Білім беру бағдарламасы Қр мжмс 09. 142-2010 өзгертілген және толықтырылған ҚР



жүктеу 0,57 Mb.
Pdf просмотр
бет9/9
Дата11.01.2020
өлшемі0,57 Mb.
#26296
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

рецензенттің анкеталық мәліметтері (жұмыс орны, атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми

атағы,   магистрлік   диссертация   бағыты   бойынша   негізгі   публикациялар   тізімі   (кем   дегенде   3

жұмыс) және рецензенттің жазбаша келісімі) берілуі қажет. 

Рецензент   магистрлік   диссертацияны   және   диссертация   тақырыбы   бойынша   жарияланған

жұмыстарды зерттеу негізінде,   10 күн ішінде рецензентті тағайындау туралы бұйрық шыққан

күннен бастап, жазбаша түрде рецензия даярлайды. Мұнда диссертацияға жан-жақты сипаттама

беріліп,   таңдалған   тақырыптың   өзектілігі,   ғылыми   тұжырымдардың   негізділік   дәрежелері,

қорытындылар мен ұсыныстар, жаңашылдығы объективті түрде бағаланады. 

Рецензия көшірмесі магистрантқа диссертация қорғалатын күннен 10 күн бұрын беріледі.

Магистрлік диссертация келесі аталғандар болған жағдайда ғана қорғалады:

- ғылыми жетекшінің оң пікірі;

-   ғылыми   баспаларда   диссертация   тақырыбы   бойынша   кем   дегенде   бір   жариялым   не

халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларда сөз сөйлеу;

-   жіберуші   кафедраның   қорғауға   ұсынатыны   жайлы   шешімі   (кафедра   отырысының

хаттамасынан жазба);

- рецензенттің бір рецензиясы.

Ғылыми жетекші не сараптамалық комиссия теріс қорытынды, яғни «қорғауға жіберілмейді»

не   «қорғауға   ұсынылмайды»   деген   шешім   шығарса,   магистрант   магистрлік   диссертациясын

қорғамайды.   

Қорғалған   магистрлік   диссертация   нәтижиелері   әрбір   магистрантқа   жеке   хаттама   түрінде

рәсімделеді.

       Магистрантты диссертация қорғауға жіберу ректордың бұйрығымен, қорғау күнінен екі апта

бұрын рәсімделеді.

Магистрлік   диссертацияны   қорғау   берілген   магистратура   мамандығы   бойынша   құрылған

МАК отырысында жүзеге асырылады.

Магистрлік диссертацияны МАК келесідей критерийлерді ескере отырып бағалауы тиіс:

- орындалған жұмыс көлемі;

- өз бетінше зерттелуі;

- әдеби шолым толықтылығы,қолданылған ақпарат көздерінің заманауилығы;

-  алынған   нәтижиелердің   ғылыми   зерттеулерде,   практикалық   жұмыста   не   оқу   процесінде

қолданылу мүмкіндігі;

- материалды жазудағы сауаттылық және нақтылық;

- қорғауда баяндау сапасы;

-  қорғау   кезінде   қойылған   сұрақтарға   және   рецензия   берушінің   ескертулеріне   берілген

жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы.

Сарапшыға ұсынылатын құжаттарға қосымша МАК келесідей құжаттар ұсынады: 

-

магистранттың   жеке   оқу   жоспарын   орындағаны   жайлы,   барлық   дисциплиналар,   тапсырған



курстық жұмыстар және пракатика түрлері  бойынша алған бағалары, олардың көлемі туралы

анықтама;

-

магистранттың ғылыми жетекшісінің пікірі (ғылыми кеңесші);



-

сарапшы қорытындысы;

-

рецензия.



Егер   пікір   көрсетілген   талаптарға   сай   болмаса,     МАК  оны   қайта   өңдеу   үшін   рецензия

берушіге қайтарып беруге не резенция берушіні диссертация қорғау мерзімінен   кем дегенде  10

күн бұрын ауыстыруға құқылы. 

Магистрлік диссертация бойынша МАК отырысына оның кем дегенде 2/3 мүшесі қатысса, ол

заңды деп есептеледі. 

Рецензент және ғылыми жетекші диссертация қорғауына қатысулары тиіс. Кей жағдайларда

магистрлік диссертация оған оң пікір берген рецензенттің қатысуынсыз (себепті) қорғала алады.

Ондайда МАК отырысында қатыспаған рецензенттің пікірі толығымен оқылады. 

Қорғалған магистрлік диссертациялардың  қорытындылары туралы шешім ГАК жабық 

отырысында мүшелердің ашық дауыс беруі арқылы шығарылады және хаттамамен рәсімделеді.

Хаттамаға отырысқа қатысқан  төраға және МАК мүшелері қол қояды. 



Қорғалған   магистрлік   диссертация   бойынша   МАК   теріс   шешім   шығарса,   ол   диссертация

қайта   өңделгеннен   күйінде   бір   жылдан   кейін   қайта   қорғауға   ұсынылуы   мүмкін.   Қайта   қорғау

кезінде қорғауға жіберу бойынша барлық процедуралар қайта жүргізіледі, сараптамалық комиссия

мүшелері мен рецензент толығымен ауыстырылуы тиіс.  

Диссертациялық жұмыс нәтижиелері қорғалған күні жария етіледі.

Көпшілік   алдында   магистрлік   диссертация   қорғаған   магистрантқа   МАК   отырысы

хаттамасының негізінде сәйкес мамандығы бойынша магистрдің академиялық дәрежесі беріледі.

Магистрлік диссертацияның орындалу уақыты:

Жұмыс   «Шетел   тілі:   екі   шетел   тілі»   мамандығының   оқу   жоспарына   сәйкес   орындалады,

жұмыс   тақырыбы   және   оны   орындау   бойынша   жоспар-міндеттер   «Ағылшын   тілі   және   оқыту

әдістемесі» кафедрасының отырысында факультет Кеңесі мен университет Кеңесімен  бекітіледі. 



            5.КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ

ЖОО-да   оқу   кезінде   магистрант   тәжірибеден   өту   арқылы   кәсіби   құзыреттіліктерін

қалыптастырады. Практиканың өткізілу мақсаты – магистранттың оқу процесінде алған білімдерін

бекіту және білім беру аясында жұмыс істеу дағдыларын игеру.

Ғылыми және педагогикалық магистратураның білімдік бағдарламасы келесідей практика

түрлерін қамтуы тиіс: 

-педагогикалық;

-зерттеу.

Магистранттың педагогикалық тәжірибесі теориялық білімді қолдана алуға үйрету және

жоғары мектепте оқытудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. 

Магистранттың   зерттеу   тәжірибесі   мектепке   дейінгі   педагогика   саласындағы   жаңа   теориялық

және әдістемелік жетістіктермен танысу, магистрлік диссертация үшін материалдар мен ақпарат

көздерін жинау  мақсатында жүргізіледі.

Педагогикалық тәжірибенің өту орны ЖОО болып табылады.

Магистранттың  зерттеу   тәжірибесі  отандық   және   шетелдік   ғылымның   теориялық   және

әдістемелік   жетістіктерімен,   заманауи   ғылыми   зерттеу   әдістерімен,   эксперименталдық

мәліметтерді өңдеу және түсіндіру әдістерімен танысу мақсатында жүргізіледі.

- зерттеу және өндірістік тәжірибе мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.

- Тәжірибенің барлық түрлері жеке жоспарға сәйкес уақытында жүзеге асырылады. 

6.БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ФОРМАЛАРЫ

Пәнді оқу кезінде оқушылардың білімдерін ағымдық бақылаудан өткізудің әртүрлі түрлері

қарасытырылу мүмкін:

- ауызша сұрау – материал оқылғаннан кейін пәннің бір не бірнеше тақырыптары бойынша

сұрақтарға жауап және жағдайларды талқылау түрінде өтетін бақылау;

- жазбаша   бақылау   –   курстың   жеке   бір   тақырыптары   бойынша   қойылған   сұрақтармен

жұмыс, тапсырмаларды орындау, жағдайларды талдау, практикалық тапсырмаларды орындаумен

байланысты бақылау;

- құрамдастырылған   сұрау   –     бір   не   бірнеше   тақырыптар   бойынша   білімді   бағалаудың

ауызша және жазбаша түрлерін біруақытта қолданатын бақылау;

- үй жаттығуларын қорғау және презентация – жеке не топтық үй тапсырмалары бойынша

білімдерін бақылау;

- дискуссия, тренингтер, дөңгелек үстелдер – проблемалық сұрақтарды топтық талқылау;

- тестілер  –  оқушылардың   оқу   жетістіктерін   объективті   және   сапалы   бағалуға   мүмкіндік

беретін белгілі бір формадағы тапсырмалар жиынтығы (ашық, жабық, екі жақты).

Бағалау ережесі

Дәстүрлі жүйе бойынша

Әріптік


Ұпай-

%

ұпай




бағалау

жүйе


бойынша

бағалау


дың

сандық


эквивален

ті

мазмұны



ECTS бағасы

үздік


А

4

95-100



95-

100


А

(үздік)


А-

3,67


90-94

90-


94

жақсы


В+

3,33


85-89

85-


89

В

(өте жақсы)



В

3,0


80-84

80-


84

В-

2,67



75-79

75-


79

С

(жақсы)



қанағаттанарлық

С+

2,33



70-74

70-


74

С

2,0



65-69

65-


69

D

(қанағаттанарлық)



С-

1,67


60-64

60-


64

D+

1,33



55-59

55-


59

Е

(жанама)



D

1,0


50-54

50-5


қанағаттанарлық емес

F

0



0-49

0-49


F(FХ) 

(қанағаттанарлық

емес)

Кесте 1  – кредиттік оқу жүйесіндегі емтихандық бағалау схемасы  



Егер алынған бағалар  А - D аралығында болатын болса, кредиттер есептеледі (1-кесте). F-

пен бағаланған  барлық пәндер қайтадан   игерілуі   тиіс.   Егер   магистрант   берілген   модульді

игермеген болса, кредитердің жалпы саны есептелмейді.

Кредиттік оқу жүйесінде магистранттың емтихандары 1 кестеде көрсетілген схема бойынша

бағаланады. 

Жазбаша емтиханның не кешендік формадағы емтиханның жалпы уақыты  (билеттер және

тесттер   бойынша   жазбаша)  үш   сағаттан   аспауы   тиіс.   Тестілік   формадағы   емтиханға   бөлінетін

уақыт тестінің әрбір бір сұрағына жауап беруге 1- 2 мин. берілу арқылы анықталады.

Пән   бойынша   қорытынды   баға   ағымдық,   аралық   және   қорытынды   бақылау   бағаларынан

тұрады.   Қорытынды   бақылау   (емтихан)     100%,   ағымдық   және   аралық   –   100%   құрайды;   балл

түрінде – 100 және 100. Пән үшін қойылатын ең жоғарғы балл – 100. 

Білім алушылардың қорытынды атестаттациясы

Оқушыларды қорытынды аттестаттау  -  қалыптасқан құзыреттіліктердің мемлекеттік білім

беру   стандартының   талаптарына   сәйкестілігін   анықтауға   бағытталған   магистранттың   оқу

жетістіктерін мемлекеттік бақылаудан өткізу формасы.

Оқушыларды қорытынды аттестаттау  академиялық күнтізбеде оқу жұмысының жоспарында

қарастырылған уақытта кешендік емтихан тапсыру және магистрлік диссертация қорғау түрінде

өтеді.   

Кешендік   емтихан   және   магистрлік   диссертация   қорғау   Мекмлекеттік   аттестаттау

комиссиясымен жүргізіледі (МАК).

МАК   төрағасы   орнатылған   тәртіпте   ЖОО   Ректоратының   ұсынуымен   Қазақстан

Республикасы білім және ғылым Министрлігімен тағайындалады.  



Кешендік емтихан диссертция қорғалатын мерзімнен кем дегенде бір ай бұрын өткізіледі.

Кешендік емтиханға магистранттың өз мамандығы бойынша міндетті базалық және профильдік

пәндер циклі кіреді.

Магистрлік диссертция қорғау процедурасы магистратура Кеңесімен анықталады. 



Кредиттер беру шарттары

Білім   алушылардың   еуропалық   білім   беру   кеңістігінде   академиялық   мобильностьпен

қамтамасыз   ету   және   білім   беру   бағдарламаларын   мойындау   үшін  ECTS   кредиттерінде

қазақстандық кредиттерді қайта санау қажет.

ECTS   шеңберіндегі   академиялық   кредит   –   аудиториялық   сабақтарда   және   өздік   жұмыс

жасау   уақытында   поқылатын   пәннің   жүктемесін   өлшеу   бірлігі.   Бір     ECTS   кредиті   25   –   30

академиялық сағатқа тең.

Егер бір оқу жылының оқу жұмысынының жиынтық еңбек сыйымдылығын 60 кредит 9 алса, білім

алушы бір семестрде 30 кредит жинайды, триместрде – 20 кредит. Оқу жылының ұзақтығы 10 апта

және  6 апта емтихан тапсыруға беріледі (қорытынды бақылау).

Қазақстан   Республикасы   кредиттерін   ECTS   кредиттеріне   сәйкес   қайта   есептеу   не   кері

әрекет жасау  ауыстырмалы коэффициенттер негізінде жүзеге асырылады. 

ECTS   кредиттерін     Қазақстан   Республикасы   кредиттеріне   сәйкес   қайта   есептеу   ECTS

кредиттерін  оның бір кредитінің әрбір пән және білімдік бағдарламалардың деңгейлері бойынша

толықтылығына байланысты ауысырмалы  коэффициентке бөлу арқылы жүзеге асырылады:

- бейіді магистратура үшін –2 - 2,4 аралығында, ғылыми және педагогикалық үшін –2,5 – 3

аралығында.

7. БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ

Кафедрада   «Шет   тілі:   екі   шет   тілі»   мамандығы   бойынша   магистрларды   даярлайтын   8

оқытушы  жұмыс істейді. Олар – тәжірибелі, өз ісін білетін оқытушылар: 

1. Шаймерденова Н.Ж. – ф.ғ.д., профессор

2. Немченко Н.Ф. – ф.ғ.к., доцент, академиялық профессор

3. Исмагулова А.Е. – ф.ғ.к., доцент м.а.

4. Жукенова А.К. – ф.ғ.к., доцент м.а.

5. Рыспаева Д.С. – ф.ғ.к., доцент м.а.

6. Дальбергенова Л.Е. – PhD, доцент

7. Байманова Л.С. – ф.ғ.к., доцент

Оқу-әдістемелік   жұмыс   кредиттік   технология   бойынша   заманауи   педагогикалық

технологиялардың,   жаңа   оқыту   әдістерінің,   магистранттардың   танымдық   іс-әрекеттерін

белсендендіретін құралдардың қолданалуымен  жүргізіледі. 

Материалдық-техникалық  қамтамасыздандыру:    компьютерлік  сыныптар,  бес миллионнан

астам кітап нұсқалары кіретін және жыл сайын толықтырылып отыратын кітапханалық қор. ЖОО-

ның материалдық-техникалық базасы 5 оқу залы, екі дене сауықтыру кешені, спорттық залдар,

профилакторий,   асхана,   жатақханадан   тұрады.   Ұжымның   ерекше   бір   мақтанышы     2006   жылы

ашылған   кіреді.   столовые,   общежития.   Ақмола   облысының   Зеренді   аймағында   орналасқан

«Тұлпар»   спорттық-сауықтандыру   лагері   және   ыңғайлы   «Студенттер   үйі»   салынды.   Мұнда

студенттердің   тұруы   мен   оқуына   қажетті   барлық   қызметтер   кешені   ұсынылған,   «Арасан»

профилакториы жұмыс істейді.

8. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ

Магистратура түлегінің келесідей ұйымдар мен мекемелерге жұмысқа орналасу мүмкіндігі

бар:

ғылыми-педагогикалық даярлау:



- ғылыми-зерттеу институттары;

- жоғары оқу орындары.

Жұмысқа орналасу кезінде университет тарапынан келесідей көмектер көрсетіледі:



- түйіндеме құруда көмек;

- жұмыс іздеуде көмек;

- шарт жасау;

- еңбек нарығын зерттеу;

- практика базаларынан персоналдық сұраныстар;

- «Жұмысқа тұру жәрмеңкесі»;

- іскери ойындар, тренингтер;

- жастар практикасы.



Жұмысқа орналасуда көмек көрсету

Университеттің кәсіби-практикалық іс-әрекет  және жұмысқа орналастыру бөлімі облыстың

жұмыспен   қамту   қызмет   орындарымен   және   білім   басқармаларымен   бірлесе   отырып,   оқу

орындарының   арнайы   жәрмеңкелерін,   білім   көрмелерін   ұйымдастыру   мен   өткізуге   қатысады;

облыстың   және   саланың   кадрлық   қажеттілігінің     мониторингін   өткізеді;   түлектерді   жұмысқа

орналастыру   мәселесі   бойынша   халықты   жұмыспен   қамту   орталығымен,   жергілікті   билік

органдарымен бірлесе әрекет етеді.

Мемлекеттік мекемелер түлектердің жұмысқа орналасуы мен жұмыспен қамтылуына көмек

көрсетеді. 

          Қорытынды



          6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы келесі 

ескертулер мен ұсыныстарды ескеру негізінде жұмыс берушілердің талаптары және жергілікті 

жұмысқа тұру нарығының сұранысына сәйкес келеді.

6М011900 мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы 2018-2020 оқу жылының оқу үрдісіне 



енгізуге ұсынылады.

Document Outline

  • Әмбебап құзыреттіліктер

жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау