Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет238/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   363

487 

 

берілуіне    байланысты екендігін   бүгінде    ғылыми   педагогикалық   зерттеулер   дәлелдеп   



отыр. Табиғатпен    қарым  – қатынас,   балалардың   ойлау,   есте     сақтау, бақылағыштық   

қасиеттеріне,  сана   сезімдерінің   жылдам   өсіп   жетілуне, түйсігіне   тағы   басқа   оңды  әсер 

ету    мүмкіндігі      шексіз.  Себебі,  адам      табиғи      тірі      ағзалардың      бірі.  Адам      өзінің   

болмысымен игерген   білім жүйесі   нәтежиесінде   өзін   кейінгі   өмір  кезеңдерінде көрсете   

алады.  Білім  мен  тәрбие  беру    жұмыстарының  нәтижесінде  мектепке  дейінгі  жаста    негізі 

қаланған әсемдікті сезіну, талғамын жетілдіру жұмысы бастауыш сыныптарында,  орта білім 

алу,  яғни,  базалық  білім  алу  барысында  одан  ары  жалғасын  таппақ.  Бұл  кезде  бала  өзін 

қоршаған  ортадағы  өсімдіктердің  қыр-сырын  терең  білуге  талпынады.  Сөйтіп,  бала 

өсімдіктерді аулада, бөлмеде өсіру, оларды күтіп баптау әдіс - тәсілдерін іздеп, өзін қоршаған 

ортаға    қызығушылық  таныта  бастайды.  Баланың  мұндай  қызығушылығы  экологиялық 

мәдениетті қалыптастырады. 

 «Табиғат-бүкіл  тіршілік  атаулының  алтын  ұясы,  талбесігі,  өсіп-өнермекені»,  яғни 

табиғатты қорғау-экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастыру мен табылады.Қазіргі уақытта 

экологиялық  тәрбие  арқылы  бірқалыпты  даму  концепсиясының  мақсатыңа  жетуге  болады. 

Табиғат жеке  тұлғаның  қалыптасуына,оның ойының дамуына,эстетикалық,еңбек және дене 

шынықтыру тәрбиесіне күшті әсер етеді. Әр адамның  баласы қалай болып өсетіні өзіне ғана 

байланысты.  Біз  баланы  табиғатты  пайдаланып  қана  қоймай,оған  қамқор  болуға,оны  күтіп 

аялауға  үйретуіміз  керек.  Табиғатқа  деген  дұрыс  қарым-қатынасты  қалыптастыру  балалық 

шақтан  басталады.Жас  кезінен  табиғатқа  зиян  келтірмей,оны  сүйюге,оған  қамқор 

болуға,саналы пайдалануға,дамытушылық шараларға үйрену керек. 

Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге,ең ұлы қамқоршысы да екенін 

ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп  баптап, 

мейіріммен  аялау  арқылы  ғана  қажетті  үлесіңді  үзбей  ала  аласың.  Табиғат  қазынасын 

қастерлеген  адам  ғана  ұлы  мұратқа  жетеді.  Өз  адамгершілігінің  салмағын  өлшегің  келсе, 

табиғаттың  сыр  сипатын  түсіне  білуге  әрекет  жасап  көр.  Туған  жеріміздің  баға  жетпес 

қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету  барлық 

үлкен-  кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат-адам үшін жайлы 

мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті   табиғи қуат көздерін орнымен 

пайдалану,  табиғат  әсемдігін  сақтау,  қоршаған  ортамен  үйлесімді  өмір  сүру,мейірімділік 

нұрын шашу екенін ұмытпайық. 

Ендеше,  туған  табиғатты,  туған  ел  мен  жерді  құрметтеуге  бүлдіршін  жастан  бастап 

баулыған абзал. Сонда ғана біздің еліміздің болашақ ұрпақтарының кез-келгені экологиялық 

сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғатпен жан-дүниесі үйлескен, дүниетанымы кең болып 

тәрбиеленеді. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1. Балабақшадағы экологиялық тәрбие «Отбасы және балабақша»-1996. №11-12/ 

2. Еликова,С.Ф.Москаленко Е.А. «Мен және айналадағы табиғат»-2010.№ 1 

3. Құлшанова С Табиғатты қорғау. « Отбасы және балабақша» – 1993. № 6. 

4. Керімбаева Р Табиғат. Бала. Тәрбие. «Отбасыжәнебалабақша» – 1997. № 1 – 3. 

 

 

 



БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ 

СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

 

Тәрбиеші: Нукушова.Б.С 

Қарағанды қаласы «№2 «Батыр» санаторлық балабақшасы»КМҚК 

 



488 

 

 

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі,өнегелі тәрбие беру-

қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. 

К.Д.Ушинскии «Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық 

ойын,сөз қорының,санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен».Логикалық ойдың 

пікірдің  дамуы  баланың  келешекте  рухының  жоғары  болуына,батыл  пікір,нақты  шешім 

айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. 

5-6  жастағы  балалар  табиғат  және  ондағы  көптеген  заттар,құбылыстар  жайлы  хабар 

болады.Жыл 

мезгілдеріне 

сәйкес 


(күз,қыс,көктем,жаз)күзде 

жапырақтар 

сарғаятыны,құстардың  жылы  жаққа  ұшатыны,тұманды,жаңбырлы  күндердің  көп  болатыны 

баланың  ойында  қалады.»Күз»дегенде  «жапырақтар  сарғайып  түседі»-деген  ойдың  пайда 

болуы,оларды 

күнделікті 

өмірмен 

тығыз 


байланыстырады.Себебі,күзде 

баланың 


жапырақтармен ойнайтын кезі аз емес. 

Бес жастағы бала жылдың төрт мезгілін бір-бірінен ерекшеленетінін толық айтып бере 

алмайды.Бірақ,күзден кейін қыс,көктемнен кейін жаз келетінін анықтай алады.Сонымен қатар 

бала күнделікті көріп жүрген қой-ешкі,сиыр мен жылқы сияқты үй жануарларын,хайуанаттар 

әлемінен көрген ит,қасқыр,түлкі,қоян сияқты аңдар мен құстарды таниды. 

Олар жайлы өзіндік ой-түйсіктері болады. 

Мысалы:кірпі  қыста  ұйықтайды,жазда  орманда  жүреді,оның  үстіндегі  тікеніне  қандай 

заттар түсетін болса (жапырақтар,жидектер т,б)сонмен коректенеді деген ой қалады. 

Бес  жастағы  бала  табиғаттағы  шындық  пен  ертегідегі  жағдайларды  бір-бірімен 

шатастырады да,оларда мынандай ойлар тууы мүмкін. 

Мысалы.  «аю  бармағын  жалайды»,  аю  жылыну  үшін  ағаштың  діңгегіне 

тығылады.Шындығында  аюдың,кірпі,борсық  т.б  аңдардың  қыста  ұйықтауының  өзіндік 

биологиялық мәні бар. 

Балаларда  табиғаттағы  заттарды  бір-бірімен  салыстыру,олардың  бір-бірінен  қандай 

айырмашылықтары бар екені жайлы өзіндік ойлар туа бастайды.  

 Балаларда  табиғаттағы  заттардың,жануарлардың,өсімдіктердің  бір-бірінен  қандай 

айырмашылығы арқылы ерекшеленетінін,ғалымдарымыз мынадай тұжырымдары анықтайды. 

Мысалы:жануарлардың пішіні,түр-түсі,сыртқы тоны арқылы салыстырады. Бұл жастағы 

бала мысық пен кірпіні былай салыстырады. 

Кірпінің  терісі  инелер,мысықта  тері,ал  тері  кірпінің  бауырында  ғана  болады,мысықта 

инелер болмайды.Бала осы сөздермен мысық пен кірпіні толық сиппатадым деп ойлайды,ал 

шын мәніндегі ой-түйсік келе қалыптасып жетіле береді. 

Осыған  сәйкес,  «Өсімдіктер  әлемі»тақырыбында,балаларды  балабақша  ауласындағы 

ағаштармен,гүлдермен,шөптермен таныстырып,олардың жылдың әр мезгіліне сай өзгеретінін 

түсіндіріп өткен дұрыс.     

5-6  жастағы  балаға  қыста  ағаштардың  жапырақтары  түсіп,қураған  сияқты  болып 

көрінеді,бірақ ол ағашта қыста да тіршілік үзілмейтіні туралы айтып, түсіндіру керек.  

Ерте көктемде ағаштың 2-3 бұтағын кесіп,топта суға салып қою арқылы одан бүршік өсіп 

шығатынын,яғни  қыста  да  өсу  процесі  тоқталмайтынына  балалардың  көздерін  жеткізуге 

болады. 


Бала  өсімдікке  қамқорлыққа,жануарларды  күтуге,табиғи  ортаға  шанашырлықпен 

қарауға тәрбиешінің күнделікті тікелей бсшылығымен тәрбиеленеді,сондықтан тәрбиешінің 

күнделікті  іс-қимылын  бала  бақылай  отырып  түсінеді,тәрбиешінің  өсімдіктерге  су 

құйып,жануарларды тамақтандыруы т.б істерін көру арқылы естеріне сақтап ,өздерінде де,ой 

пайда болады. 

Осы  жастағы  баланың  «еңбекке»деген  қабілеті  басқа  қасиеттерінен  басым 

болатындығын әр тәрбиеші есінде ұстағаны жөн.Сондықтан,оларға тапсырма бергенде аяғына 

дейін  тиянақты  орындалуын  қадағалап,  мақсатын  дұрыс  ұғындыру  қажет.Осында 

жағдайлардан кейін бала шын көңілімен,ынтамен орындауға кіріседі. 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау