бағыт таба білу;
Н5
Ұжымдық ережелер мен ұстанымдарды сақтау; топтық мақсаттарды орындау;
серіктестерге әсер ету және өзара түсіністікке жету үшін ауызша және жазбаша қарым-
қатынас жасай білу, стилистикалық және басқа да құралдарды қолдана білу;
Н6
Іздеу әдістерін білу, сыни талдау, қазақ және орыс және оқытылатын шетел тілдерінде
қажетті ақпаратты өңдеу және жүйелендіру, кәсіби жұмыспен байланысты жұмыс
нәтижелерін, жаңа білімді қолдану мақсатымен жаңа инновациялық және компьютерлік
дағдыларға ие болу:
Н7
Зерттеу әдістерін жасау барысында ғылыми, ғылыми білім алу әрекетінде өз бетінше
білім ала білу;
Н8
кәсіби міндеттерді шешу үшін өзарамәдени байланыстар теориясы мен лингводидактика,
аударма, теориялық және қолданбалы лингвистика, философияның түсініктік аппаратын
қолдан білу;
Н9
өзінің кәсіби қызметіне тиісті еңбек нарығында бағдарлау (экзистенциалдық
құзіреттіліктер дағдыларының жүйесіне ие болу – еңбек нарығын зерттеу, түйіндеме
құрастыру, потенциалдық жұмыс берушімен әңгіме және келіссөздер жүргізу);
Н10
Әріптестердің пікіріне құрмет көрсете отырып, қарым-қатынасты қалыптастыру, топта
жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшылық дағдыларын игеру; қарым-қатынас
мәдениетін игеру;
Оқу нәтижесі құзыреттіліктер арқылы көрсетіледі және 2 оқу деңгейлі Дублиндік
дескрипторлар негізінде құрылады.
2 деңгейлі дескрипторлар магистр дәрежесін алушыда келесідей қабілеттердің болуын
қарастырады:
- жоғары кәсіби білім беруде алған білімдері мен түсініктерін көрсету, олар идеяларды
қолдану мен дамыту үшін негіз және мүмкіндіктер болып табылады;
- зерттеу саласымен байланысты кең салаларда таныс емес немесе жаңа жағдайларда
мәселелерді шешу үшін білім, түсінік және қабілеттерді қолдану;
- білімді біріктіріп жинақтау, қиындықтарды жеңу және этикалық және әлеуметтік
жауапкершілікті ескере отырып толық емес ақпарат негізінде пайымдаулар жасау;
- мамандарға өзінің қорытындылары мен пайымдауларын анық әрі нақты жеткізу;
- оқуды өздігімен жалғастыру.
Дублиндік дескрипторлардың талаптарына сәйкес – 6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі
мамандығынан күтілетін және талап етілетін құзыреттіліктер 2 топқа бөлінеді.
Әмбебап құзыреттіліктер
Кәсіби құзыреттіліктер
Негізгі құзіреттіліктердің тобы барлық кәсіби іс-әрекеттердің түрлеріне тән.
Әмбебап құзіреттіліктерді - білім алушылардың жеке дамуына және әлеуметтік құзіреттілікті
қалыптастыруына әкелетін білімалушылардың жеке жауапкершілігінің және өздік тәжірибесінің,
дағдыларының, ептіліктерінің, біліктіліктерін толық әмбебап жүйесі деп түсінеміз.
6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының түлектерінің жеке дамуының және
әлеуметтік құзіреттілігінің мінездемесіне келесі топтар кіреді:
Жүйелік ( әлеуметтік – этикалық дағдылар) (ӘҚ1)
o жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінде бағдарлау мен қазақстандық социумдағы
әртүрлі әлеуметтік, ұлттық, діни, кәсіби қауымдастықтар мен топтарда құндылықтық-
мағыналық бағдарларды ескеру;
o этноцентризмнен бас тартуға мүмкіндік беретін этикалық нормалар мен мәдени релятивизм
принциптерін басшылыққа алу және шетел мәдениеті болмысы мен шетелдік социумның
құндылықтық бағдарларын құрметтеу;
o ұжымдағы атқарылатын жұмыстарға, қабылданған моральдік және құқықтық нормалар
негізінде әлеуметтік қарым-қатынасқа дайын болу, үлкендерге құрмет көрсету, өзара
сенімді әріптестік қарым-қатынаста жауапты болуға дайын болу;
o қазіргі өркениеттерді дамыту мен сақтау үшін гуманистік құндылықтардың маңызын
түсіну; қоршаған табиғат, қоғам мен мәдени мұраларға қатынаста адамгершілік міндеттерді
қабылдауға дайын болу;
o жалпыгуманитарлық және жалпыадамзаттық міндеттерді шешуге бағытталған отандық
ғылыми ой мұраларына ие болу;
o ойлау мәдениетіне ие болу, ақпаратты жалпылау мен талдауға, мақсаттарды анықтау және
оларға жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болу, ауызша және жазбаша тіл мәдениетіне ие
болу;
o өзінің интеллектуалдық дамуы үшін таным, оқыту мен өзін-өзі бақылау әдістері мен
құралдарын қолдана білу, мәдени деңгейін, кәсіби құзіреттілігін көтеру, өз денсаулығы мен
өнегелік және физикалық қалыптасуын сақтау;
o әлеуметтік-тұлғалық шиелініскен жағдайларда азаматтық позицияны ұстауға қабілетті
болу;
o өз елінің азаматы ретінде өзінің құқықтары мен міндеттерін білу; өзінің қызметінде әрекет
етуші заңдарды қолдана білу; адамгершілік, бостандық және демократия принциптері
негізінде қоғамның дамуы мен жетілуіне ұмтылыс жасауға дайын болу;
o өзін-өзі тұрақты дамытуға, өзінің біліктілігі мен шеберлігін арттыруға ұмтылу; өзінің
жетістіктері мен кемшіліктерін сыни тұрғыда бағалау, өзін-өзі дамыту жолдары мен
құралдарын анықтау;
o өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңызын түсіну, кәсіби қызметін орындауда
жоғары мотивацияға ие болу.
o қарым-қатынастың ресми, бейтарап және бейресми регистрлерінің ерекшеліктерін меңгеру;
o шетелдік социумда тілдік қарым-қатынас конвенциялары, оқытылатын тілдің
тасымалдаушыларымен мәдениаралық және кәсіби қатынастың ережелері мен дәстүрлерін
меңгеру;
o дүние жүзінің шет тілдік ғылыми бейнесінің спецификасы, орыс және оқытылатын шет
тілдеріндегі ғылыми дискурс ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;
o стереотиптер әсеріне төзуге дайын болу және қарым-қатынастың жалпы және кәсіби
салалаларында мәдениаралық диалогты жүзеге асыру;
o басқа мәдени социумда қабылданған тәртіптің этикалық және құлықтық нормаларын
меңгеру;
o кәсіби бағыттағы мәтіндерді құру және өзгерістер енгізе алу;
o оқушыларды құндылықтық бағдарлауға, тілдік, интеллектуалдық және танымдық
қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ететін шет тілдерін оқытуда заманауи бағыттар, оқыту
мен тәрбиелеудің теорияларын меңгеру; мәдениеттер диалогына қатысуға дайын болу,
оқытылатын пәндер арқылы білімін одан әрі жетілдіру;
Жүйелік (коммуникативті қабілеттері) (ӘҚ 2):
o Басқалармен қарым-қатынасқа түсе білу, өз ойын жазбаша және ауызша түрде жеткізе
білу;
o Басқалардың өзекті мәселені талқылауына және оны шешуге қатысуына ықпал ету;
o Топта жұмыс жасай білу және топты басқара білу;
o мемлекеттік, орыс жіне шет тілдерінде кәсіби тұрғыда маңызды ақпараттарды іздеу, сын
тұрғысынан талдау, өңдеу және жүйелеу әдістерін меңгеру; қызмет саласына байланысты
және электрондық түрде жеке жұмыстың нәтижелерін ұсыну мақсатында практикалық
қызметте жаңа білімдер мен біліктерді игеру және қолдану мақсатымен компьютерлік және
инновациялық технологияларды меңгеру;
o опты басқара білу;