Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет302/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   363

618 

 

және  баланың  мотивациясын  күшейтеді.  Мультимедиалық  технологияларды  пайдалану 



арқылы  (түс,  графика,  дыбыс,  замануи  видеотехникалық  құралдар)  түрлі  жағдайлар  мен 

ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері 

үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.Оқытуда 

пайдаланатын  интерактивті  құралдар:  тақта,  компьютерлер  балаларды  диагностикалауда 

жақсы  көмекші  болып  келеді:  зейінің  дамытуда;  есте  сақтау;  қабілетін  дамытуда;  ойлау 

қабілетін  дамытуда;  тілің;  жеке  тұлғасың  дамытуда;  оқу  әрекетінің  дағдыларын 

қалыптастыруда. 

Ақпараттық мәдениетке бейімдеу – ол тек ғана компьютерлік суаттылық емес, соңымен 

қатар  этикалық,  эстетикалық  және  интеллектуальдық  сезімін  меңгеруі  болып  табылады. 

Балалардың  оңай  түрде  түрлі  электронды,  компьютерлік  жаңалықтармен  жұмыстана  білу 

тәсілдерін  меңгеруі сөзсіз. Бала бір минутта 1 мыңға дейін шартты бірлік ақпаратты қабылдап 

өндей  алады,  ал  көру  органдары  «қосылғанда»  100  мың  шартты  бірлік  ақпаратты  қабылды 

деген  эксперимент  арқылы  дәлелденген.  Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балада  ырықсыз 

зейіні  жақсы  дамығаны  белгілі,  бірақ  балаға  ақпарат  қызықты,  көрнекілік    болғанда  зейіні 

жинақталатыны,  жағымды  эмоциялар  туғызатыны  да  белгілі.  Компьютерді  біріккен  және 

өзбетімен  әрекеттенуде  қолдану  баланың  мотивациясын  көтеру  және    оқуға  деген 

жекелендіруінің бір тиімді тәсілі болып келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және 

жағымды  эмоциялық  фон  туғызады.  Осыдан  АКТ-ні  оқытуда  пайдаланудың  тиімділігі 

көрінеді.Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат 

ағымын  бағдарлай  білу  дағдыларын  дамытуға,  ақпаратпен  жұмыстанудың  практикалық 

тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу 

дағдыларын  дамытады.Оқу  іс-әрекеттерінде  АКТ  пайдалану  түсіндірмелі-иллюстративтік 

оқыту тәсілінен гөрі әрекет жасауға көшу мүмкіндігін береді, бала педагогикалық ықпалдын 

пассивті обьектісі емес, белсенді субьекті  болады. Осы, мектепке дейінгі балаларды саналы 

білім  алуға  әкеледі.  Интерактивті  оқу  іс-әрекеттерін  өткізу  бөлмесі  келесі  міндеттерді 

орындайды:  балаларды  жаңа  технологиялары  арқылы  оқыту;  сауық  және  ойын  орталығы; 

мұнда  көлемді  білімдендіру  және  сауықтыру  міндеттер  орындалады;  балаларға  және 

тәрбиешілерге  жұмыстануға  өте  жағымды  жағдайлар  туғызады;  балаларды  компьютерлік 

технологияның мүмкіндіктері мен дағдыларымен таныстырады. 

Интерактивті  тақтаны  пайдалану  оқытуда  интерактивті  кешендерді  пайдалану 

сапалы,  қызықты  және  оңтайлы  болып  келеді.  Электрондық  мультимедиялық 

бағдарламаларды  дәстүрлі  оқыту  және  педагогикалық  инновациялармен  қатар,  оқыту 

үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. 

Бірнеше  технологиялардың    пайдаланудың  әсері,  оқыту  нәтижесінін  сапасын  күшейтеді.      

                Электрондық  жүйеде  оқытуда  мультимедияны  пайдалану,  балаларға  ақпаратты  беру 

жылдамдығын,  оны  түсінуді  көтеріп  ғана  қоймай,  соңымен  қатар  мынандай  маңызды 

сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады. 

