Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет11/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48

Назар аударыңыз! Осы кезеңнен бастап-ақ гимнастика 
енгізуге болады, күнделікті жасалған жағдайда баланың 
денсаулығына және психикалық дамуына пайда әкеліп 
қана қоймай, дене шынықтыру мәдениетін қалыптасты-
рудың алғашқы сатысына айналады.
i
АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС 
Бұл істе жүзудің көмегі орасан зор. Егер ұзақ уақыт бойы, 
әрі, ең бастысы, жүйелі түрде баламен бірге жүзумен айналысса, 
ол балаға қуаныш сыйлайды, бойына батылдық бітіреді, әртүрлі 
сырқаттарға қарсыласу қабілетін арттырады, тепе-теңдік сақтау 
қабілетін дамытады. Баланың өкпесінің көлемі ұлғаяды, яғни, 
ағза оттегімен қоректендіріледі, ал оттегі өз кезегінде ми жұмы-
сын жақсартады. Баланы жүзуге туыла сала үйрету қажет.
Етбетінен жатқан бала ойыншыққа қарай созылады 
– алғашқы мақсатты қимыл-қозғалыстарының бірін жа-
сайды. Әрі қарай жетіліп келе жатқан сәби бүкіл денесін 
бар күшін салып көтеріп, отыруға талпынатын болады 
(сіз оны көтеріп жүрдіңіз, отырғызып көрдіңіз – оған 
осындай қалыпта әлемге қараған ұнап қалды!). Артынша 
ол етбетінен жатқан күйден төрт аяқтап тұра алатын бо-
лады және кезекті серпіліс жасайды – еңбектеуге көшеді. 
Бұл даму үдерісінде айрықша маңызды сәт: енді бала өз 
қызығушылығын анықтауда өз бетінше таңдау мүм-
кіндігіне ие. Келесі қадам – өз бетінше жүруге үйрену. 
Әр кезең өте маңызды, ал 
АТА-АНА МІНДЕТІ – КЕДЕРГІ 
ЖАСАМАУ, БІР КЕЗЕҢНЕН ЕКІНШІСІНЕ ӨТУ ҮДЕРІСІН 
МЕЙЛІНШЕ ЫНТАЛАНДЫРУ.
АТА-АНА ЕСТЕ САҚТАУЫ ТИІС, БЕЛСЕНДІ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒА-
ЛЫС ЖАСАЙ ОТЫРЫП, БАЛА ДЕНЕСІН ЖАТТЫҚТЫРАДЫ, 
ОСЫЛАЙША МИ МЕН ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС АРАСЫНДА 
БАЙЛАНЫС ОРНАТАДЫ.
38
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ
6


КЕШЕН 1 (алғашқы жаттығу түрі)
1. 
Баланы шалқасынан жатқызыңыз. Қолын айқастыра көкіре-
гіне қойып, қолдарынан аздап тартыңыз.
2. 
Аяқтарын айқастыра қойып, аяқтарынан аздап тартыңыз.
3. 
Баланы шалқасынан жатқызып, оң аяғын бүгіп, ішіне қарай 
көтеріңіз, сол қолын бүгіп, көкірегіне қойыңыз. Дәл осылай 
сол аяқпен және оң қолмен қайталаңыз.
4. 
Баланың көтеріңіз. Баланы қытықтаңыз да, абайлап ауда-
рыңыз – бұл бұлшық еттерді нығайтады.
5. 
Баланы иығыңызға салып, шыр айналдырыңыз.
6. 
Баланы етбетінен үлкен резеңке шардың үстіне жатқы-
зыңыз; баланы мықтап ұстап тұрып, шарды барлық бағытта 
домалатыңыз.
Еңбектей бастаған соң, бала өз белсенділігін еш алаңсыз дамыта 
алатын қауіпсіз, әрі үлкен кеңістік дайындау қажет. Бала тізерлеп 
тұруға талпынғанда оған көмектесіңіз, аяқтарын қолмен ұстап 
тұрыңыз. Әртүрлі ойындардың көмегімен баланы артқа қарай 
шегіншектеп жылжуды үйретіңіз. Балақайдың қимыл-қозғалыс 
белсенділігінің даму қарқынын қадалағап отыру өте маңызды. 
Егер сіз үйрену барысын үдетіп жіберсеңіз, бала қорқып қалады 
да, жаңа қимыл-әрекеттерді меңгеруді тоқтатады. Бұл кезеңдегі 
жаттығулар алғашқы кезеңдегідей сипатқа ие, бірақ, бала өскен, 
шираған сайын, жаттығулар да күрделене түседі.
Бала өз бетінше жүріп үйренгенде жүріс бағытын өзгерту, 
жүріп бара жатып қандай да бір бағытта бұрылу немесе 
тіпті артқа қарай бұрылу қабілеті айтарлықтай жылдам 
дамиды. Қимыл-қозғалыс дағдылары балақай көшеде ал-
дында немесе артынан сүйретіп жүретін ойыншықтармен 
ойнағанда жетіле түседі. Бала үйде жалаң аяқ жүргені 
дұрыс, егер ол аяғымен еден бетін сезетін болса, оған 
жүру де оңай болады. 
39
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ
6


Бұл жерде де балаға тепе-теңдікті сақтау қабілетін 
дамытуға мүмкіндік беретін, өз денесін сезінуге және өз 
бұлшық еттерінің күшін сезінуге мәжбүрлейтін арнайы 
жаттығу қажет. Ондай жаттығуды күнделікті жасап тұру 
қажет.
КЕШЕН 2 
1. 
Баланы иығыңызға және шынтақтың ішкі бүгілген жері-
не жатқызып, шыр айналдырыңыз. Баланың жатысын 
өзгертіңіз: енді бала шынтақтың бүгілген жерінде шалқа-
сынан, етбетінен, қырынан жатады.
2. 
Баланы екеулеп қолынан және тобығынан ұстап, абайлап 
тербетіңіздер.
3. 
Енді баланы бір тобығынан және бір қолынан ұстап тер-
бетіңіз.
4. 
Баланы қолынан ұстап көтеріп әр жаққа қарай айналды-
рыңыз.
5. 
Баланы қолтығынан көтеріп, абайлап жоғары қарай лақты-
рып, қайта ұстап алыңыз.
6. 
Балаға домалауды үйретіңіз, ол үшін оған басын мойнына 
қарай сұғып, алға домалау қажет. Осы қимылға бойы үй-
ренген кезде баланы шалқасынан жатқызып, қолын басына 
қойып, қысып, аяғын жоғары қарай тартып, артқа домалауға 
көмектесіңіз.
7. 
Баланы аяғынан басына тұрғызыңыз, қолымен жүріп көрсін, 
артынша оған иегін кеудесіне тақау қажет. Жаттығуды 
домалау қимылымен аяқтаңыз.
Осындай жаттығулар бөбегіңізді тілмен айтып жеткізуге бол-
майтын шаттықа бөлейді. Бірақ жаттығуларды қатты матрас 
үстінде жасау қажет. Абай болыңыз, бірақ, шамадан тыс сақтық 
танытпаңыз -  баланың сараланған қауіп-қатер талғамын қалып-
тастыруға және сізге деген шексіз сенімге ие болуға дағдылан-
дыру қажет.  
Балалар меңгерген қимыл-қозғалыс дағдылары оларға тұрып 
тұруға және қозғалуға мүмкіндік береді, осының арқасында 
олардың зерттейтін әлем аясы кеңейе түседі, оған қоса, әлемді 
әртүрлі көзқарас тұрғысынан зерттеу мүмкіндігі пайда болады. 
Бала өзінің сезім органдарынан неғұрлым көп ақпарат алса, 
оның ақыл-ойы да соғұрлым қарқындырақ дамитын болады.
Бала меңгеруге талпынатын көптеген қимыл-қозғалыс дағды-
ларында басқару әрекеттеріне үйрету болады. Бөбегіңіз өз 
қол-аяғын неғұрлым оңай басқаратын болса, ол кітаптардың 
беттерін соғұрлым епті аударыстыратын болады, түймелерін 
тез салатын болады, шанышқы мен қасықты жақсы ұстайтын 
болады.
40
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ
6


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау