Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет243/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   363

497 

 

-  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  танымдық  процестерінің  денгейлерінің 



диагностикасы. 

-  баланы  мектепке  дайындаудың  тиімді  әдіс-тәсілдерін  қолданудың  психологиялық 

мүнкіндіктерін айқындау. 

Зерттеу  әдістері-танымдық  процестерді  зерттеуге  арналған  стандартты  әдістер 

комплексі: 

- түрлі әңгіме әдістерін қолдану. 

- шағын тестік тапсырмалар 

 Мектепке  дейінгі  балалық  шақта  (үштен  жеті  жасқа  дейін)  организімнің  қарқынды 

жетілуі  жалғаса  түседі.  Жалпы  өсумен  қатар  ткандар  мен  мүшелердің  анатомиялық 

қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің 

сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 

1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен 

оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда 

болу  жылдамдығы  артып,  әсіресе  екінші  сигнал  жүйесі  қарқынды  дамиды.  Дене  дамуы 

баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің 

жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.  

П.П.Блонский 

өзінің 


педалогиялық-бағдарлану 

концепциясында 

баланың 

үлгермеушілігі,  мектептегі  сәтсіздіктерін  оның  жүріс-тұрыстарынан  емес,  әуелі  семья 

жағдайына, әлуметтік экономикалық мәселелерінен қарау керек деп тұжырымдаған.  

Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың 

ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әрекет жасап 

үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын 

адам  болу  керек.  Қандай  адамзат  баласы  болмасын  баланың  әлеуметтік  жағдайына 

бейімдейтін,  үйрететін  ата-анасы  болып  табылады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 

танымдық  процестерінің  дамыту  үшін  өткізілген  эксперементалдық  жұмыс.Балалардын 

ойлауын  сезімін,еркін зерттеу  керек  болса,  бұл  үшін  психолог қандай  болмасын  бір  әрекет 

ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі 

балалардың  психологиялық  ерекшеліктері  жазылып,  кейін  оған  мұқият  талдау 

жасалынады.Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі 

сөз  бен  көрнекіліктің  ара  қатынасы  үнемі  өзгеретіндігі,  балалардың  жасы  өсіп,  білім  қоры 

молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың 

біртіндеп  толық  және  мағыналы  бола  түсетіндігі  де  байқалған.Мектепте  оқытуға  баланың 

психологиялық дайрлығы - мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың 

қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды 

игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.  

Ендігі  жерде  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  бүкіл  өмірін  ұйымдастыру,  оның 

денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке 

даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру 

аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып 

табылады. А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму 

үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, 

көлеміне  қарап  ажырата  бастап,  олардың  құрылысын,  пайдалану  тәсілдерін  білгісі  келеді. 

Күнделікті  өмір  барысында  бала  шындық  дүниенің  құбылыстары  мен  заттарын  анықтай 

білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір 

нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, 

әр  нәрсеге  үңіле  қарайды,  көп  нәрселер  оларды  ойлантады.Балалар  әдетте  өзіне  түсініксіз 

оқиғалардың,  құбылыстардың  сырын  білуге  құмартады.  Күн  сайын  олардың  алдында  жаңа 

сұрақтар  туады.  Сол  сұрақтың  жауабын  олар  ересектерден  күтеді,  өйткені,  олардың 

түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой 

еңбегімен  шұғылданудағы  ниетін,  ықыласын  сипаттайды.  Сондықтан  ересек  адамдар  бала 

сұрағын  жауапсыз  қалдырмауға  тырысқан  жөн.  Себебі  сұрағына  жауап  ала  алмаған  бала 



498 

 

келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл  баланы дүниені тануына кері  әсер  етуі 



әбден  мүмкін.В.С.  Мухина  бойынша  мектеп  жасына  дейiнгi  және  бастауыш  мектеп 

жасындағы  балаларда  мiнез-құлық  мотивациясы:  мiнез-құлықтың  саналы  регуляциясы 

күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер 

сферасы  кеңейедi,  қарым-қатынасқа  деген  қажеттiлiк,  жетiстiкке  жету,  басқарушылыққа 

қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, 

өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады . Мектеп жасына дейінгі баланың 

есі  негізінен  ықтиярсыз  сипатта  болады.  Бұл  бала  көбіне  өзінің  алдына  бір  нәрсені  есінде 

қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру 

баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі 

іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, 

не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте 

сақтаудың  сапасы,  баланың  осыларға  қаншалықты  әсерлі  іс-әрекет  істеуіне  іс-әрекет 

процесінде  оларды  егжей-тегжейлі  қабылдау,  ойластыру,  топтастыру  қандай  дәрежеде 

өтетіндігіне  байланысты.  Мысалы,  суреттерді  жай  ғана  қарап  шыққанда  оларды  баланың 

есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, 

ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды 

есінде  жақсы  сақтайды.  Ықтиярсыз  есте  сақтау  баланың  орындайтын  қабылдау  және  іс-

әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады .Мектепке дейінгі жастағылардың 

ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске  түсіруі  – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала 

бірдеңені  есте  сақтау  немесе  еске  түсіру  жөнінде  алдына  әлі  мақсат  қояды,  ал  бұл  үшін 

арнаулы тәсілдерді  қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының 

біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп 

өткеннен  кейін  бала  оны  шетке  ығыстырып  қойып,  үлкен  адамнан  басқа  суретті  көрсетуді 

сұрады.  Кейбір  балалар  бейнеленген  заттар  жөнінде  әңгімелеп  беруге  тырысты,  суретке 

байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- 

көбелек,  құрт  деп  аталады».  «Қарбыз.  Мен,  анам  және  әкем-  үшеуіміз  үлкен  қарбыз  сатып 

алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған 

балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады .В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске 

түсірудің  ықтиярлы  формалары  мектепке  дейінгі  естияр  шақта  қалыптаса  бастайды  және 

мектепке  дейінгі  ересектерде  жетіледі.  Ықтиярлы  есте  сақтау  мен  еске  түсіруді  меңгерудің 

неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап 

шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала 

дүкеннен  белгілі  заттарды  сатып  алу  жөніндегі  тапсырманы  орындаушы  ретіндегі  баланың 

есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті 

сөздерден көп болып шығады. Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. 

Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске 

түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала 

алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені 

қабылдап,  жасағанын  көрсететін  іс-әрекетті  білуі  керек.  Есте  сақтау  міндеті  еске  түсіру 

тәжірибесінің  нәтижесінде  пайда  болады.В.С.  Мухинаның  айтуынша,  есте  сақтау  мен  еске 

түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың 

есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны 

қайталап  беруді  талап  етеді.  Үлкен  адам  баладан  бір  нәрсе  сұрағанда,  оның  еске  түсіруіне 

бағыт береді: «Сосын не болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің?» 

Тағы  сол  сияқты.  Бала  біртіндеп  қайталай  білуге,  түсіне  білуге,  материалды  есте  сақтау 

мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің 

ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне 

жуықтайды:  бұрын  қабылданған  бір  нәрсені  есіне  түсірген  бала  соны  көз  алдына  қайтадан 

көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста 

осындай  есі  бар  бала,  кейінірек,  мектепке  оқыту  кезеңінде,  әдетте  өзінің  бұл  қабілеттілігін 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау