Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет300/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   363

614 

 

ренжу)  т.с.с.  Өзін  -  өзі  бағалау.  Менім  ойымша  осы  жастағы  балалар  жас  ерекшелігіне 



байланысты өзін және істеген істерін жоғары бағалайды. Бұл қасиет баланың өркөкіректігіне 

жатпайтындықтан  кейін  өзінен-өзі  жойылад.  Балаларда  кейбір  үлкендердің  балға  деген 

көзқарастары,  сүйіспеншілігі,  аялауы  жетіспеушілігінен  өзін-өзі  бағалауы  төмен  болады. 

Осындай жағдайда (оны жасық деуге де болады) мектепке келген бала  қорқақ келеді, берген 

сұрақтарға  өзінен-өзі  қысылып  жауап  бере  алмайды.  Мәселен  алатын  болсақ  баланың  есте 

сақтауы, ойлау мен қабылдауы төмендей береді. Сонымен қатар:  

Мектепке 

психологиялық дайындығы 

 1.Баланың  мектепке  жеке  тұлғалық  және  әлеуметтік-психологиялық  дайындығы. 

Баланың жаңа әлеуметтік  орныққан орнын қабылдауы, оның оқушы ретінде мектепке жеке 

тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығының қалыптасуы. 

2.Баланың  мектепке  дейіңгі  кезеңдегі    қоғамдық  орнын  салыстырғанда  қазіргі  орны  

жаңа  ережелерді  қабылдауды  міндеттейді.  Бұл  баланың  мектепке  жеке  тұлғалық 

дайындығында,  мұғалімге  және  оқу  әрекетіне,  құрбыларына,  туыстары  мен  жақындарына, 

өзінің-өзіне белгілі бір қатынаста көрінеді. 

  3.Мектепке  көзқарасы:  мектептің  күн  тәртібін  орындау,  уақытында  сабаққа  келу, 

мектепте және үйде оқу тапсырмаларын орындауы, яғни бұл баланың мектептегі қарапйым 

ережелерге біртіндеп бейімделуі десекте болады.  

Қорыта  айтқанда  жалпы  баланың  мектепке  баруын  белгілі  бір    дағдарыс  деп 

қабылдамауы үшін, қарапайым түсініктерді ата - ана мен тәрбиеші бірлесе отырып қолға алған 

жөн. Мектепке даярлығы жоқ бала - өз әрекетін жоспарлай және бақылай алмауы мүмкін, сол 

себептенде  бала  өз  қатарластарынан  қалып,  сабаққа  қызығушылығы  төмендей  береді. 

Мектепке даярлығы бар бала - өз әрекетін басқарып бақылай алады, ерек - жігерлері артады. 

Бүгінде саналы да сапалы білім алатын жас буындарды тәрбиелеп өсіру, баланың санасына 

дұрыс әсер ету балабақша мен мектепке тығыз байланысты.  

   


 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Әдістемелік  нұсқаулар/Құраст.  Э.С.  Қыдырова,  С.Л.  Мадалиева.  –  Шымкент:  «Шикула 

және К», 2012. – 176 б. 

2.  Балаңыз мектепке дайын ба?:  Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал: 

/Ғ.З. Таубаева, К.М. Метербаева – Алматы: Просвещение-Қазақстан, - 2009, 68 б., сурет. 

3.  Журнал әОтбасы және балабақша, №2, 2002 ж. 

4.  Әдістемелік  құрал:  «Біз  мектепке  барамыз»/  Ә.Б.  Ақпаева,  Л.А.  Лебедева.  –  Алматы. 

Алматыкітап баспасы, 2014. – 114 б. 

 

          



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАБАҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 

 

 

Тасубаева Лалагуль Сериковна 

мини - центр «Жеткіншек» при  СОШ № 83 (г. Караганда) 

 

 

Қазіргі  қоғамда  болып  жатқан  кең  шеңбердегі  өзгерістер  үшінші  мыңжылдықтың 



білімді,  саналы  жастарын  тәрбиелеушілерге  үлкен  міндет  жүктері  сөзсіз.  Жас  ұрпақтың 

жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі 

білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім 

беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.  




615 

 

«Кішкентай  бүлдіршіндердің  дамуына  ықпал  ететін  үздіксіз  білім  берудің  алғашқы 



сатысы  ретінде  мектепке  дейінгі  білім  беруге  баса  назар  аударған  жөн.  Және  бұл  сатыны 

олардың  шығармашылық  және  интеллектуалдық  қабілеттерін  дамытуға  арналған  тиімді 

бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған 

ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз қажет», – 

деп Елбасымыз  

Мемлекеттік білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасында: «Соңғы кездері 

мектепке  дейінгі  тәрбиенің  мүмкіндігі  кеңейіп  келеді,  мемлекеттік  пен  қатар  жеке  меншік 

яслилер мен балабақшалар пайда болды», – деп көрсетілген. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде 

мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беру  жүйесінің  жаңаруына  орай,  жаңа  үлгідегі  «Мектеп 

және  балабақша»  кешені,  гимназиялық,  лицейлік,  отбасылық,  коммерциялық  және  т.б. 

балабақшалар  іске  қосыла  бастады.  Міне,  осындай  мектепке  дейінгі  мекеменің  алдына 

қойылатын  маңызды  міндеттердің  бірі  –  баланың  кейін  мектептегі  оқу  үдерісіндегі 

нәтижелілігіне  кепілдік  ететін,  мектепке  дайындығының  оптималдық  деңгейін  қамтамасыз 

ету. Қазіргі мектеп алдыңғы кезеңге оқушыларды пән бойынша білім, білікпен қаруландырып 

қоюды емес, олардың тұлғасын оқу әрекеті негізінде тәрбиелеуді ұсынып отыр. Баланың оқу 

әрекетін  игеру  жетістіктері  мен  оқу  жағдайына  үйлесімділігі  олардың  мектепке  жалпы 

дайындығымен  айқындалады.  Балаларды  мектепке  даярлау  негізінен  балабақшада  жүзеге 

асырылып келеді.  

Қазіргі  таңда  «мектепке  дейінгі  тәрбие»  ұғымының  «мектепке  дейінгі  білім  беру» 

ұғымына өту кезеңіне куә болып отырмыз. Бұл жерде «мектепке дейінгі білім беру» ұғымын 

«балалардың тұлғасын дамытудың мүмкіншіліктерінің кеңеюі, баланың өзін-өзі дамыту және 

өмір жолын компетентті таңдау деп қараған жөн, білім беру баланың ұғынуы мен ақпараттық 

тануының парадигмасынан әлеуметтік-мәдени белсенді даму парадигмасына, мәдени-тарихи 

парадигмасына түгел дерлік ауысуда» [1].  

Мұндай жаңа көзқарас балаларды мектепке даярлау үдерісінде, білім беруді де, үлкендер 

мен  балалардың  өзара  қатынасының  формаларында,  балалардың  өзара  қатынасында  қайта 

қарауын талап етеді. Білім беруді, оның вариативтілігін анықтау мектепке дейінгі білім беру 

теоретиктері мен практиктерінің қазіргі таңдағы үлкен көкейкесті мәселесі болып отыр. Тағы 

бір өзекті мәселе балабақшада балаларды мектепке даярлау, олардың қазіргі жағдайдағы іс-

әрекетке  қабілеттілігі,  себебі  балабақшаның  мәртебесі  әлеуметтік-экономикалық  жағдайға 

тәуелді.  Егер  бұрынғы  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесінде  мектеп  жасына  дейінгі  жас 

кезеңінің  құндылығы  ұғымы  артқа  шегеріліп  отырса,  ал  қазір  заттар  мен  құбылыстардың 

мұндай  ұқсастығы  әлеуметтік  тапсырыс  пен  ата-аналардың  тапсырысы  бойынша,  нарық 

жағдайының бағдарлауымен және балабақшада қосымша мамандарды қамтумен айқындалып 

отыр [2].  

Бұл өз кезегінде мемлекеттік емес және жеке азаматтарға, акционерлерге, ведомстволық 

және басқа да мекемелерге қарайтын «элиталық» мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 

пайда  болуын  түсіндіреді.  Бірақ  та,  бұл  мекемелердің  де  басты  мақсат-міндеттері  баланың 

жеке басын жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі болып табылады.  

Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  2010  ж.  Жолдауында  аталып  көрсетілген 

«Балапан»  бағдарламасы  аясында  Елбасының  берілген  тапсырмасын  орындау  мақсатында 

халықты балабақшамен қамтамасыз етудің қысқа мерзімді шаралары жүргізілді: 

 1)  2009-2015  жылдарға  мемлекеттік  және  жекеменшік  инвестиция  есебінен  мектепке 

дейінгі ұйымдардың объектілерін енгізу кестесі құрылды;  

2)  мемлекеттік  органдар  орналасқан  балабақшалар  ғимараттарын  босату  бойынша, 

оларды коммуналдық меншікке беру шаралары жүргізілді;  

3) мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін басқа да ғимараттар мен орындарды пайдалану 

қарастырылды.  

Облыстық, Астана және Алматы қалалық әкімдеріне мектепке дейінгі ұйымдар желісін 

кеңейту және мемлекеттік білім беру тапсырысын меншік түріне қарамастан мектепке дейінгі 

ұйымдарда орналастыру жөнінде ұйымдастыруға кеңес беру көмектері көрсетілді.  



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау