Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного


БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫННЫҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет309/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   363

632 

 

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫННЫҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ 



 

 

Төлешова Ләззәт Төлешқызы 



№42 «Тілек»  балабақшасы,  тәрбиеші 

 

 

Қазақтың  ұлттық  ойындары  негізінде  жас  ұрпаққа  патриоттық  тәрбие  беру  қоғамның 

экономикалық мәдени, саяси және басқа да сұраныстарына жауап ретінде көрінеді, сондықтан 

да  патриоттық  тәрбие  әлеуметтік  организмге  тән  барлық  толып  жатқан  компоненттер 

базасында париоттық тәрбие қалыптасады. 

Ал, қандай да болмасын жеке адам белгілі бір ұлт өкілі болғандықтан, оның генетикалық, 

әлеуметтік  негіздерін  этнопедагогика  мен  этнопсихология  ғылымдары  қарастырады.  Жеке 

тұлғаның екі жоспарда талдану қажет, іс - әрекет жоспарында және оның дамуын көрсететін, 

тұлға сапасы мен қасиеттерінің өзгеру жоспарында. 

Тұлғаны  әр  түрлі  іс  -  әрекет  түрлеріне  дайындау  мақсатында  оны  жан  –  жақты 

дамытумен және оны қалыптастыру мәселесімен айналысатын болғандықтан, этнопедагогика 

үшін бұл бағыттың маңызы өте зор.  

Бұл  порцесте  тұлғаның  ой  –  санасын  тың  мәліметтермен  кемелдене  түседі,  сезімі 

ұшталып, бойында рухани қажеттенулер пайда болып, белгілі бір іс - әрекеттерге итермелейді. 

Сондықтан,  жас  ұрпақты  патриоттыққа  тәрбиелеу  барысында  алдымен  патриоттық  білім 

беруп, патриоттық  сана қалыптастыру,  паориоттық  сезімін оятып, патриоттық  іс  - әрекетке 

бейімдеу қажет. Мұнда патриоттық сананы тұлғаның ішкі жан дүниесінің қозғалыстары деп 

қарастыратын болсақ, ол сезімнен және іс  - әрекеттен көрініс береді. Педагогика, психология, 

философия,  әлеуметтану  тағы  басқа  ғылыми  әдебиеттердегі  патриотизмге  қатысты  ой  - 

пікірлермен  бірге,  мерзімді  басылымдардағы  жекелеген  ғалымдарың  мақалаларын  зерделеу 

барысында біз балаларды патриотизмге тәрбиелеудің бағыттарын нақтылау қажет екендігіне 

көз жэеткіздік. 

Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарын зерттеп, алғаш рет жүйелеген ғалым - М. 

Гурнер. 


Ол  өзі  жинаған  қазақ  халқының  ұлттық  ойындарын  ескере  отырып  оларды  мынадай 

белгілері бойынша саралауды ұсынады: 

жалпы сипаттағы ойындар



кедергі және күрес элементтері бар ойындар; 

ашық жердегі ойындар



қысқы уақыттағы ойындар; 

демалысқа арналған ойындар; 



ат спорты ойындары. 

Ұлттық  ойындарға  оң  бетбұрыс  жасап  жатқан  қазіргі  кезеңде  әр  іс  -  әрекетімізді 

ортаазиялық, тіпті дүниежүзілік деңгейге лайық етуіміз керек. Ұлтымыздың қанына тән, салт 

– дәстүрімен бірге сақталып келген сан ғасырлық тарихы бар қимыл – қозғалыс және ақыл – 

ой ойындарының  ерекшелігін, маңызын ұрпаққа жеткізу - әрбір азаматтың борышы. 

«Кедеймін  деп  қысылма,  өнерің  болса  қолыңда»,  «Өнерлінің  өрісі  кең»  деген  халық 

даналықтары өте дәл айтылған. Бүгінгі қазақ жастары қандай өнерді таңдап алып, соған ден 

қоямын десе де мүмкіндігі мол. Бірі – күштің толысуына әсер етсе, екіншісі – жылдамдықты, 

үшіншісі – табандылықты, төртіншісі – адами қасиеттерді қалыптастырады. 

«Жерде  жатқан  жұмыртқа,  аспанда  ұшқан  құс  болар»  дегендей,  келешек  ұрпаққа 

ұлтымызда,  салт  –  санамызда,  дәстүрімізде,  ұлттық  ойындарымызда  ерекше  тәрбиелік, 

парасаттылық аспектілері мол екенін дәлелдеуіміз керек. 

Қазақ  халқының  әдет  –  ғұрыптары  негізінде  дамыған  алуан  түрлі  ұлттық  ойындары 

көшпелі өмірге, дала табиғатына сай дами берді. Әр түрлі өнер белгілі бір жүйеленген ортада 

көріне алмағандықтан, театры жоқ елдің театр орнына көретін сауығы – еңбек мерекелері мен 




633 

 

қыз  ұзату,  бала  сүндеттеу,  ас  беру  сияқты  шаралардың  арқайы  ән  мен  күй,  «драмалық» 



элементке жататын халық ойындары болғаны да даусыз.  

Қазақ халқының тіршілігенде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) маңызды орын алды. 

Хайуанаттар  жайындағы  ұлттық  ойындар  балаларға  тәрбиелік  әсер  етіп,  олардың  көңілін 

сергек  етіп  өсіреді.  Қиын  қыстау  жерлерде  жол  тауып,  тапқырлықпен,  ептілікпен  өз  есесін 

қайтаруға үйретеді. 

Көбінесе,  жасөспірімдерді  ынтықтыратын:  «Аңшылар»,  «Қара  сиыр»,  «Түйе  -  түйе», 

«Түйе мен бота», «Соқыр теке», «Қораздар сайысы», «Ордағы қасқыр», «Қасқыр мен қоян», 

«мысық пен тышқан» тәрізді ойындар. 

Балаға бірінші рет кездескен ойынның бәрі де жаңалық, бәрі де ғажап дүние. Сол күлкілі 

кейіпкерлердің өмір сүру, өмірге икемдену жолындағы қақтығыстар және өөге жан иелерімен 

қарым – қатынастары, айла – тәсілдері таң қалдырады. Кішкентай, әлсіз тірлік иелерінің өмірге 

икемлірігін,  жеңгіштігін  көрсету,  ойнап  шығу  балаларға  арналған  халық  ойындарының  ең 

қызық  тұсы.  Бұл  ойындар  балалрдың  незер  аудару  және  бұлшықеттің  ширығу  дәрежесін 

үйретеді: ойнның қалыптасқан жағдайына байланысты ол қимылды тынығумен кезектестіре 

алады.  Бұл  бақылағыштыққа,  тапқырлыққа  тәрбиелеуге,  қоршаған  ортадағы  жағдайдың 

өзгеруіне  қарап  бағдар  белгілеу,  қалыптасқан  жағдайдан  жол  тауып  шығу,  тез  шешім 

қабыодап,  оны  жүзеге  асыру,  батылдық,  ептілік,  мақсатқа  жетудің  өзіндік  әдісін  таңдау 

қабілетін қалыптатсыруға көмектеседі.  

Әрбір қимыл – қозғалыс ойынында дерлік балалардың ойын әрекеттері мен қимылдарын 

өзгертуге  берілері  сигналдар  борлады.  Мұндай  ширақ  қимыл  -  әрекет  еліктіру  және  тежеу 

үрдістерін жетілдіре және теңестіре отырып, баланың жүйке жүйесін шынықтырады. 

Ұлттық ойыннның сипаттамасы 

Қазақтың  ұлттық  қимыл  –  қозғалыс  ойындарын  баланың  жеке  басын  тәрбиелеудің 

оларыдң адамгершілік қасиеттерін: адалдығын, шыншылдығын. Ұстамдылығын, тәртіптіліні, 

жолдастық сезімін дамытудың бағалы құралы ретінде пайдалана аламыз.    

Әртүрлі  дене  тәрбиесі  жаттығуларының  ішінде  ойынның  артықшылығы  оның  ерекше 

тартымдылығынан, балалардың күшін жұмылдыратын, қуаныш пен қанаған сезіміне бөлейтін 

әсерлілігінен, ірі бұлшықеттердің (жүгіру, секіру, лақтыру) айтарлықтай бөлігінің жұмысына 

көмектесетін  қозғағыштық  қызметінен  қимылдың  қарқыны  мен  күш  –  қуатын  балалрдың 

өздерінің реттей білу мүмкіндігінен жеке бастаманың және батылдық, тәртіп, тапқырлық, т.б. 

психологиялық қасиеттерді дамытуынан деуге болады.  

Қимыл – қозғалыс ойындары тірек – қимыл аппаратын дамыту және жетілдіру жолымен 

ағзаны  күшейтуге  көмектеседі.  Ұлттық  ойындар  балаларды  әдептілікке,  ұқыптылыққа, 

тәртіпке, әрекетті жинықтауға және жоспарлауға үйретеді. 

«Жолға салсаң – жорға, жонға салсаң жүйрік», «Ат шаппайды – бап шабады», «Жалғыз 

шапқан ат жүйрік» деген даналық сөздерден бірталау мағына ұғынуға болады. Ертедегі қазақ 

жерінде  көрші  екі  ауылың  арасында  жылына  он  –  он  беске  дейін  ат  ойындарының  барлық 

түрлері өткізіліп тұрған. 

Әр баланың ережені жете түсінуін және міндетті түрде орындауын ересектердің талап 

етуінің  шешуші  маңызы  бар.  Тәрбиелік  ықпал  етудің  әсерінен  балаардың  ойын  үрдісіне 

көзқарасы  біртіндеп  өзгереді.  Ойын  әрекеттері  мен  ережелерін  барынша  дәл  орындауға 

қызығуы мен ұмтылысы пайда болады. Ережене әдейі емес, кездейсоқ бұзудан көрінетін, оны 

орындамау себебі де өзгереді. Мұндайда бала өзі жіберген қателікті сол бойда түзеткісі келеді.  

Сөйтіп,  ойнау  барысында  жүйнелі,  байыпты  түрде  балаларды  ереженің  қоғамдық 

маңызын жете түсінуіне жеткізетін бұл қасиеттері жеке адамның адалдық, әділеттілік, достық, 

батылдық,  өзін  -  өзі  басқару,  табандылық,  жігерлілік  сияқты  ең  жақсы  жақтарын 

қалыптатсырудың тиімді құралына айналады.    

Ұлттық қозғалмалы ойындарымыз баланың ақыл – ойын, қиялын, есте сақтағыштығын, 

тапқырлығын дамытуға көмектеседі. 

«Апандағы  қасқыр»,  «Батыл  балалар»,  «Аңшылар»  және  т.б.  ойындар  балалрдың 

аралықты  көзбен  мөлшерлеп,  бағалауға  сүйеніп  және  қимылды  орындау  уақытын  ескеріп, 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау