Білім беру бағдарламасы Қр мжмс 09. 142-2010 өзгертілген және толықтырылған ҚР



жүктеу 0,57 Mb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата11.01.2020
өлшемі0,57 Mb.
#26296
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу;

ғылыми-зерттеу жұмысының жүргізілу жоспарын түзеу;



ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп беруді құру;

орындалған жұмысты көпшілік алында қорғау.



Ғылыми-зерттеу   жұмысын   жоспарлау   және   оның   жеке   жоспарларын   түзетудің   негізгі

формасы ғылыми-зерттеу семинары шеңберінде тақырыпты негіздеу, жоспарды және зерттеудің

ағымдық нәтижиелерін талқылау болып табылады.  Ғылыми-зерттеу жұмысын орындау процесі

кезінде   және   оның   нәтижиелерін   қорғау   барысында   ЖОО-ның  оқу   құрылымдарында

оқушылардың   алған   білімдері   мен   қалыптасқан   құзыреттіліктерінің   деңгейінің   бағалануына

мүмкіндік беретін, жұмыс берушілер мен алдыңғы қатарлы зерттеушілердің шақырылуымен кең

талқылау   өтуі   тиіс.  Сонымен   қатар,   кәсіби   көзқарас   пен   белгілі   бір   мәдениет   деңгейінің

қалыптасуымен байланысты құзыреттіліктерге де баға беру қажет. 



Университет пен мекемеден тағайындалған жетекшілердің рөлі:

Магистрлік  диссертацияныкафедра оқытушысы  бақылап отырады.   Орындалған  жұмысты

тексеру,   жұмыстың   жоспарлау,   шешімін   іздеу   мақсатында   магистрлік   диссертация   бойынша

магистранттар мен олардың жетекшілерінің жиналысы жиі өтіп тұрады (кем дегенде аптасына 1

жиналыс). 

Магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісі:

-

магистрлік диссертацияны орындау бойынша тапсырмалар береді;



-

магистрлік диссертацияның орындалу кезеңінде жұмыстың күнтізбелік кестесін құруға көмек

көрсетеді;

-

магитрант   жұмысының   ғылыми-зерттеу   және  эксперименталды-зерттеу   бағдарламасын



құрады;

-

магистрантқа қажет негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, типтік



жобаларды және өзге де ақпарат көздерін ұсынады;

-

магистрлік  диссертацияның  барлық бөлімдерінің  көлемдерін  орнатады  және  магистранттың



жұмысын реттеп отырады;

-

магистранттың ғылыми машықтануын жоспарлайды (сонымен қатар шетелдік).



Әрбір   академиялық   кезеңнің   соңында   ғылыми-зерттеу   және  эксперименталды-зерттеу

жұмысының   нәтижиелерін   магистрант   есеп   беру   түрінде   рәсімдейді.Ғылыми-зерттеу   және

эксперименталды-зерттеу   жұмысының   соңғы   қорытындысы  –магистрлік   диссертация.   Оны

дайындауға  3⁄1 кредит бөлінеді. 



     Магистрлік диссертациядан күтілген нәтижилерді сипаттау және есеп беру формасы:

Магистрлік диссертация белгілі бір ғылым саласына сәйкес нақты бір мамандықтағы өзекті мәселе

бойынша өз бетінше ғылыми зерттеу нәтижиелерін жалпылау жұмысы болып табылады.

Магистрлік диссертация келесідей талаптарға сай келуі тиіс:

-

теориялық,   қолданбалы   міндеттерді   шешуге   мүмкіндік   беретін,   нақты   бір     ғылыми



бағыттардың дамуындағы елеулі жетістіктер болып табылатын ғылыми негізделген теориялық

және эксперименталдық нәтижиелерге ие болуы қажет;

-

магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі мәселесіне сәйкес келуі тиіс;



-

және ғылыми жаңалығы мен пратикалық құндылығы болуы тиіс;

-

ғылымның,   техника   мен   өндірістің   заманауи   теориялық,   әдістемелік,   технологиялық



жетістіктері негізделуі және нақты практикалық ұсыныстарға, кешендік және қызмет аралық

сипаттағы басқару мәселелерінің өздік шешімдеріне ие болуы қажет;

-

компьтерлік   технологияның   қолданылуымен   мәліметтерді   сұрыптау   мен   тәржімалаудың



заманауи әдістеріне негізделуі тиіс;

-

заманауи ғылыми зерттеу әдістері   мен алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялардың



қолданылуымен жүзеге асырылуы керек;

-

қорғалатын   негізгі   тұжырымдамалар   бойынша   ғылыми-зерттеу   және  эксперименталды-



зерттеу бөлімдердің болуы қажет (әдістемелік, практикалық);

-

білім саласына сәйкес халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибеге негізделуі тиіс.




Магистрлік диссертация көлемі 60-80 бет. Жеке бір мамандықтар тобы бойынша диссертация

көлемі 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Аталған көлемге қосымша кірмейді.

Диссертациялар мемлекеттік не орыс тілдерінде жазылады.

Магистерлік диссертация міндетті түрде плагиат бойынша тексерістен өтуі қажет. 



Магистрлік диссертацияны ұсыну сипаттамасы

Тек келесі мына талаптардың біріне сәйкес келетін диссертация ғана қорғалуға жіберіледі:

-   диссертация   нәтижиелері   зерттеу   бағытының   дамуындағы   жаңа   бір   жетістік   ретінде

бағалауға тұратын теориялық тұжырымдар жиынтығынан тұрады;

- диссертацияда маңызды мәні бар ғылыми мәселенің шешімі ұсынылған;

-   диссертацияда   мәселені   шешу   жолдары   ғылыми   негізделген   және   оларды   ғылыми

айналымға енгізу ғылыми-техникалық прогрестің тездетілуіне үлкен үлес қосады.

Барлық құжаттары мен материалдары толығымен рәсімделіп, қорғауға толығымен даярланған

магистрлік   диссертация   алдын   ала   дайындық   қорғау   процедурасынан   өту   үшін   жіберуші

кафедраға және пікір алу үшін ғылыми жетекшіге беріледі. Егер магистрлік диссертация бойынша

аралас   ғылым   саласы   бойынша   қосымша   ғылыми   кеңесші   тағайындалған   болса,   онда   ғылыми

жетекші мен ғылыми кеңесші, бір-біріне еш тәуелсіз жеке-жеке пікір жазады. 

Ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің (болған жағдайда) пікірлері магистрантқа алдын ала

дайындық   қорғау   процедурасынан   («қорғауға   жіберілді»   не   «қорғауға   жіберілмеді»   деген

дәлелденген қорытындының көрсетілуімен ) өткен күннен бастап   есептегендегі 10 (күн) ішінде

жазылып, беріледі.

Алдын   ала   дайындық   қорғау   процедурасынан   табысты   өткен   соң,   ғылыми   жетекші   мен

ғылыми   кеңесшінің   (болған   жағдайда)   «қорғауға   жіберілді»   деген   қорытындысы   және

диссертацияның плагиатқа тексерілгені жайлы қорытындысы бар оң пікірлері болған жағдайда,

диссертант диссертацияны  сараптамаға жібереді.

Диссертацияға   сараптама   жасау,   сәйкес   құжаттарды   және   диссертантты   қорғауға   жіберуге

дайындау процедуралары  кешендік емтихан және диссертацияны  қорғау уақыттары  аралығына

жүреді және мерзімі бір айдан аспауы тиіс.

Диссертацияға сараптама жасау үшін біліктілігі қорғалатын диссертациялық жұмыс бағытына

сәйкес келетін сарапшы (эксперт)тағайындалады.

Диссертант сарапшыға келесілерді ұсынады:

-

аяқталған диссертациялық жұмыс;



-

диссертация тақырыбының бекітілгені жайлы құжат;

-

транскрипт;



-

автореферат;

-

орнатылған тәртіпте бекітілген ғылыми публикациялардың тізімі және олардың көшірмелері;



-

диссертациянық плагиатқа тексерілгені жайлы қорытынды. 

Сарапшы  10  күн   ішінде   диссертацияны   сараптамадан   өткізіп,   негізделген   жазбаша

қорытынды жасайды. Онда келесі аталғандар көрсетілуі тиіс:



-

диссертацияда жазылған нәтижиелерді алуға магистранттың нақты өзінің қатысуы;



-

жүргізілген   зерттеулер   нәтижиелерінің   негізділік   деңгейі,   олардың   жаңашылдығы,

практикалық құндылығы; 

-

диссертация   мамұнының   жоғары   және   ЖОО-дан   кейінгі   білім   мамандықтарының

Классификаторы бойынша сәйкес келуі; 

-

диссертация материалдарының магистрант жариялаған жұмыстарда толық мазмұндалуы.

Сарапшы қорытындысының резюмдік бөлігінде келесі шешімдердің бірі шығарылады:

1

диссертацияны көпшілік алдында қорғауға ұсыну;



2

диссертацияны   көпшілік   алдында   қорғауға   тек   көрсетілген   ескертулерді   белгіленген   уақыт

аралығында жояған жағдайда ғана ұсыну;

3

диссертацияны қорғауға ұсынбау.



Магистрлік диссертация бойынша біліктілігі қорғалатын диссертациялық жұмыс бағытына

сәйкес   келетін  рецензент  тағайындалады.   Рецензент   КМУ  қызметкері   болмауы   тиіс.

Рецензенттердің кандидатуралары ректордың бұйрығымен, қорғау уақытынан кем дегенде 1,5 (бір

жарым)   ай   бұрын,   жіберуші   кафедра   меңгерушісінің   ұсынуы   негізінде   бекітіледі.   Бұл   үшін




жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау