Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет14/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48

7
БАЛАНЫ 
ДӘРЕТХАНАНЫ 
ПАЙДАЛАНУҒА
ҚАЛАЙ ҮЙРЕТУГЕ 
БОЛАДЫ
47


Мұндай жағдай балаға айғайлаудың немесе жиір-
кенішіңізді көрсетудің еш қажет жоқ. Бала ашуыңыз-
дың себебін түсінбеуі де мүмкін, ал егер осындай жайт 
қайталана берсе, баланың табиғи дәретке отыру үдерісі 
алдында түйсік деңгейінде қорқынышы пайда болып, 
ол несебі мен нәжісін ұзақ уақыт бойы қысып тұруға 
тырысатын болады, ал бұл өз кезегінде өзге күрделі 
қиындықтар тудыруы мүмкін.
Сфинктер бұлшық еттерін (қуық қалбыршағын және 
ішектерді жауып тұратып бұлшық еттерін) игеру дененің 
өзге бұлшық еттерін игеру сияқты біршама уақытты 
талап етеді. Оған қоса, қуық қалбыршағының немесе 
ішектің толғанын сезу – бұл да айтарлықтай қиын дағды 
(бірақ ересектерге тым қарапайым болып көрінеді). 
T
үбекке отыра білу – сірә, әлеуметтік деп аталатын, яғни, 
қоғамда өмір сүруге қажетті алғашқы дағдылардың бірі 
шығар. Міне, сондықтан, түбекке отыруды ерте үйрен-
ген баланың ата-анасы оны мақтан тұтады – бұл басқа 
адамдар лайықты бағасын беретін нағыз жетістік қой! 
Ең алдымен ата-аналар есте сақтауы қажет, балалардың 
даму жылдамдығы әртүрлі боулы мүмкін, сондықтан, егер 
балаңыздың денсаулығына қатысты қандай да бір күрделі 
қиындықтары болмаса, жақсы ойнаса, тамақтанса және 
ұйықтаса, дымқыл киімі мазаламаса және әзірше түбекке 
отырғысы келмесе – алаңдаудың қажеті жоқ.
Әдетте, баланың өз ағзасының қызметтерін басқарудың 
алғашқы талпыныс әрекеттері  1,5–2 жасқа таяғанда 
пайда болуы мүмкін, алайда, мұны 3-4 жасында жасай 
бастайтын дені сау балалар да жетерлік. Бала дымқыл 
немесе кірлеп қалған киіміне еш назар аудармай ойын 
қызығына беріліп отыра беруі мүмкін немесе тіпті өз 
нәжісімен ойнай бастауы мүмкін.
48
БАЛАНЫ ДӘРЕТХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА
ҚАЛАЙ ҮЙРЕТУГЕ БОЛАДЫ
7


Сондықтан, әдетте, түбекке үйрету үдерісі бірте-бір-
те жүргізіледі. Қырағы ана баланың бойынан білі-
нер-білінбес мазасыздық және біршама күйзеліс 
белгілерін байқайды және баласына түбекті пайдала-
нуды білдірмей көмектесе алады. Мақсат орындалған 
жағдайда түбектің ішіндегісін көріп, қуануға, мақұлда-
уға, мақтауға болады (бірақ асыра сілтеп жібермеңіз). 
Мақсат орындалмаса, баланы басынан жылы лебізмен 
сипап, есейе келе, ересектер сияқты жақсы жасай алаты-
нын айту керек.
Бала бүл үдерістің басқа балалар қалай жасайтынын 
көргені жақсы, ал егер отбасында басқа бала 
болмаса, ата-анасы дәретханада не істейтінін 
көрсеткенде тұрған ештеңе жоқ.
Анасы ойыншықтардың көмегімен қысқа қойылым 
жасайтын ойындар әдетте өте нәтижелі болады, анасы 
қуыршақтың немесе ойыншық жануардың көмегімен 
дәретке отыру үдерісін көрсетіп, міндетті түрде балаға 
түбекке не түскенін көрсетеді (шай немесе пластилин 
қолдануға болады). Әдетте бала қуанып, осы ойынды 
басқа ойыншықтарымен қуана-қуана қайталайды. 
Асығыстық танытып, баладан табан астында қажетті 
әрекетті жасауын талап етпеген жөн. Одан да оған өзі 
қалағанда немесе қуыршақтың жанында жасауға мүм-
кіндік беру керек. Анасы осы үйрету үдерісін көңілді, әрі 
қызықты ойынға айналдыра алады. Осындай шығар-
машылық әдіс қандай да бір дағдыларды меңгеру және 
жалпы оқу-үйрену қызық екенінің үлгісіне айналуы 
мүмкін.
Егер анасы немесе әжесі осы мәселеге тым көп көңіл 
бөлсе, баланы үнемі қадағалап отырса, қайта-қайта 
есіне салып отырса – нәтижесі қарама-қарсы болуы 
мүмкін немесе ұзақ күтуге тура келуі мүмкін. Түбекке 
өзі барғысы келетін басқа бір жасар баланың анасының 
сүйсіне айтқан әңгімесін ести сала өз ар-намысыңыз-
дың құрбанына айналмауға тырысыңыз және баланың 
да, өзіңіздің де жүйкеңізді жұқартпаңыз.
49
БАЛАНЫ ДӘРЕТХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА
ҚАЛАЙ ҮЙРЕТУГЕ БОЛАДЫ
7


Әдетте, ұқыптылық дағдыларын балалар 3-4 жасқа 
толғанда иеленеді. Егер бала осы жастан шыққаннан 
кейін де төсекке кіші дәретін жіберіп қоя беретін болса, 
тиісті маманға – балалар психотерапевтіне немесе 
психоневрологына қаралау қажет, себебі, сіз балалар 
энурезі сырқатымен бетпе-бет келуіңіз ықтимал. Энурез 
(несеп тоқтамау) екі түрлі болады – күндізгі және түнгі.
Энурез тудыратын барлық себептерді үлкен екі топқа 
бөлуге болады. 
Бірінші себептер тобы шошу, ауыр күйзеліс, созылмалы 
психозақымдаушы жағдай және т.с.с. психологиялық 
факторлармен байланысты. Мұндай жағдайларда энурез 
– невроз (жүйке жүйесінің титықтауы) белгісінің бірі, 
сондықтан да, невротикалық деп аталады.
Екінші себептер тобы жүйке жүйесінің және ағзаның 
өзге де жүйелерінің бұзылушылықтарымен байланысты. 
Олардың қатарына жайсыз жүктілік және босану сал-
дары, сәбилік жаста ауырған кез-келген ауыр сырқат-
тардың салдары және баланың ағзасын әлсіретуге алып 
келетін қандай да бір созылмалы сырқаттарға шал-
дығуы (созылмалы тонзиллит, аденоидтар, ішек-қарын 
сырқаттары және т.б.) кіреді. Бұл энурез түрінің сыртқы 
белгілері алдыңғы энурез түріне ұқсас болса да, себеп-
тері бөлек, сондықтан, невроз тәріздес деп аталады.  
Сонымен, егер 4 жасқа толғаннан кейін балаңыз төсекке 
жүйелі түрде жіберіп қоятын болса, ол энурез сырқаты-
на душар болды деуге болады. Бұл жасқа дейінгі сіздің 
әрекеттеріңіз таңертең төсек құрғақ болса, қуанышыңы-
зды ашық білдіріп, ал дымқыл болса, бетіне баспай, 
жазғырмай, баланы ұқыптылық дағдыларын меңгеруге 
білдірмей баулуға бағытталуы тиіс.
Егер анасы баласының міндетті түрде ұқыпты болуын 
талап етсе немесе тіпті баласын келемеждесе, ал бала 
ағзасы бұғын әлі дайын болмаса, баланың табиғи қажет-
теліктер алдында қорқынышы немесе басқа да невроти-
калық белгілері пайда болуы мүмкін. Ана өз есіне салып 
тұруы қажет, бала мұны анасын ашуландыру үшін емес, 
әзірше дәретін ұстай алмайтындықтан жасайды.
50
БАЛАНЫ ДӘРЕТХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА
ҚАЛАЙ ҮЙРЕТУГЕ БОЛАДЫ
7


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау