Кустық жұмыс бойынша әдістемелік нұсқау
Курстық жұмыс пәннің негізгі құрастырма бөлігі болып табылады. Жұмысқа келесі талаптар қойылады:
өздігінен шешу;
ЕСКД талаптарына сәйкес есептік-түсіндірме хатты сапалы рәсімдеу;
технологиялық, кинематикалық, беріктік және бсқа да есептерді дұрыс орындау.
Курстық жобалардың тақырыбы
1. Шашыратқыш кептіргіштің құрылмасын жетілдіріп, құрғақ сүт өнімдері өндірісінің желісін жобалау
|
2. Табиғи жартылай ет өнімдерін буып-түюге арналған цехты жобалау
|
3. Балаларға арналған сүт өнімдерін өндіруге арналған цех
|
4. Фарш даярлау учаскесін жобалау
|
5. Құрғақ сүт өнімдерін қалпына келтіретін қондырғының құрылмасын жетілдіріп, қалпына келтірілген сүт өндіру желісін жобалау
|
6. Қамыр бөлгіштің құрылмасын жетілдіріп, ұн өнімдерін өндіру желісін жобалау
|
7. Құс етін қайта өңдеу цехы
|
8. Ірімшікті бөліп алу әдісімен өндіру өндірісінің цехы
|
9. Гомогенизатор жабдығын жетілдіріп, құрғақ сүт өнімдерін өндіру желісін жобалау
|
10. Тері сыдыруға арналған барабанды қондырғының құрылмасын жетілдіріп, ұсақ қара малды союға арналған цех
|
11. Макарон бұйымдарын өндіру цехын жобалау
|
12. Балғалы ұсақтағыштың құрылмасын жетілдіріп, ет-сүйекті шикізатын қайта өңдеуге арналған желіні жобалау
|
13. Ет-сүйекті ұнды түйіршіктеуге арналған желі
|
Кустық жобаның тақырыптары қолданыстағы машиналар мен аппараттардың жұмыс істеу принципі мен есептерін жүргізуге бағытталған.
Курстық жұмыстың көлемі мен мазмұны
Курстық жұмыс есетік түсіндірме хаттан тұрады. Оның құрамына:
Бастапқы бет
Мазмұны (тақырыбы, әрбір бөлімдегі беттердің саны).
Кіріспе (тақырыптың өзектілігі)
Жобалау нысанының сипаттамасы (құрылғының сипаттамасы, құрылымы, жұмыс істеу принципі және қауіпсіз пайдалану ережелері және т.б.).
Негізгі есептері (технологиялық, кинематикалық, электрқозғалтқыш қуаты, беріктік, жылулық, гидравликалық және т.б.)
Қорытынды (техникалық параметрлері мен қортындысы).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Курстық жобаны бақылау және кеңес беру
Курстық жұмысты орындау барысында студент түсінбеген сұрақтарына жауап ала алады. Курстық жұмысты орындағаннан кейін порталға курстық жұмысты салуы керек және қағазға шығарылған түрінде кафедраға әкеліп тапсыруы керек. Оқытушы ескертулер жасаса студент оларды түзетуі керек. Жұмыс толық орындалғаннан кейін жоба қорғалады.
Негізгі әдебиеттер
1 Еренғалиев А.Е., Қасенов Ә.Л., Орынбеков Д.Р. Ет өнеркәсібінің технологиялық жабдықтары. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті – Семей: 2010. – Б. 212.
2 Еренгалиев А.Е. Технологическое оборудование мясной промышленности: Учеб. пособие для вузов/ А.Е. Еренгалиев .- Семипалатинск, 2002.-149 с.
3 Какимов А.К. Переработка мясокостного сырья на пищевые цели/ А.К. Какимов, Е.Т. Тулеуов, Н.А. Кудеринова.- Семипалатинск: Тенгри, 2006.-130 с.
4 Какимов А.К. Механическая обработка и технология комбинированных мясных продуктов/ А.К. Какимов.- Семипалатинск: СГУ им. Шакарима, 2006.-143 с.
5 Касенов А.Л. «Ет өнеркәсібіндегі технологиялық жабдықтар», Семей, 2002 ж., - 152 бет
6. Сурков В.Д., Липатов Н.Н., Барановский Н.В. Технологическое оборудование предприятий молочной промышленности. - М.: Пищевая промышленность, 1983. - 432 с.
7. Томбаев Н.И. Справочник по технологическому оборудованию предприятий молочной промышленности. - М.: Пищевая промышленность, 1972.
8. Пелеев А.И. Технологическое оборудование предприятий мясной промышленности. - М.: Пищевая промышленность, 1971 – 519 с.
Достарыңызбен бөлісу: |