Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет14/18
Дата09.01.2020
өлшемі0,73 Mb.
#26097
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 

38 


шығынның  айырмасы  арқылы  есептелінеді.  Кез  келген  ұйым  үшін  ақша 

қаражаттарын  жинаудың  басты  формасы  пайда  деп  есептелінеді.  Ұйымның 

пайдасы негізгі үш түрлі элементтен тұрады: 

–  өнімдерді  сатудан,  жұмыс  және  қызмет  корсетуден  түсетін  пайда 

(немесе шығын); 

– басқа да өнімдерден түсетін пайда (немесе шығын); 

– операциялық, қолданылмаған және төтенше кіріс пен шығыс.  

Пайданың  көп  бөлігі  өнімдерді  сатудан,  жұмыс  және  қызмет 

корсетуден түседі. 

№  2  пішіндегі  «Пайда  мен  залал  туралы  есептеме»  атты  бухгалтерлiк 

есеп-қисапта пайданың төмендегідей түрлері көрсетілген: 

– жалпы пайда. Ол сатудан түскен пайда мен өнімнің өзіндік құнының 

арасындығы айырымымен есептеледі; 

–  сатудан  түскен  пайда.  Ол  пайда,  өзіндік  құн,  коммерциялық  және 

басқарушылық шығыстар арасындағы айырымымен есептеледі ; 

–  салық  өндiруге  дейiн  пайда  операциялық  және  қолданылмаған  кіріс 

пен шығыстың бар болуымен есептеледі; 

– таза пайда салық өндіруге дейінгі пайда сомасынан пайда салығының 

шегерілуімен есептеледі. 

Пайданың өсуінің негізгі жолы шығарылатын және жүзеге асырылатын 

өнімнің  өзіндік  құнын  төмендету  болып  табылады.    Өндірісте  қалған  (таза 

пайда)  табыс  көлеміне  ең  бірінші  салықтан  түскен  пайда  жане  салықтың 

пайдаға  мөлшерлемесі  әсер  етеді.  Нарықтық  экономиканың  шарттарына 

сәйкес  тиімді  жұмыс  істеу  үшін  кәсіпорынның  үш  қоры  болуы  тиіс: 

қорландыру, тұтыну, сақтандыру қоры. 

Салықтар  мемлекет  пайда  болғаннан  бастап  қоғамдағы  экономикалық 

қатынастың басты буыны болып табылады. Салық жүйесі мемлекетпен бірге  

пайда болды және бірге даму үстінде. Мемлекетпен алынған қоғамға тиімді 

міндетті  төлем  түріндегі  жалпы  ішкі  өнімнің    белгілі  бір  бөлігі  салықтың 

мәнін  құрайды.  Салықтар  жиынтығынан  мемлекетің  қаржы  ресурстары 

құрылады.  

Салықтар  –  мемлекетпен  заңды  тұжырымдалған,  бюджетке  біржақты 

тәртіптегі,  белгілі  бір  көлемде,  уақытта  жасалатын,  орны  толмайтын  және 

өтеусіз    және  де  тұрақты,  төлемін  мемлекеттік  қыспақтық  шаралармен 

қамтамасыз  етілетін    міндетті  ақшалай  төлемдер.  Салықтың  негізгі  түрлері: 

корпоративті  табыстық  салық  (КТС);  жеке  табыстық  салық  (ЖТС);  үстеме 

құнға  салық  (ҮҚС);  акциздер;  әлеуметтік  салық;  транспортық  ақыға  салық; 

жер салығы; дүние-мүлікке салық; 

 

3  Өндірістің тиімділігі. Тиімділіктің көрсеткіштері 

  

Ұйым жұмысының тиімділік деңгейін бағалау  үшін  алынған нәтижені 



(жалпы  кіріс,  пайда)  шығынмен  немесе  пайдаланылған  ресурстармен 

салыстырылады.  Тиімділік  –  бизнестің  табыстық  деңгейін  айқындайтын 

салыстырмалы  көршеткіш.  Тиімділіктің  еселігі  пайданың  активке, 



 

39 


қамбаларға  немесе  ағындарға,  қалыптастырушысына  қатынасы  арқылы 

есептеледі.  Тиімділіктің  көрсеткіші  көбінесе  пайыздық  мөлшерде 

көрсетіледі.  

Тиімділік 

көрсеткішінің 

ішіндегі 

маңызды 

және 


ең 

көп 


қолданылатындары төмендегідей атап өтуге болады: 

а)  өнімнің  тиімділігі  –  өнімнің  жүзеге  асырылуынан  өнімнің  толық 

өзіндік құнына пайдалық қатынасы ретінде анықталады;  

ә) сатудың тиімділігі жүзеге асырудан таза кіріске пайдалық қатынасы 

ретінде анықталады; 

б)  өндірістік  қорлардың  тиімділігі  -  баланыстық  пайданың,  негізгі 

қорладың  және  материалдық  айналым  қаражаттардың  орташа  жылдық 

құнына қатынасы;  

в)  жеке  құралдардың  тиімділігі  -  таза  пайданың  теңгерім  бойынша 

көрсетілетін жеке меншік құралдарына қатынасы арқылы анықталады. 

  

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: 



1) Өнімнің  (жұмыс,  қызмет  көрсету)  жүзеге  асуының  кірісін  анықта. 

Кірістің тағы қандай түрлері бар? 

2) Негізгі өндірістен түсетін кірістің мағынасы мен мазмұны қандай? 

3) Нарықтық  қатынастар  жағдайында  кіріс  көрсеткішінің  мағынасы 

қандай? 

4) Кіріс түрлерін атаңыз және есептеу әдістемесін түсіндіріңіз. 

5) Кәсіпорынның кірісі қандай мақсаттарға жұмсалады? 

6) Тиімділік көрсеткішінің мазмұны мен әдістемесін түсіндіріңіз. 

7) Кәсіпорын  кірісі  мен  тиімділігі  көтермеленуінің  ең  басты  қорын 

атаңыз? 


 

8 дәріс. Кәсiпорынның қаржы қызметi 

 

Дәріс  мақсаты:    кәсіпорын  қаржысы  және  қаржы  қызметі  жайында 



оқып үйрету.   

Дәріс мазмұны:  

1)  Кәсіпорын қаржысының ұстанымдары және мәні. 

2)  Кәсіпорынның қаржылық ресустары. 

3)  Кәсіпорынды қаржылық басқару. 

 

1  Кәсіпорын қаржысының ұстанымдары және мәні 

 

Қаржы  экономикалық  қатынастарда  айрықша  орын  алады.  Олардың 



өзгешелігі  - әрқашан ақшалай формада болады, үлестіруші сипатқа ие және 

материалды  өндіріс  сфераларындағы,  мемлекет  пен  өндірістік  емес 

сфералардағы,  шаруашылық  субъектлерінің  түрлі  табыс  көздері  мен 

қорларының қолданылуы мен қалыптасуын айқындайды. 

Қаржылық  қатынастың  жалпы  құрамына  өзара  байланысты  екі  үлкен 

сфера кіреді: шаруашылық жүргізуші субъект және мемлекеттік қаржы.  




 

40 


Шаруашылық  жүргізуші  субъект  қаржы  жүйесінде  жетекші  болып 

табылады.  Атап  айтқанда,  олар  байланыс  құрылымын  және  қаржылық 

ресурстарды  үлестіруді  ақшалай  қатынаста  көрсетеді,  шаруашылық  субъект 

қаржысы  айналым  капиталын  және  мемлекеттік  бюджеттің,  салық 

органдарының,  қаржылы-кредиттік  жүйенің  өзге  мекемелерінің  өзара 

қатынасын қамтамасыз етеді. 

Бүгінде    кәсіпорын  қаржысы  –  оның  нарықтағы    бәсекелестікке 

қабілеттілігінің  көрсеткіші,  яғни    кәсіпорынның  абыройы  ақыр  соңында 

шыққан  өнімнің  көлемімен,  қызметкерлердің  санымен  емес,  ал  оның 

қаржылық    тұрақтылығымен,  яғни  оның  нарықтағы  алар  орнымен 

анықталады. 

Сондықтан 

нарықтың 

кәсіпорын 

қаржысы 

мынадай 


негізгі 

ұстанымдарға сүйене отырып анықталған ұйымды қамтамасыз ету керек: 

1) Кәсіпорындағы қаржылық ресурстардың тығыз орталықтандыруы. 

2) Қаржылық жоспарлар. 

3) Қаржы резервінің құрылымы. 

4) Серіктес алдындағы қаржылық міндеттерді сөзсіз орындау. 

5)  Негізгі  ұстанымдардың  бірі  –  толығымен  өздігінен  сату  және 

өздігінен қаржыландыру. 

Даму процессінде кәсіпорынның өздігінен сатуы екі мәселені шешеді: 

а) шығынмен күрес. Егер кәсіпорын созылмалы шығындарды шыдаса, 

онда сол  шараның кешені  шағын  кәсіпорынның қаржылық  сауығуына  алып 

келеді (санация), егер осы шаралар нәтижелер бермесе,онда сол кәсіпорынды 

таратуға немесе сатуға тура келеді; 

б)  пайдалылықтың  көтермелеуі.  Кәсіпорын  тек  ғана  өзінің  табыс 

шығындарын есептемеу керек, тиімді болу керек және пайда болу керек. 

 

2  Кәсіпорынның қаржылық ресурстары 

 

Қаржылық ресурстар – кәсіпорын ортасында кездесетін ақша қорының 



құрамы  және  өзінің  қаржылық  міндеттемесі  үшін  және  шығынның  көлемін 

азайту және экономикалық стимуляцияны азайту. 

Кәсіпорынның қаржылық ресурсы құрылымының бастылары: меншікті 

ақшалы  ақы  және  түсімдер  болып  табылады.  Қаржы  русурстары  білімінің 

бастамалары  меншікті  және  қарыз  болып  бөлінеді.  Меншікті  қаржылық 

ресурстар  арқасында  ішкі  және  сыртқы  бастамалардың  белгілері  ретке 

келеді. Кәсіпорынның меншікті ақысының негізгі бастауы таза пайда болып 

табылады. 

Сыртқы  бастаулар  қосымша  жарғының  қаржысының  тарту  жолымен 

қосымша  жарналы  және  өзге  жарналықтардың,  кәсіпорынның  акционерлік 

қаржысының аумақтауы болып жататын қосымша бағалы қағаздар мен қағаз 

ақшалар шығару, бағалы қағаздарды қарайды. 

Қаржылық ресурстардың қолданылуы көп бағытта жүзеге асырылады, 

олардың негізгілері: 




жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау