29
қызметпен сәйкес орнатылатын жалақынаң абсолюттi өлшемi. Оның мәні ең
төменгi мен максимал аралығын құрай нақтылы диапазонмен анықталады.
Тарифсіз еңбек ақы төлеу жүйесi ұйымдардың көпшiлiгiнде қолданыс
тапқан. Тарифсіз жүйе - бұл ұйымның барлық қызметкерлерiн еңбек ақысы
немесе оның бөлiмшесiнiң еңбек ақы төлеу қорындағы қызметкердiң үлесі
болатын жүйе. Әрбiр қызметкердiң еңбек ақысының нақты шамасы келесi
факторлардан тәуелдi болады:
а) ұжымның барлық еңбек мүшелерiне бекiтiлген қызметкердiң
бiлiктiлiк деңгейi және мерзiм төлемінiң ең төмен еңбек ақы мөлшерiне,
ұйымдарда пайда болатын нақты еңбек ақысының бөлiндiсi мәнініне;
ә)
еңбектік
қатысулар
коэффициентi
–
ұйымның
барлық
қызметкерлерiнің коэффициентiнің көрсеткiштерін анықтап, еңбектік
ұжымның кеңесiмен бекітедi;
б) iс жүзiнде орындалған уақыт.
Тарифсіз еңбек ақы төлеу жүйесiнiң бiр түрi шартты жүйе болып
табылады. Мұнда жұмыс берушiмен және орындаушының аралығында
нақтылы мерзiмге шарт жасалынады. Келiсiм шартында еңбек жағдайы,
құқық және тараптардың мiндетi, еңбек ақының жұмыс тәртiбi және деңгей,
сонымен бiрге шарттың әсер мерзiмдерi көрсетіледі. Тараптардың бiрлерiнiң
мерзiмiнен бұрын шартты бұзуы жағдайында келiсiм шартында көрсетілген
қызметкердiң нақты тапсырманы белгiлi бiр уақыт аралығында орындауы
керек.
Ұйымдағы тиiмдi еңбек ақы төлеу жүйесiнің қағидалары:
а) еңбек ақы жұмыс орнында қызметкердiң дербес табыстарымен ғана
емес, ұйымның қызметiнiң нәтижелерiне қызметкердiң қосқан үлесiмен де
байланысты болуы керек;
ә) қызметкердің жұмысқа қатынасы және оныуң жасаған еңбегінің
сапасы оның iстелген жұмысымен сәйкес әдiл еңбек ақыға деген
сенiмдiлiгiмен тәуелдi болады;
б) ұйым қызметкердiң алдында оның позитивтi еңбек атқарғаны үшін
мiндеттi түрде сыйақы беруге міндетті болуы керек. Сол кезде қызметкер өз
ұйымының жақсаруы үшін еңбек ету жауапкершілігін сезінеді.
Өзiн-өзi бақылауға арналған сұрақтар:
1) Кәсiпорынның қызметшiлер құрылымы қандай?
2) Еңбек қорларының қозғалысына сипаттмасын берiңiз.
3) Еңбек ақының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн ашыңыз.
4) Есептелген, номиналды (кесімді) және нақты еңбек ақылардың бір-
бірінен айырмашылығы қандай?
5) Қызметкерлердiң еңбек ақысының құрылымы қандай?
6) Жұмысшыларға еңбек ақы төлеудің қандай формаларын білесіз?
7) Кесімді және уақыт бойынша еңбек ақы төлеу формаларының
айырмашылығы қандай?
8) Кәсіпорын еңбек ақы төлеу үшін жұмсалатын шығындармен
салықтар мен төлемдердің қандай түрлерін жүзеге асырады?
30
9) Еңбек уәждемесі деген не?
5 дәріс. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны
Дәріс мақсаты: өндіріс қызметінің шығындары және өзіндік құны
жайлы оқыту.
Дәріс мазмұны:
1) Қаражат туралы түсінік және оның түрлері.
2) Өнімнің өзіндік құны - кәсіпорынның өндірістік шаруашылық
қызметінің ең маңызды көрсеткіші.
3) Өзіндік құнды төмендету әдістері
1 Қаражат туралы түсінік және оның түрлері
Қаражат – ұйымның өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік
фактор шығындарының ақшалай өрнегі.
Шығындардың көп түрлерін жоспарлап натуралды түрде есептеуге
болады (килограмм, метр және т.б.), бірақ барлық шығындардың
қосындысын есептеу үшін оларды бірдей өлшем бірлікке, яғни ақшалай
өрнекке келтіру керек.
Шығындардың бірнеше классификациясы бар:
1) экономикалық элементтер бойынша:
а) материалдық шығындар – басқа жақтан алынған, өнім өндіру үшін
техникалық және өндіріске қызмет көрсету мақсаттарында шығындалатын
шикізат, материалдар, кешендер, жартылай фабрикаттар, отындар және
барлық түрдегі энергиялардың құны;
ә) еңбек ақы шығындары – өндірістегі негізгі қызметкерлер құрамының
өндіріс нәтижелеріне берілген сый ақы, өтемақы мен ынталандырғыш
төлемдерді қосқандағы еңбек ақысын төлеуге кеткен шығындар;
б) қоғамдық салық;
в) негізгі қорлар амортизациясы – негiзгi өндiрiстiк қорларды толық
қалпына келтiруге амортизация лық төлемдердiң сомалары;
г) қалғандары – салықтар, жиымдар, сақтандыру қорларына жарнау,
бекітілген нормалар көлеміндегі несие төлемдері, іссапарларға, байланыс
қызметтеріне кеткен шығындар және т.б.
Бұл классификацияға кіретін шығындар – олардың пайда болу орнына
тәуелсіз жұмсалған элементтер. Әрбір жеке элементтердің жалпы
шығындағы үлесіне қарай көп еңбекті, көп материалды, көп энергиялы, көп
қорлы және т.б. болып бөлінеді. Бұл топтау өндіріс процесінің тиімділік
резервтерін айқындауға мүмкіндік береді.
2) калькуляция салалары бойынша. Калькуляция салалары, олардың
құрылымы мен өнім түрлері бойынша (жұмыс, қызмет) шығын таратылу
әдістері өндірістің құрылымы және оның мінездемесі ескеріле отырып
салалық методикалық ұсыныстармен анықталады. Көпшілік өндірістік
мекемелерде келесі калькуляциялық сала шығын номенклатурасы
қолданылады:
31
а) шикізат және материалдар (қайтарылатын қалдықтар ескерілмейді);
ә) технологиялық мақсаттарда жұмсалатын отын мен энергия;
б) өндіріс жұмыскерлерінің негізгі еңбек ақысы;
в) өндіріс жұмыскерлерінің қосымша еңбек ақысы;
г) бірыңғай қоғамдық салық;
ғ) әзірлеуге және өндірісті игеруге кеткен шығындар;
д) құрылғыны ұстап тұру мен қолдануға кеткен шығындар;
е) цехтық шығындар;
ж) жалпышаруашылық шығындар;
и) тауарды жүзеге асыруға байланысты өндірістен тыс (коммерциялық)
шығындар.
3) өндіріс көлеміне тәуелділік дәрежесі бойынша:
а) шартты-тұрақты - өндіріс көлемі өзгерісіне тәуелді өзгермейтін;
ә) шартты-айнымалы - өндіріс көлемі өзгерісіне тура пропорционалды
өзгеретін.
Тұрақты шығындар деп осы мерзімдегі сомасы өндіріс шамасы мен
құрылымына, өндірістің іске асырылуына тікелей тәуелді емес шығындарды
түсінеміз. Бұл қаражаттарға кәсіпорын не фирма еңбеккерлерінің айлығы,
негізгі қорлар амортизациясы, жұмыс орын жалақысы және басқа
салыстырмалы түрде тұрақты шығындар жатқызылады.
4) шығындарды өнім бірлігіне шағу әдісі бойынша:
а) тура – қатаң мақсатты шығындар, олар тура бағалау әдісі бойынша
өнімнің өзіндік бағасына қамтылады (негізгі өндірістік жұмыскерлердің
еңбек ақылары, негізгі материалдарға кеткен шығындар және т.б.);
ә) жанама – нақты өнім шығарылуына жатқызылмайтын шығындар,
ұйым жұмысымен түгелдей не оның бір құрылымдық бөлімшесімен
байланысты. Олар әр түрлі өнімдерге белгілі бір өлшеу элементіне тура
пропорционал таратылады (көбінесе негізгі жұмыскерлер еңбек ақысына
немесе айнымалы шығындарға тура пропорционал).
2 Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық
қызметінің ең маңызды көрсеткіші
Шығарылған өнімге (жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге)
жатқызылатын қаражат өнімнің (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік құнында
көрінеді.
Өзіндік құн – бұл ақшалай түрде өрнектелген ұйымның өнімді өндіру
мен сатуға кеткен шығындары. Өнімнің өзіндік құнында өндіріс үрдісінде
қолданылған еңбек құралдары мен пәнінің құны, тірі еңбек құнының бір
бөлігі, сатын алынған бұйымдар, полуфабрикаттар, басқа ұйымдардың
өндірістік қызметінің құны өз үлесін табады.
Өзіндік құнның құрамына кіретін шығындардың құрылымына қарай
оның келесі түрлерін ажыратады:
Достарыңызбен бөлісу: |