Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет301/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   363

616 

 

Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау шараларын жеңілдету мақсатында Қазақстан 



Республикасы  Үкіметінің  қаулысы  қабылданды.  Әлеуметтік  осал  тұрғындар  қатарына 

жататын  отбасылардың  балалары  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  кезектен  тыс  орын  алу 

мүмкіндіктері  қарастырылған  Мемлекеттік  стандарт  жасалып  шығарылды.  Қазіргі  кезеңде 

мектепке  дейінгі  ұйымдарды  медициналық,  кадрлық,  оқу-әдістемелік,  материалдық-

техниканы қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша мәселелер қарастырылуда   

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді  ізгілендіру  басымдылығына 

сәйкес мектепке дейінгі мекемелердің дамуында тек құрылымдық емес, сондай-ақ мазмұндық 

сипаттағы  жаңа  тенденциялар  пайда  болуда.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу 

және оқытудың мемлекеттік бағдарламалары «Балбөбек», 5-6 жастағы балаларды мектепалды 

даярлау бағдарламасы, «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары, сонымен бірге 

альтернативтік  негізде  ресейлік-шетелдік  «Развитие»,  «Одаренный  ребенок»,  «Из  детства  в 

отрочество»,  «Игралочка»,  «Раз  ступенька,  два  ступенька»,  «Step  by  step»  бағдарламалары 

тәжірибеден өтіп пайдаланылуда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын 

арттыру  мақсатында  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  Қазақстан  республикасының 

Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда:  

Мектепке  дейінгі  ұйымдар  желісін  одан  әрі  дамыту  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің 2004 жылғы 12 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 

білім беруді  дамытудың мемлекеттік бағдарламасында жоспарланған. 23 мың  орындық 164 

мектепке дейінгі  ұйымның құрылысымен қатар, білім беру ұйымдары базасындағы 20 мың 

орынға арналған 800 мектепке дейінгі шағын орталықтарды құру көзделген. Республикамызда 

қазірдің өзінде 3,5 мың орындық шағын орталық жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Мектепке 

дейінгі шағын орталықтар 1 жастан бастап 6 (7) жасқа дейінгі балаларды жан жақты дамыту 

және  ата-аналарға  баланы  тәрбиелеу  мен  оқытуды  ұйымдастыруда  кеңес  беру-әдістемелік 

қолдау, балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін ашылады [3].  

Нормативтік  және  бағдарламалық  әдістемелік  қамтамасыз  ету  және  мектепке  дейінгі 

шағын орталықтардың ашылу тетігін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім 

және ғылым министрлігі Балалар толық және толымсыз күн болатын мектепке дейінгі шағын 

орталықтар қызметінің типтік ережесін дайындады және 2005 жылғы 27 маусымдағы № 441 

бұйрықпен  бекітті.  «Мектепке  дейінгі  шағын  орталықтарды  ұйымдастырушылық  және 

бағдарламалық әдістемелік сүйемелдеу» республикалық эксперименті аясында бейімделетін 

«Қарлығаш» мектепке дейінгі шағын орталықтарда балаларды дамытудың жобасы әзірленді.  

Сонымен,  жоғарыда  талдап  көрсетілген  мәліметтер  қазіргі  кезеңде  мектепке  дейінгі 

білім беру жүйесінің даму және жаңару үстінде екенін айдан анық көрсетіп отыр. Қазақстан 

Республикасындағы  балабақшалардың  білім  беру  жүйесінің  дамып  жатқандығын  көрсете 

отырып, осы аталған жүйенің тек айтылып қана қоймай, сонымен қатар практикалық түрде 

жүзеге асырылып жатыр дегіміз келеді.  

XXI  ғасыр табалдырығын  білім мен  ғылымды  инновациялық    технологиялық  бағытты 

дамыту    мақсатымен    аттауымыз  үлкен    үміттің  басты  нышаны    болып  табылады.Ұрпағы 

білімді халықтың  болашағы бұлыңғыр болмайды  деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса 

керек. 


Қазіргі таңда  еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты-

ой-өрісі    жаңашыл,  шығармашылық    деңгейде    қызмет  атқара  алатын,  дүниетанымы 

жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу. 

Қазіргі  кезеңде  білім  ғылым    саласында  инновациялық  педагогикалық  технологиялар 

қаншалықты    маңызды  болса,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  де 

педагогикалық  технологиялар  ұғымы  кеңінен  қолданылатын  ұғымдардың  біріне 

айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас 

бөлігі  болып  отыр.  Сондықтан  мектепке  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізгі 

мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. [4].  

Жаңа  заман  баласы  ертеңгі  еліміздің  болашағы.  Жаңа  заман  баласын  қалыптастырып, 

дамыту  үшін,  тұлғаның  ішкі  дүниесі  мен  оның  қыр  сырын  анықтап,  мүмкіншіліктері  мен 



617 

 

қабілетінің  дамуына  жағдай  туғызу  қажет.  Әрине,  ол  үшін  мектепке  дейінгі  білім  беру 



мекемелерінде  балалардың  жеке  басының  қалыптасуы  мен  дамуында  педагогтардың 

педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. 

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі 

білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді  қамтамасыз ету. Кез келген 

оқыту  технологиясы  тәрбиешіден  терең  теориялық,  психологиялық,  педагогикалық 

әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны 

ұғына  білуді  талап  етеді.  Қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде 

қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық. 



Ойын  арқылы  оқыту  технологиясының  мақсаты  дидактикалық,  тәрбиелік, 

дамытушылық,  әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойын  технологиясының  ерекшелігі 

ойындық  іс-әрекеттің  психологиялық  механизмі  жеке  бастың  өзіндік  талап-талғамдарына 

сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді 

көздейді.  Ойын  -  балалар  үшін  оқу  да,  еңбек  те.  Ойын  айналадағы  дүниені  танудың  тәсілі. 

Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана 

қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. 

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге 

құштарлығын арттырады. 

Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, 

мақстакерлік,  ар-намыс,  мақтаныш  сезім,  дербестік,  адамгершілік,  еңбексүйгіштік, 

белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. 

Сонымен  қатар,  мектепке  дейінгі  мекемелерде  инновациялық  білім  беру  құралдарын 

қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, 

компьютер,  интерактивті  тақта,  интернет,  мультимедиялық  құрал,  электрондық  оқулықтар, 

мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы 

басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы 

объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, 

қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда 

кеңінен  пайдалану.  Бұл  жағдайда  тәрбиеші  әр  оқу  іс-әрекеттерін  бастар  алдында  жиі 

көрнекіліктер  ауыстырмаған  болар  еді.  Ал,  мультимедиялық  оқулықтар  арқылы  тәрбиеші 

уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді. 

Бала  бақша  баласына  мультимедиялық  оқулықтар  біріншіден,  балалардың 

қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта 

көруге  мүмкіндік  алады.  Мультимедиялық  оқулықтар  балабақшада  балаларға  арналған 

таптырмас  құрал  болып  табылады.  Өйткені,  балалардың  зейіні  әр  түрлі  әдемі  түстерге, 

ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. 

Мультимедиялық  электронды  оқулықтар  бала  үшін  де,  тәрбиеші  үшін  де  күнде 

дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады. 

Мектепке  дейінгі  мекемелерде  ақпараттық  қатынастық  технология  құралдарын 

қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық 

қызығушылықтың  болуы  олардың  оқу  іс-әрекеттерге  белсенді,  білімінің  сапалы  болуына, 

жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Заман  талаптарына  сай  мектепке  дейінгі  мекемелерде  АКТ  оқыту  процесінде  кенінен 

пайдаланады.  Түрлі  танымдық  салаларына  арнаулы  компьютерлік  бағдарламалар  құрылуда. 

Баланың  жас  ерекшелігіне  және  пайдаланатын  компьютерлік  бағдарламаларға    сай 

интерактивті 

тақта 

ойындағы 



баланың 

оппоненті, 

бағдарлаушы 

(әңгімелеуші), 

жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.  

Оқытуда  балалардың  түрлі  психикалық  функцияларын  дамытуға  араналған 

пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, 

логикалық ойлау, т.б. [5].  

Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға 

деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау