495
спрашивает: «Who has a cat? Who has a wolf?. Тот у кого на карточке есть нужная картинка,
отвечает: « I have». Лото должно быть тематическим.
3. “ A magic box”. Водящий отворачивается, учитель показывает детям любую игрушку
и спрашивает , например: «Is it a cat or a dog?. Водящий отвечает, остальные дети сразу же
откликаются на то, угадал их товарищ или нет.
4. “ A magic box” ребенку завязывают глаза и дают в руки какой-нибудь предмет
(например, картошку), ребенок ощупывает его и спрашивает:” Is it аn orange? Is it а tiger?».
Как только предмет правильно назван, остальные дети откликаются.
5. «Guess , what is it ?» Учитель заранее рисует какой-нибудь предмет на небольшом
листе бумаги, а дети задают вопросы Is it big or small? Is it a domestic or wild animal?’’
Таким образом, если лексические задания увлекательны и интересны, то они хорошо
запоминаются, изучаемый материал усваивается и у детей появляется чувство
определенного достижения, развивающее мотивацию к дальнейшему обучению. Этот
циклический процесс способствует позитивному отношению к изучению английского языка,
что является одной из самых ценных вещей, которые преподаватели могут дать детям на
начальном этапе.
Используемая литература:
1.Чеепова Н.Ю. Английский язык для дошкольников. Метод. пособ. по созданию языковой
среды в детском саду. М .Аквариум ЛТД; Киев:ГИППВ,2002.
2. Тарасюк Н.А. Иностранный язык для дошкольников: Уроки общения( на примере
английского языка).М.,2000.
3. Прокопенко Ю.А. Роль песен и ритмических движений при обучении дошкольников
английскому языку. Дошкольная педагогика.2007.Май.
4.Конышева.А.В. Английский для малышей. СПб.,2005.
5. Коновалова Т.В. Веселые стихи для запоминания английских слов. СПБ: Изд. дом «Литера»,
2006.
«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА
МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ»
Нурмаганбетова А.Р., Раева Н.К.
КМҚК «Еркетай» балабақшасы
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық жағынан дайындау, бұл
қазіргі таңда психология - педагогика ғылымдарындағы өзекті мәселелердің бірі.Яғни, баланы
жан - жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады. Баланы балабақшада ғана
дайындап қоймай, ата - аналарында кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды
мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Балабақшамен мектеп
арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата - аналар баланың мектепке бару үшін тек
әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды. Әрине бұлда маңызды фактор.
Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең
балалар үшін өте ауыр. Яғни балабақшадан мектепке бару. Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс
- тәсілдерін қолданады, сабақтар өтіліп, психолог - педагогта балалармен жұмыс жүргізіп
мектепке дайындайды. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі -
өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.
Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық
диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:
496
- Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу
бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;
- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен
психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды
бөлігі болуы тиіс;
- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық
әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы
немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.
- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен
психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды
бөлігі болуы тиіс;
- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық
әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы
немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.
Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін
анықтайды. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді-
этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:
1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.
2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-
анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-
аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.
3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық
зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен
бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген
сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.
4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан
баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен
психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.
5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар
психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста
болып атқаруы қажет.
Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне
байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған
қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен
ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады. Егер оның жеке
көрсеткіштері нормадан жоғары болса, онда осы бала өзінің дамуы жағынан құрдастарынан
жоғары болады, ал керісінше, егер оның жеке мәліметтері нормадан төмен болса онда
құрдастарынан қалып қояды. Психодиагностикада балалардың мектептегі оқуға
қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі
себебі, баланың белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы
орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға,
мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.Мектепке баратын
балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады.
Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі.
Сондықтан практикада салыстырмалы жеңіл тесттерді сұрақнамаларды, бақылауды,
құжаттарды талдауды және психодиагностикалық эксперименттерді қолданады.
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою;
дамыту жолдарын белгілеу – қысқа мерзімдік диагностикалық шара болып табылады. Осы
даярлық диагностика мазмұнын үнемі жаңа ізденістермен жетілдіріп отыру – теорияның
жемісі. Сондықтан да мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнын теориялық
ғылым, тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастырады.
- мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.