Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет2/18
Дата09.01.2020
өлшемі0,73 Mb.
#26097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 

Кәсiпорын  –  өнім  шығаратын  және  қызмет  көрсететін,  осы  арқылы  



қоғамдық  қажеттiктi  қанағаттандыру  және  пайда  табуды  мақсат  еткен,    

кәсіпкердің  немесе  бірнеше  кәсiпкерлердiң  бiрiгіп  жасаған  дербес 

шаруашылық субъект.   

Кәсiпорын  экономикасы  -  өндiрiстiң  факторларының,    өндірістік  емес 

факторларының, жылдық өнімнің, банктерде және ұйымның есепшотындағы  

қаржының,  бағалы  қағаздардың,    өнімді  сатудан  және  қызмет  көрсетуден 

келген табыс және пайданың,  материалдық емес активтердiң жиынтығы. 

Мемлекет  кәсiпорынның  қызметiн  мынадай  жолдармен  үнемi  (бiрақ 

тiкелей  араласпайды)  түзетіп  отырады:  заңға  негiздерін  жасау,  қауiпсiздiк 

және  тәртіпті  қамтамасыз  ету,  әлеуметтiк  қорғауға  кепiлдiктер  жасау, 

бәсекелестiктi қорғау, шаруашылық заңды өңдеу және тағы басқалар. 

 

2  Кәсiпорындардың  жіктелуі.  Кәсiпорынның  ұйымдастыру-заңды  



формалары   

 

Елдегі  жұмыс  iстейтiн  кәсiпорындар  меншік  формалары  бойынша, 



қызмет  саласы  бойынша  ауқымдылығы  бойынша,  ұйымдастыру  -  заңға 

сүйенген құрылымы бойынша алуан түрлі болып келеді: 

1) Жеке меншiк формасы бойынша жіктесек, олар:  

-  жеке;  

-  мемлекеттік;  

-  муниципалды;  

-  өзгелері.     

2) Пайдасы бойынша жіктесек: 

-  коммерциялы; 

-  коммерциялы емес. 

3) Көлемі бойынша жіктесек:  

-  ірі (300 адамнан асатын); 

-  орта (100 адамнан 300-ге дейін);  

-  кіші  (сауда  және  шаруашылыкта  –  30  адамнан  аспайтын  және 

өндірістік 100-ден аспайтын. 

4) Экономика секторлары бойынша:  

-  алғашқы циклдың салалары (өндіруші және ауылшаруашылық);  

-  екiншi циклдың салалары (өңдеу, машина жасау, металл өңдеу);    

-   үшінші  циклдың  салалары  (қайта  өңдеу:  жеңiл  және  азық-түлiк 

өнеркәсіптері). 

5) Жіктеудің  ең  маңыздысы  кәсiпорындарды  ұйымдастыру-заңға 

сүйенген формаларының белгiсi бойынша бөлу болып табылады. 

Әрбiр  кәсiпорын  әртүрлi  бөлiмшелерден  тұрады.  Бөлiмше  ұйымның 

ортақ  iсi  үшiн  қажеттi  қызметтiң  ерекше  түрiмен  ерекшеленеді.  Бөлiмше  өз 

алдына  ерекше  шешiм  қабылдап,  көпшiлiгiнде  жеке  жұмыс  iстейдi  және  өз 

қызметiне  толық  жауапкершiлiк  алып  жүредi.  Бөлiмшелер  ұйымның  нақты 

қажеттiктерiне  байланысты  құрастырады.  Қисынды  өзара  байланысты 

бөлiмшелердiң  жүйесi  кәсiпорынның  ұйымдық  құрылымы  деп  аталады. 




 

Ұйымдық  құрылымның  үш  негiзгi  түрi  бар:  сызықты,  функционалды  және 



дивизиональды. 

Ұйымды  басқарудың  құрылымы  оның  ортақ  ұйымдық  құрылымына 

тiкелей  тәуелдi  болады.  Функционалдық  бөлiмшелер  және  дивизиондардың 

ұйымындағы  бар  болуы  көп  деңгейлi  басқару  жүйесiне  алып  келдi. 

Басқарудың  әрбiр  деңгейі  -  бұл  шешiмдер  мен  оларға  жауапкершiлiк, 

өкiлеттiктер,  бақылау  және  басқару.  Әдетте  басқарудың  үш  деңгейі  бар: 

жоғарғы, орташа және төменгi буынның жетекшiлерi. 

 

3  Кәсiпорындардың өндiрiстiк құрылымы 

 

Өндiрiс  -  бұл  қоғамның  дамуы  үшiн  қажеттi  материалдық  игiлiктердi 



жасау  процесі.  Өндiрiстiң  мазмұнын  еңбек  қызметі  анықтайды.  Ол  үш 

құраушыдан тұрады:  

-  мақсатты жұмыс немесе еңбек; 

-  еңбек  заты,  яғни  адам  қызметі  бағытталған  заттар  (шикiзат, 

материалдар және т.с.с.); 

-  еңбек  құралдары,  яғни  адам  көмегiмен  заттарды  өзгертетiн  машина, 

жабдық, аспап т.с.с;  

Өндiрiстiң  заттық  өнiмi  -  табиғаттың  заты  және  еңбектiң  көмегімен 

болатын материалдық игiлiк. 

Өндiрiстiң ұйымдары қағидалармен болып табылады: 

- кәсiпорынның басқарудағы ерiктiгi;     

- шаруашылық жұмысының нәтижелерiнiң иемденуi;     

- өндiрiстiң бар қаражаты;     

-  өте  маңызды  қор  ұқыпты  қатынасты  талап  ететiн  еңбек  ресурстары 

болып табылады;     

- барлық әрекеттер жоспарлы шешiмдер негiзiнде iске асуы керек;     

- өндiрiстiң нәтижесiнде қорлар жаңа тұтынушы құнына өзгеруі керек;  

-  үнемдiлiк,  қаржы  орнықтылығы,  пайданың  бар  болуы  сияқты  өте 

маңызды қағидалары сақтауы керек. 

Қазiргi  өндiрiс  басты  екі  шарт  негізінде,  яғни  ақпараттану  және 

өндiрiстi  автоматтандырулар  болып  табылған  үздiксiз  ғылыми-техникалық 

iлгерiлеу кезеңінде дамып жатыр. Әрбiр кәсiпорын өндiрiстiк бөлiмшелерден 

тұрады: цехтар, қызмет көрсетуші бөлім және басқару органдары.  Сонымен 

бiрге  кәсiпорындардың  құрамына  ұйым  және  олардың  қызметкерлерінің 

жанұяларының 

және 


мүшелерiнiң 

мұқтаждығын 

қанағаттандыруға 

шақырылған мекемелер кiре алады.  Кәсiпорынның өндiрiстiк бөлiмшелерi - 

цехтар,  бөлiмшелер,  қызмет  етушi  шаруашылықтар  және  олардың 

арасындағы қатысушы өндiрiстiк процестер бiрiгiп кәсiпорынның өндiрiстiк 

құрылымдарын  құрайды.  Ол  еңбек  техникалық-экономикалық  және  заттық 

өндiрiстiң  экономика-географиялық  шарттарында  өнiмдiлiк  деңгейін  және 

өндiрiс  шығынын,  табиғат  байлықтарының  қолдануы  және  техниканың 

пайдалану тиiмдiлiгiн анықтайды. 




 

Кәсiпорынның  жалпы  құрылымы  - өте  кең  ұғым.  Ол  қызметкерлердiң 



кәсiпорынды  басқаруы  және  қызмет  көрсетуi  бойынша  өндiрiстiк 

бөлiмшелерді,  ұйымдардың  барлық  мүмкiншiлiгiн,  қызметкерлердiң  саны, 

бос емес аудандардың өлшемi, өткiзу қабiлетi бойынша олардың арасындағы 

олардың саны, өзара байланысын қосады. Өндiрiстiк бөлiмшелерге сонымен 

бiрге  цехтар,  бөлiмшелер,  лабораториялар  жатады.  Лаборатоияларда 

пайдалану  процессiнде  бұйымдардың  қызмет  көрсетуi  және  жөндеу  үшiн 

шығарылатын  қосалқы  бөлшектер,  кәсiпорын  негiзгi  өнiмі  тексерiстен  және 

сынаудан өтедi, технологиялық мақсаттар үшiн энергияның әр түрлi түрлерiн 

iстеп шығарады және т.с.с.     

Күтушiлер  бөлiмшелеріне  техникалық  үйрену,  шұғылданатын  оқу 

ғимараттары 

және 


жұмыс, 

инженерлiк-техникалық 

қызметкерлер, 

қызметшiлердiң  мәдени  деңгейін,  өндiрiстiк  бiлiктiлiктер  жоғарылату 

жүргізетін оқу орындары жатады. Сонымен бiрге қызмет етушi бөлiмшелерге 

асханалар,  буфеттер,  бала  мекемелерi,  пансионаттар,  демалыс  үйi, 

профилактори, дәрiгерлiк санбөлiм, ерiктi спорт қоғамдары жатады. 

Әрбiр  кәсiпорынның  алдында  тиiмдi  өндiрiстiк  және  жалпы 

құрылымын құрастыру тапсырмасы тұрады.  Кәсiпорынның тиiмдi өндiрiстiк 

құрылымының құрастыруы келесi кезекпен iске асады:   

1)  кәсiпорынның  цехтарының  құрамы,  өнiм  өндiруді  қамтамасыз 

ететiн өлшемдердегi олардың қуаттары бекiтiледi;   

2)  әрбiр цех, қойма үшiн аудандары есептеледі, олардың кәсiпорынның 

бас жоспарындағы кеңiстiктегі орналастырылуы анықталады; 

3)  кәсiпорынның  iшкi  және  сыртқы  жолдармен  барлық  көлiк 

байланыстары, олардың өзара әрекеттесуi жоспарланады;  

4)  өндiрiстiк  процесте  цех  аралық  орын  ауыстыруының  ең  қысқа 

маршруттары белгіленеді. 

Кәсiпорындардың  негiзгi  құрылымдық  өндiрiстiк  бiрлiгі  (немесе 

бөлiмше)  цех  болып  табылады.  Ол  оқшау  әкiмшiлiк  қатынастағы  ортақ 

өндiрiстiк  процесте  белгiлi  бір  бөлiкті  орындайтын  буын.  Цехтар  4  түрге 

топталады: негiзгi, қосалқы, көмекшi және қосымшасы.  

 

Өзiн-өзi бақылауға арналған  сұрақтар: 



1)  Қандай белгiлері бойынша кәсiпорындарды жіктеуге болады? 

2)  Кәсiпорындардың  ұйымдастыру  -  заңға  сүйенген  формаларын 

атаңыз. 

3)  Өндiрiс  ұғымы  нені  білдіреді?  Кәсiпорынның    қандай  өндiрiстiк 

бөлiмшелерiн бiлесiз?  

4)  Кәсiпорынның өндiрiстiк жалпы құрылымын не құрайды?   

5)  Машина 

жасау  кәсiпорынының  цехтары  қандай  топтарға  

бөлшектенедi?   

6)  Кәсiпорынның  қандай  ғылыми  және  ғылыми  зерттеу  бөлiмдерiн  

бiлесiз? Кәсiпорынның табысты қызметiндегi олардың рөлi қандай?   

7)  Өндiрiс типін қалай түсiнесіз?  Өндiрiстің қандай  типтері белгiлi?   




жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау