әр уақытта мәтінмен тығыз байланыста болуы
тиіс. Мәтінді меңгерту жолдары да әр түрлі болып келеді. Жаңа сөздермен
сөз тіркестерін тақтаға жазып, есте сақтауын қадағалау, мәтіндегі қызметіне
байланысты терминдерді бірнеше рет қайталап айтқызу арқылы есте сақтау,
сұрақ-жауап арқылы мәтіннің мазмұнын игерту. Мемлекеттік тілді үйретуде
мәтінмен жұмыс басты орында десек, мәтінмен жасалатын ауқымды
жұмыстар нәтижесінде оқушылар тілді тез арада меңгеруге мүмкіндік алады.
Сондай-ақ, мемлекетік тілді үйретуде қазіргі білім мазмұнының жаңару
кезінде АКТ тиімді пайдалану да үлкен көмеген тигізеді. Бұл жайлы «Қазіргі
заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет», – деп Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев та атап өткен болатын. Яғни, білім беру жүйесін жаңа
технологияларға негіздей отырып, жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру
мазмұнын жаңарту күн тәртібіне енді. Осыған сәйкес жаңа көзқарастар пайда
болуымен қатар отандық білім беру жүйесінде жаңа бастамалар да өмірге
келді.
Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгеріп, оны оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай ыңғайластырып пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі
заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану әрбір жас ұрпақтың өз
білімін көтеруіне қолайлы жағдай туғызумен қатар, оның жаңа әлемнің
азаматы болып қалыптасуына, әсіресе сандық түрде жазылған ақпараттарды
пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға зор мүмкіндік беретіні
дәлелденіп отыр. Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім
беру жүйесін қалыптастыруда және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік
ортаға енуде тиімді қолдана білу негізгі мәнге ие болып отыр. Ақпараттық
технология – оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,
электрондық оқулықтарды, интербелсенді құралдарды қолдануға, ғаламторда
жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар қатынастық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық
технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі
талантты, шығармашылық қабілеті ұшталған, еркін дамуына жол ашуына
тигізер пайдасы аса мол.Еліміздің жас ұрпағы үшін кітаптың маңызы қандай
болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың құралы ретінде
пайдалы. Олай болса, тіл үйрету кезінде де компьютерлердің мүмкіншілігін
пайдалана отырып үйрету – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті
мәселелерінің бірі деуге болады. Сонымен қатар, қазақ тілінің мәдениетін
арттыру, мемлекеттік тілді меңгерушілердің шығармашылық қабілетін
дамыту үшін АКТ ең тиімді құрал десек болады. Онда түрлі тапсырмалар
жүйесін электронды түрде беру, тыңдалым бөлігі арқылы мәтінді есте
сақтауға баулу, бейнероликтер көрсете отырып, көргенін баяндап жаздырту
сияқты қарапайым тапсырмалардың өзі оқушының қызығушылығын
арттырып, тіл үйренуге деген құлшынысын оятады.
151
Достарыңызбен бөлісу: |