Мектепке  дейінгі  мекемеде  интерактивті  тақтаны  пайдалану  тәсілдері  өте  көп.  Бұлар 

презентациялар,  интерактивті  оқыту  бағдарламалары,  графикалық,  бағдарламалық 

орталықтарда жобалар құрастыру. . [6].  

Интерактивті тақтаны пайдалануда қандай дағдылар болу қажет: 

12. 


Компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі 

13. 


Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыстану 

14. 


Интернет  жүйесінде  жұмыстану  практикасы  (бейнелерді,  әзір  презентациялар 

мен оқыту бағдарламаларын тауып алу). 



Проблемалық оқыту технологиясы- баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және 

шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.  Яғни,  балалардың  белсенділігі  арттыру,  оқу 

материалына    баланы  қызықтыратындай  мәселе  тудыру,  бала  материалды  сезім 

мүшелері    арқылы  ғана  қабылдап  қоймайды,  білімге  деген  қажеттілігін  қанағаттандыру 

мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. 



619 

 

Ынтымақтастық  педагогикасы-педагогтың  талап  ету  педагогикасынан  қарым-қатынас 



педагогикасына  көшуі.  Балаға  ізгілік  тұрғысынан  қарау,  оқыту  мен  тәрбиенің  ажырамас 

бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни бала да тәрбиеші де субъектілер болып 

табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші 

арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау. [7].  

Бұл  технологияның  негізгі  мақсаты-баланы  азамат  етіп  тәрбиелеу,  олардың  танымдық 

күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату. 



Модульдік  оқыту  технологиясы-оқытудың  тұтас  технологиясын  жобалау,  алға  қойған 

мақстқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, 

түсіндіріп  бере  алатындай  жүйені  таңдау  және  құру.  Балалармен  жүргізілетін  жұмыстарда 

кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыситарының жүйесін құру. 

Қорытындылай келетін болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық 

құралдар  балабақшада    балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  әр  сатыға  балалардың 

қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау 

қабілеті  әлсіз,  қабылдау  процестері  тұрақсыз  келеді.  Сондықтан  олар  затты  қолмен  ұстап, 

көзімен  көргенді  ұнатады.  Осыған  сәйкес,  мектепке  дейінгі  балалардың  оқу  іс-әрекеттеріне 

көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.  

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға 

қойылатын  талаптар  студенттерді  оқытудың  жаңа  түрлерімен  қаруландыра  отырып,  қазіргі 

уақыттағы  кәсіптік  дағдыларын  игеруге  бағытталған  оқытудың  жаңа  жолдарын  енгізуді 

көздейді.  Сондықтан    жаңашыл    тәрбиеші    даярлауға    қойылатын    талаптар    студенттерді-

ертеңгі  мұғалімдердермен  тәрбиешілерді  оқытудың    жаңа  түрлерімен  қаруландыра  отырып, 

қазіргі  уақыттағы    кәсіптік  дағдыларды    игеруге    бағытталған    оқытудың    жаңа 

жолдарын  енгізуді көздейді.   

 

 



Используемая литература: 

1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 

2.  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл 

3.  «Қазақстан - 2050» стратегмясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 

4.  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл 

5.  К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология.  Оқулық.Тараз. Тар МУ.2003. 

6.  А.К.Ахметов.  Принципы  технологии  и  содержание  образовательной  программы. 

Алматы.1995. 

7.  “Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004 жыл 

8.  «Бала мен балабақша» журналы  № 11,2011жыл 

 

 

 



АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ – ЕҢБЕК ПЕН АТА – АНА ҮЛГІСІ 

 

 

Тельгузинова М.Ш. 

ҚМКҚ «Мерей» балабақшасы 

 

 

«Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен 

ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, 

білім беру – бүгінгі танда отбасының, балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті.» 

                                                                         Н. Ә. Назарбаев.  



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау