Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет13/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48

Мектеп жасында жаттығу немесе физикалық белсенділіктің 
кез-келген басқа түрі жүйелі және міндетті рәсім болуы тиіс. 
Мектептегі дәрістерден басқа баланы сабақтан кейін жаттығу 
жасауға үйретіңіз. Кеудені тік ұстауға және бұлшық еттер 
тонусын сақтауға бағытталған шағын жаттығулар кешені де 
жеткілікті.
Жаттығулар кешені келесідей бола алады.
КЕШЕН 5 
1. Аяқтарға арналған жаттығу: аяқ балтырына арналған 
жаттығу
Бала қабырғаға қарап тұрсын, қолын иығының деңгей-
інде қабырғаға тіреп тұрсын. Сол аяғын бір адым артқа 
қойсын. Оң аяғының тізесін бүгіп, артта тұрған аяқтың 
балтыры қалай жиырылатынын сезінсін.
Баланың қос табаны еденнен, ал қолдары қабырғадан 
ажырамай тұруын қадағалаңыз. Осы жаттығуды жасау 
барысында бала кеудесін тік, сол аяғымен бір сызықтың 
бойында ұстасын.
Жаттығуды екінші аяқпен қайта-
лаңыздар (енді оң аяқ бір адым 
артта). Жаттығуды әр аяқпен 5 
рет жасап шықсын. 
4. Жіппен жасалатын жаттығу
Еденге жіп жайыңыз. Баладан сол жіптің бойымен жүруін 
сұраңыз. Алдымен бала түзу жатқан, ал кейін ирелеңдеп жатқан 
жіптің бойымен жүреді.
5. «Кім келе жатыр, тап» ойыны
Хайуанаттар бағына, циркке барып келгенен кейін, жан-жану-
арлар суреті бар кітаптарды көріп болғаннан кейін баламен 
жануарлардың қылықтарын келістіріп ойнаңыздар.
Мысалы: «Міне, аю келе жатыр, ол баяу, аяғын ауыр басып келе 
жатыр, мына, дабыл сияқты». Дабылды ақырын қағыңыз, ал 
бала аюдың қалай жүретінің келістірсін. «Ал торғайдың қалай 
секіретінін қара, тез-тез, мына дабыл сияқты». Дабылды тез-тез 
қағыңыз, ал бала торғай сияқты секіреді. Бұл жаста баланы 
велосипед, өздігінен сырғанайтын құралдарды тебуге үйретуге 
аса қолайлы.
4-5 жаста ата-аналар, әдетте, баланың тілі шығуына және 
ой-өрісінің дамуына көп көңіл бөледі, бірақ, жаттығу жасауды 
ұмытпаған жөн! Егер балаңыздың дені сау болса, әрі сіз онымен 
бірге белсенді жаттығу жасасаңыз және жиі-жиі қарапайым 
қимыл-қозғалысты талап ететін және белсенді ойындар ой-
насаңыз, ол оларды ойнауды қуана-қуана жалғастырады, тіпті 
көбінесе басқа істерден гөрі сол ойындарды жөн көретін бола-
ды. Ол енді ептірек, қимыл-қозғалысы айтарлықтай үйлесімді 
бола түскен. Осындай спорт рәсімдерін отбасында сақтап отыру 
өте маңызды.
44
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ
6


2. Санның артқы бұлшық етіне арналған жаттығу: керілуге 
арналған жаттығу
Бала шалқасынан жатып, тізесін бүксін, табаны еденде тұрсын. 
Бір аяғын тізесінен төмен тұсынан қол қолдап ұстап тұрып, 
кеудесіне қарай тартсын. Ұстап тұрған аяғын жазып, аяғының 
ұшын өзіне қарай тартсын да, осы күйде 6-10 секунд бөгелсін. 
Жаттығуды әр аяқпен 2 реттен жасап шығу керек. Егер аяқтың 
ұшын өзіне қарай тарта алмаса, орамалды табанға салып, екі 
ұшын өзіне қарай тартуға болады.  
3. Санның алдыңғы бұлшық етіне арналған жаттығу 
Бала қабырғаға жақындап, қырынан тұрсын. Сол қолын бүгіп, 
қабырғаға тіресін. Кеудесін тік ұстасын, белін бүкпенсін және 
денесін басқа жаққа қарай бұрмасын, ішін тартып тұрсын. Оң 
аяғын артқа қарай көтеріп, оң қолымен тобығынан ұстасын. 
Ақырын көтерулі аяқтың табанын жамбасына тақасын, алдыңғы 
сан бұлшық еттері қалай керіліп жатқанын сезінсін. Осы қалыпта 
6 секундқа бөгелсін. Жаттығуды сол аяқпен, қабырғаға екінші 
қырымен тұрып қайталасын. Жаттығуды әр аяқпен 5 реттен 
қайталап шығу қажет.
4. Арқаға түскен күштен арылу: арқаға арналған жаттығу 
Бала арқасымен қабырғаға тақалып тұрсын. Қолын алға созып, 
баяу отыра бастасын, жаттығу барысында жамбас тізеден төмен 
түспеуі тиіс, арқаны қабырғадан алмауы тиіс, әрі тізесі бүгіл-
генде, аяғының ұшымен тұруы тиіс. Аяқтарының бұлшық еттері 
қалай жұмыс істейтінін сезінсін. Осы қалыпта бірнеше минут 
бөгелсін де, артынша баяу көтерілсін, енді қолын төмен түсіріп, 
бірнеше секунд демала алады.
Жаттығуды 2 рет жасасын. 
5. Омыртқаға арналған жаттығу: арқаны керуге арналған жат-
тығу 
Бала тізерлеп отырып, қолын еденге түсірсін. Артқа қарай 
керіліп, жамбасымен өкшесіне жетуге тырыссын, қолы еденнен 
ажырамауы тиіс. Осы қалыпта 6 секунд бөгелсін. Иықтан бастап 
арқаның бүкіл жоғарғы жағы қалай созылатынын сезінсін. Баста-
пқы қалпына оралсын. Есінде болсын, кеудені үнемі тік ұстау 
қажет. Жаттығуды 5 рет қайталау қажет.
6. Еңкею жаттығулары
Бала орындықтың (үстелдің) артына кеудесін тік ұстап тұрсын, 
олар тіреуіш қызметін атқаратын болады. Оң қолымен тіреуіштен 
ұстап тұрып, баяу алға қарай еңкейіп, үстелдің (орындықтың) 
сол жағында жатқан затты алсын, бұл ретте, сол аяқ еденнен 
көтеріліп, бүгілмеген күйі артқа жіберіледі. Кеудесі тік, іші тар-
тылып тұруы тиіс. Затты алған соң, тік тұрып, затты қайта орнына 
қою үшін айтылған тәсілмен қайта еңкейсін. Жаттығуды әр 
аяқпен 5 рет жасап шығуы қажет.
45
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ
6


7. Аяқ бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар: сал-
мақты заттармен отырып-тұру 
Мектеп арқақоржынын (сөмкесін) алып, ішіне 2-3 кітап қалдыр-
сын – бұл салмақты зат қызметін атқарады. Мектеп сөмкесін қос 
қолдап құшақтап тұрып, кеудесіне қыссын. Егер жаттығуды орын-
дау қиын болса, кеудесін тік ұстай алатындай және тепе-теңдік 
бұзылмайтындай кітап саны қалдырылсын.
Сол аяғын бір адым артқа қойсын, содан соң, сол аяғының тізесі 
еденге жететіндей төмен қарай отырсын. Кеудесі тік болып қала 
береді, ал оң аяқтың тізесі тура табанының үстінде орналастыры-
лады. Артынша тік тұрып, сол аяғын оң аяғының жанына қойсын. 
Жаттығуды әр аяқпен 5 рет қайталасын.
8. Іш бұлшық еттеріне арналған жаттығу: белге арналған жат-
тығулар 
Бұл іш бұлшық еттеріне арналған жеңіл жаттығу. Бала тізер-
леп тұрсын, қолын еденген тіресін. Ішін тартып, демін сыртқа 
шығарғанда шынтағын бүгіп, иығын төмен түсірсін. Демін ішке 
алғанда қолын қайта жазып, ішін босаңсытсын. Дұрыс тыныс алу 
тәртібін сақтасын: демін сыртқа шығару –түсу, демін ішке алу – 
көтерілу. Жаттығуды 5 рет қайталасын.
Балаға басына кітап қойып жүруді үйреткен өте пайдалы. 
Алдымен оған жай ғана кітапты басында ұстап тұруды, ал кейін 
басындағы кітаппен жүруді, одан кейін отыруды немесе тіпті 
сабақ оқуды ұсыныңыз. Баланы дұрыс тыныс алуға үйретіңіз, 
тыныс алу жаттығулары да сергектік пен қуат береді. Бүгін-
гі күні балаға қызықты болатын үйірме табу қиын емес, би 
болсын, гимнастика немесе өзге жанаспалы спорт түрі немесе 
балаларға арналған йога болсын – жүйелі жаттығулар, балаға 
қуаныш сыйласа, - оған тек пайда әкеледі. Есейгенде бала сізге 
де, сіздің өзіңізді қаншалықты дене шынықтыру мәдениетіне 
үйреткеніңізге де сыни бағасын береді. Егер сіз барлығын 
шын пейілмен және сауатты түрде жасасаңыз, нәтижесінде ба-
лаңыздың  дені сау, белсенді және өмірге құштар, әрі жайдары 
болады.
46
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ
6


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау