53
2. Тақтада жазылған қайталау жоспарымен оқушыларды таныстыру.
3. Өтілген материалды ауызша есептеу арқылы қайталау.
4. Әртүрлі, тапсырмаларды орындау арқылы қайталау: мысал мен
мәселелерді шешу, бұрын шешілген мысал мен мәселелерді қарау, алдынғы
және кейінгі мәселелерді шешу тәсілдерін салыстыру, кітаптан мәтін оқу,
өлшеу, графикалық және сызбалар сызу, ереже мен қорытындыларды қайта
еске түсіру және оларға тиісті мысал мен мәселелер беру т.б. Сабақта
қайталанған тақырып материалы бойынша жалпылама беріледі.
5. Үйге тапсырма.
4. Қателердің алдын алу мақсатында білім, дағды және біліктіліктерді
тексеру сабағы.
Оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларын тексеруге жеке сабақ
арналады. Мұндай сабаққа тақырып пен бөлімді аяқтаған соң өткізілетін
жазбаша бақылау жұмысы мысал болады.
Мысал:
а) сабақтың мақсатын жариялау, бақылау жұмысының мазмұнымен
таныстыру, оны орындау тәртібі жайлы қысқаша түсінік беру;
ә) бақылау жұмысын оқушылардың әрқайсысы жеке орындауы;
б) оқушылар орындаған өзіндік жұмысты жинау;
Оқытушы сабақтың аяқталуына 3-5 минут қалғанда оқушылардың
жұмысын аяқтау туралы айтады, яғни олар барлық жазулар мен барлық
тапсырмаларды тексеруді еркін орындап үлгірсін. Қойылған анық уақытта
барық оқушылар тапсырмаларды тапсыруы тиіс.
Оқушылар тапсырмаларды тексеріп болған соң, екінші күні оқытушы
бақылау жұмысының талқылауын өткізеді. Оқытушы жұмыстың нәтижесі
туралы айтады, жақсы орындалғандарды бөледі, жіберілген қателерді айтып
өтеді. Жоғарыда көрілген математика сабағының түрлерінде сабақтың
мазмұнына тиісті болған кейбір ерекшелікетер келіп шығады. Яғни
математика сабағы оқушылардың практикалық жұмыстарына да бағытталуы
мүмкін: өлшеуге тиісті, геометриялық фигура сызу, предметтерді санау,
оқытушы жағынан нұсқаулар (инструктур азайтуды) енгізу, оқушылардың
бәсекелі жұмыстарын ұйымдастыру, орындалған жұмыстарды оқытушы
қабылдау және басқа да жұмыстарды жүзеге асыру мүмкін.
Мұндай бағдарламаның ерекшелігі бұл жерде оқушылар тек оқулық
және дәптермен ғана шұғылданбай, өлшеу, сызу және құралдармен жұмыс
істеуге үйренеді.
Мұндай практикалық жұмысқа қатысты болған сабақтар төмендегі
білімдерді өз ішіне алуы мүмкін: өлшеуде қолданылатын аспаптарды
көрсету, оның құрамын қысқаша баяндау; қодану қағидасын айту; кесінді,
массаны өлшеу тәсілдерін көз алдына елестету негізінде оқушыларға жеке
өлшету; практикалық өзіндік жұмыстар, бұл жұмысты тексеру және өзін–өзі
тексеру, қорытынды. Практикалық жұмыс сабақтарына тиісті жұмысты әрбір
оқушының орындауын бақылап бару керек. Кейде жұмысты атқаруда
оқушылар топқа бөлінеді. Мұндай жағдайда әр топтың алдына белсенді
түрде қатысу міндетін қою қажет.
54
5. Оқушыларды жеке және топпен істеу жұмыстары
Топ сабақтарымен бүкіл топтың біліміндегі кемшіліктер бірдей болғанда
өткізіледі.
Индивидуал жұмыстарды ұйымдастырудың мақсаты оқушылардың
меңгерген біліміндегі кемшіліктерді жою үшін күрес, оқушылардың
меңгермеу себептерінің адын алу және оны жоюдан тұрады. Топ сабақтары
бүкіл сынып оқушыларының біліміндегі кемшіліктер бірдей болғанда
өткізіледі. Кейде мұндай сабақтар индивидуал түрде болуы мүмкін. Мұндай
жаттығулардың сипаттамасы табысқа жету үшін ол немесе бұл оқушының
меңгере алмауының себептерін анық білу үшін, олардың жіберген қателерін
анық есептеу тиіс.
11-§. Бастауыш сыныптарда факультативтік сабақтарды үйлестіру
методикасы
Факультативтік сабақтар бастауыш сыныптың оқушыларын тәрбиелеуде,
оларға кәсіп таңдауға тиісті білім беруде жоғары нәтиже береді. Әсіресе,
қабілетті оқушыларда пәнге қызығу, дүниетаным, зейінділік пайда болады.
Ал бұл бастауыш сыныптың оқушыларына толық білім беруде, әрбір
оқушының жеке қасиеттерін үйренуде оқушының қабілеті көрінеді.
Бастауыш сыныптарда факультативтік сабақтарды бірінші кезекте,
математика сабақтарында ұйымдастыру үлкен маңызға ие. Осы орайда
оқытушы бірінші кезекте оқушылардың ішінен математикаға қызығуы мен
қабілетін анықтауға мүмкіндік беріп, олармен тіл табысады.
Сабақтағы оқу материалдарын қайталамайтын, бірақ оны нығайтуға
қызмет ететін күрделі көріністегі оқу материалдары үйреніледі.
Бастауыш сыныптар факультативтік сабақтар дидактикалық ойындар,
олимпиадалар, кештер, викториналар өткізуге жәрдем береді. Ғылыми
техникалық даму математикамен байланысты болғандықтан жайлап күрделі
шешімді үйренуге мүмкіндік береді. Мысалы, ЭЕМ-да микрокалькуляторда
есептеу үйреніледі.
Бастауыш сыныптарда факультативтік сабақтарда оқушылардың
математикалық ой-түсінігі, пікірлеу қаблеті нығаяды.
Факультативтік сабақтарды бастауыш сыныптарды түрліше жүргізу
мүмкін, әсіресе, III-IV сыныпатарда қызықты, яғни, оқушылардың
математикаға деген қызығуын жан–жақты тұрғыдан есептей отырып жүргізу
мүмкін.
Факультативтік сабақтар I сыныпта оқушылардың қызығуы мен
меңгеруіне қарай пәнаралық байланысты есепке ала отырып, жүргізеді.
II-IV сыныптарда 34 сағат өтіледі.
II сыныпта тоқсан бойынша жүргізу мүмкін. Мсыалы I тоқсанда
математика, II тоқсанда ана тілі және т.б.
III сыныпта жарты жылдық бойынша жүргізіледі. Мысал 1 жарты
жылдықта математика, 2 жарты жылдықта ана тілі және т.б.
Ал IV сынып жаппай тек қана математикаға араналады.
Достарыңызбен бөлісу: |