Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет12/18
Дата09.01.2020
өлшемі0,73 Mb.
#26097
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

 

32 


1) Цехтік 

– 

өнімді 



өндіруге 

кеткен 


өндірістік 

цехтардың 

шығындарының  құрамы  мен  мөлшерін  көрсетеді,  құрамына  тікелей  және 

жалпы цехтік шығындар кіреді. 

2) Өндірістік  –  өнімді  шығарумен  байланысты  өндіріс  орнының 

шығыны,  құрамына  цехтік  өзіндік  құн  мен  жалпышаруашылық  шығындар 

кіреді. 

3) Толық  –  өнімді  өндіру  мен  оны  сатуға  кеткен  жалпы  шығынды 

көрсетеді,  құрамына  коммерциялық  және  сауда  шығындарының  сомасына 

үлкейтілген өндірістік өзіндік құн кіреді. 

Өнімнің  санына  байланысты  келесідей  өзіндік  құндарды  ажыратуға 

болады: 


1)  Өнім бірлігінің өзіндік құны. 

2)  Барлық шығарылған өнімнің өзіндік құны.  

Шығындарға  оперативті  бақылау  жүргізуге  байланысты  келесідей 

өзіндік құндарды ажыратуға болады: 

1)  Жоспарлық өзіндік құн. 

2)  Есептік өзіндік құн. 

3)  Есеп беру өзіндік құны. 

Жоспарлық  өзіндік  құн  шығындардың  максималды  мүмкін  болатын 

көлемін көрсетеді және оның құрамына тек берілген деңгейдегі техника мен 

өндірістің  ұйымдастырылуы  жағдайында  өндіріске  қажетті  шығындар  ғана 

кіреді. 

Есептік өзіндік құн ғылыми-техникалық прогрессті енгізу проектілерін 

жүзеге астыратын техникалық-эконмикалық есептеулерде қолданылады. 

Есеп беру өзіндік құны жоспарлы шығындарды шынайы шығындармен 

олардың өзіндік құнын төмендету мақсатында салыстыру тапсырмаларының 

орындалу дәрежесін көрсетеді. 

 

3  Өзіндік құнды төмендету әдістері 

 

Өзіндік құнды төмендету әдістерін екі үлкен топқа біріктіруге болады: 



1) Техникалық деңгейді жоғарылату – бұл техникалық базаның өзгерту 

және  техникалық  деңгейдің  өсу  үрдісі.  Оларға  бәрінен  бұрын  мыналардың 

есебімен жетуге болады: 

-  негізгі  қорларды  қолдануды  жақсарту:  артық  және  көнерген  негізгі 

қорлардан  құтылу,  олардың  тиімді  қолданылуы,  қызмет  көрсетушілердің 

біліктілік деңгейін жоғарылату; 

-  материалдық  ресурстарды  тиімді  пайдалану  негізінде  материалдық 

шығындарды  азайту:  қойма,  ақау  шығындарын  азайту,  прогрессивті 

технологияларды қолдану, жаңа тиімдірек жеткізушіні іздеу және т.б.; 

-  жұмыс  өнімділігін  жоғарылату,  яғни,  еңбектілікті  төмендету. 

Нәтижесінде  өнім  бірлігіндегі  еңбек  ақы  төлеу  және  бірыңғай  қоғамдық 

салық шығындарын азайту арқылы үнемдеуге болады.  




 

33 


2)  Өндіріс  және  еңбек  ұйымдастырылуын  кемелдету  -  өндірісті 

мамандандыру,  еңбек  ұйымдастырылуын  жақсарту  және  т.б.  нәтижесінде 

өзіндік құнның төмендетілуіне әсер етеді: 

- ұйымның тиімді көлемін анықтау және өнім бірлігіне шаққандағы ең 

кіші орташа қаражатты жүзеге асыру арқылы үнемдеу; 

-  жұмыс  уақытын  қолдануды  жақсарту:  тұрып  қалуларды  азайту, 

жұмыскерлердің  біліктілік  деңгейлерін  жоғарылату,  еңбек  коллективінің 

оптималды  санын  анықтау,  экономикалық  ақталған  еңбек  ақы  төлеу  түрін 

қолдану, жұмыс жағдайын жақсарту және т.б.  

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 



1)  Өндіріс қаражаты түсінігіне не кіреді? 

2)  Қандай қасиеттері бойынша шығындар классификацияланады? 

3)  Өнімнің өзіндік құны түсінігіне не кіреді? 

4. Өнімнің өзіндік құнының түрлерін атаңыз? 

5. Өнім өндіруге кеткен шығындардың классификациясын айтыңыз. 

6. Нарықтық экономика жағдайында өнім өндіруге кеткен шығындарды 

азайтудың мәні мен жолдарын атаңыз. 

 

 



6 дәріс. Өндіріс өнімдерінің бағасын қалыптастыру 

 

Дәріс  мақсаты:  кәсіпорын  өніміне  бағаны  қалыптастыру  процесі 



жайында оқыту. 

Дәріс мазмұны:  

1)  Баға мен бағаны қалыптастыру ұғымдары. 

2)  Баға түрлері. 

3)  Баға функциялары. 

 

1  Баға мен бағаны қалыптастыру ұғымдары 

 

Бағаның  экономикалық  өмірдегі  маңыздылығы  оның  барлық 



экономикалық  өлшемдердің  негізі  болғандығымен,  шығындар  мен  барлық 

шаруашылық 

етуші 

субъектілердің 



– 

кәсіпкерлік 

құрылым, 

үй 


шаруашылығы,  халық  шаруашылығы  –  жұмыс  нәтижесіне  әсерін 

тигізетіндігімен  анықталады.  Сонымен  қатар  баға  сыртқы  экономикалық 

қызметтің тиімділігін анықтайды. 

Бағаның  рөлі  негізінен  шаруашылық  қатынастардың,  қоғамдық  қайта 

өндірудің  пропорцияларын  реттеуіші  ретінде  еркін  баға  болып  табылатын 

нарықтық экономикада өте жоғары. Сондай-ақ, баға мемлекеттік реттеуіштің 

негізгі  объектісі  болып  табылады,  соның  нәтижесінде  мемлекет  өзінің 

саясатын нарық жағдайында да жүзеге асыра алады. 

Экономикада  бір  объект  (өнім,  тауар)  табиғи  және  ақшалай 

көрсеткіштермен  өлшенуі  мүмкін.  Ақшалай  көрсеткіштердің  негізгі  бірлігі 

болып баға саналады. 



 

34 


Бағаның экономикалық табиғатын негізгі төрт фактор анықтайды: 

1)  Тауардың өзіндік құны. 

2)  Ұсыныс пен сұраныс. 

3)  Ақшаның құндық мазмұны. 

4)  Мемлекеттің экономикалық саясаты. 

Бағаның  объективті  негізі  болып  тауардың  құны  саналады,  құнның 

мөлшері  қазіргі  заманғы  жағдайда  бірлік  тауарды  өндіруге  кеткен  еңбек 

шығындарымен  анықталады.  Құнның  мөлшері  ретінде  баға  екі  жақтың 

үзіліссіздігін білдіреді: қажетті еңбек шығындары мен тауар сапасы. 

Құнның қалыптасуы кезінде тауардың, ресурстардың шектеулігі үлкен 

рөл атқарады. Шектен көп өндірілген төменгі сапалы тауар өз құнынан төмен 

бағаға  немесе  нөлдік  бағаға  ие  болуы  мүмкін  (қоғамдық  қажеттілігі 

ақталмады).  Немесе  керісінше,  саны  шектеулі  жоғарғы  сапалы  тауарлар 

өзіндік құнынан жоғары бағаға ие болуы мүмкін. 

Сондай-ақ,  классикалық  түсінікте  құнсыз  объектілер  (олардың 

өндірісіне адам еңбегі жұмсалмаған) – жер, орман – олардың шектеулігі мен 

үлкен сұранысын көрсететін жоғары бағаға ие болуы мүмкін. 

Екінші  негізгі  баға  қалыптастырушы  фактор  болып  ұсыныс  пен 

сұраныстың  қатынасы  табылады,  осы  қатынастың  өзгеруі  бағаның 

конъюнктуралық тербелісін, құннан ауытқуын тудырады. 

Баға барлқ тауар-ақша қатынасын реттейді, ол тауар құнының ақшалай 

көрсеткіші.  Тауар  құны  ны  өндіру  барысында  кеткен  еңбек  шығындарымен 

анықталады. 

Баға  қалыптастыру  –  таурлар  мен  қызметтерге  бағаны  қалыптастыру 

процессі. Баға қалыптастырудың екі негізгі моделін атап көрсетуге болады: 

1) Нарықтық  –  нарықта  белгілі  бір  тауарға  сатып  алушылардың 

сұранысы  мен  сол  тауар  сатушысының  ұсынысы  арасында  жүзеге  асатын 

баға қалыптастыру. 

2) Орталықтанған  мемлекеттік  –  баға  орталықтанған  мемлекеттік 

органдармен анықталады. 

Кәсіпорын қызметінде негізгі мәселелердің бірі болып өз тауарларына 

және  қызметтеріне  баға  орнату  саналады.  Коммерциялық  нәтижелер  баға 

дәрежесіне  тәуелді.  Баға  әр  уақытта  кез  келген  тауарды  сатып  алу 

процессінде адамдардың таңдауын анықтайтын фактор болып келеді. 

Тауар  құнына  байланысты  бағаның  не  жоғары  не  төмен  тербелуін 

анықтайтын факторлар ішкі (өндірушіден, оның басшылығы мен коллективі 

қызметінен тәуелді) және сыртқы (өндірістен тәуелсіз) болып бөлінеді. 

Ішкі факторларға келесілер жатады: жарнама дәрежесі, өндірілетін өнім 

спецификасы,  өндірістік  процесстің  ерекшеліктері,  нарықтық  стратегия  мен 

өндіруші  тактикасы,  өнімнің  өмірлік  циклының  спецификасы,  өндіріс 

процессінің мобильдігі, өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбектің ұзақтығы, 

сату  кезінде  және  сатылымнан  кейінгі  уақытта  сервисті  ұйымдастыру, 

өндірушінің ішкі және сыртқы нарықтағы имиджі. 

Бағаның  құннан  ауытқуына  әсер  ететін  сыртқы  факторлар:  тауар 

өндірілетін елдегі және өнім сатылымға түсетін елдердегі саяси тұрақтылық, 



жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау