Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережелері. Ойын жағдайларында допты ыңғайлап алу техникасын орындау



жүктеу 22,49 Kb.
Дата18.10.2022
өлшемі22,49 Kb.
#39725
түріСабақ
07.04 7 қмж





Мектеп

«Қайрат негізгі орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні

Алданбердиев Талгат Маратұлы

Сынып

7 «А»

Күні

07.04.2021

Қатысушылар саны:




Қатыспағандар саны:




Бөлім

7-бөлім. Ойынардағы түсінік пен дағдыларды дамыту

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережелері. Ойын жағдайларында допты ыңғайлап алу техникасын орындау.

Оқу мақсаттары

7.3.4.4 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене жаттығулары кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтай білу

Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

Бағалау критерийі

Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: шабуылдау және команда түзуші ойныдардың шеңберінде өздерінің дағдылары мен түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: шабуылдау ойындары; шабуыл, қорғаныс; адал ойын, өзара әрекеттестік, жарыс; кеңістікте бағдарлану; төреші, ойыншылар; командалық жұмыс; тактика, стратегиялар; жүгіру, жылдамдықты/бағытты өзгерту; қолмен/аяқпен жүргізу.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- шабуылдау ойындары дегеніміз не?
- қорғаушы ойыншыны ойыннан шығарудың үздік тәсілі қандай?
- сендер команда ретінде есепті қалай тиімді жүргізе аласыңдар?
- сендерге ойын алаңымен қозғалуды, сондай-ақ шабуылға шыққан кезде бір-біріңмен қарым-қатынасты жақсарту не үшін қажет?
- неліктен өз назарыңды бір ойыншыға бір рет шоғырландырған дұрыс немесе әрбір қарсыласты белгілеген жақсы ма?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім




САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың
басы
10 минут

Дайындық бөлімі: Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

http://ru.wikihow.com
Баскетболда допты алып жүру техникасы
Үлкен бос кеңістік, мұғалімге арналған ысқырық, баскетбол доптары
https://www.youtube.com

Сабақтың
ортасы
25 минут

(Ж, Т) Допты беруді, қағып алуды жақсарту бойынша жұптарда жұмыс істеу, жерден кері секіріп беру, қозғалыста беру элементтері.

Осы тарауда ұсынылатын әрекет түріне байланысты мұғалімнің қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулығы.

(ЖЖ, Т, Тәж, Ф) Допты беру. Ойыншылар екі бағанға тұрады, допты бірінші болып капитандар алады. Белгі бойынша балалар допты оң тұстарынан бір-біріне бере бастайды. Допты соңғы болып алған ойыншы бағанды айнала жүгіріп, алдына барып тұрады. Ойын қайталанады. Допты оң, сол тұстардан, басынан асыра беруге болады. Допты беруді бірінші болып аяқтаған және ережені дұрыс орындаған команда жеңіске жетеді: допты белгі бойынша бере бастау, орнынан кетпей беру, допты түсіріп алған оны көтереді де, келесі ойыншыға береді.

Допты беру кезінде жанасуға жол берілмейді. Ойынды аяқтағаннан кейін, тактикаларды талқылау кезінде оны талқылаңыз. Сұраңыз: Сендер допты қалай меңгере алдыңдар? Сендер допты қаншалықты ұзақ ұстауды жоспарладыңдар? Допты алу үшін сендер қандай тактиканы пайдаландыңдар? Бұл тапсырмада қандай қиындықтан өтуге тура келді және оны қалай жеңдіңдер?

Футбол ойынындағы ойыншылардың тұрысын, ойыншылардың ауысуын, қақпашының міндетін көрсетіп, топта жұмыс жасаңыз. Бір топ кіші футбол ережесін, екінші топ үлкен футбол ережесін анықтаңыз.
Дескриптор
- ойын ережесін сақтайды;
- топта бірлесіп жұмыс жасайды;
- футбол түрлерін, ережесін анықтайды.

Сабақтың
соңы
5 минут

Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________




жүктеу 22,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау