2
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ
БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
Б.С. АБДУЛЛАЕВА М.Е. ЖУМАЕВ М.М.СУЛТАНОВ
У.М.СУЛТАНОВА
МАТЕМАТИКА ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ
Өзбекстан Республикасы Жоғары және орта арнаулы білім министрлігі
педагогика институты мен университеттерінің бастауыш білім факультетінің
студенттеріне
оқулық ретінде ұсынған
ТАШКЕНТ – 2012
5
I ТАРАУ.
ЖАЛПЫ МЕТОДИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-§. Бастауыш сынып оқытушыларының методикалық және
математикалық дайындығының міндеттері
Елімізде болып жатқан әлеумкттік-экономикалық қарым-қатынастар,
халыққа білім беру жүйесіндегі өзгерістер «Білім туралы» заңда және
«Кадрларды дайындаудың Ұлттық бағдарламада» көрсетілгендей, әрбір
бастауыш сынып оқытушыларының алдына маңызды міндеттер қойылуда.
Бұл міндеттер бастауыш біліміне тән буындарды ажырату мүмкіндігін
береді. Мұндай буындар әр түрлі оқу пәндерінің бағдарламаларында, оқу
жоспарларында, оқулықтарда білімнің енгізілуі және методикалық жүйеде
бір саланы пайда ету мүмкін.
Мемлекеттік білім стандарттары оқу пәні бойынша оқу-методикалық
жиынтықтар (бағдарламалар, оқу жоспары, оқулықтар) жазу үшін
мүмкіндіктер жасаумен бірге оқу пәнаралық байланыс және білімдерді
сәйкесетендіру принципі негізінде оқу пәндерінің өзара байланысы мен
пәнаралық байланысын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Бастауыш сынып оқытушысының методикалық дайындығы дегенде
оның ғылыми дүниетанымы негізінде математиканы оқытудың методикасын
жалпы педагогикалық және психологиялық сондай-ақ, математикалық
дайындығымен үздіксіз байланыстағы дайындығын түсініледі. Мұндай
дайындықтың міндетіне бастауыш білім саласында математикадан белгілі
білімді иелеу және оыушыларды оқыту арқылы тәрбиелеуді игеру жатады.
Методикалық және математикалық дайындық бастауыш сынып
оқытушысының дайындығының құрамдық бөлігі саналады, сондықтан да
оны оқытушының тәлім-тәрбиелік қызметінен бөліп қарауға болмайды.
Екіншіден математиканы оқыту бастауыш сыныптың бсатапқы кезеңі яғни,
оқушыларды алдағы математика курсын меңгеруге дайындаудың кезеңі
болып табылады. Математикадан бастауыш білімнің бұл екі аспекті
(бастауыш білімнің құрамдық бөлігі мен математикалық дайындығы)
методикада өзінің лайықты көрінісін табуы қажет.
Бастапқы математика курсы оқушылардың ой-санасының дамуына
жәрдем береді. Сондай-ақ бастапқы білімдердің жеке кешенін құрайды,
екіншіден қажетті методологиялық елестері мен пікірлердің логикалық
құрылымын қалыптастыруға
бағытталған болады
Психологтар 6-10 жас баланың пікірлеу қабілеттерінің қалыптасуындағы
жауапты
кезең
екенін
дәлелдеген.
Сондықтан
бастауыш
білім
методикасының, әсіресе, математикадан басатауыш білім методикасының
міндеттерінің бірі – оқытудың жоғары нәтижелілігін арттыруды қамтамасыз
етуде оқытуды оқушылардың ой-санасының дамуына әсерін жеделдетуден
тұрады.
Математикадан бастапқы тәлімдік-тәрбиелік міндеттерді теориялық
білім жүйесінің негізінде ғана орындау мүмкін. Бұл ғылыми дүниетаным,
психология, дидактика, математиканы оқытудың теориясын (математика
дидактикасы) өз ішіне алады. Дегенмен, тек қана теориялық білімдердің өзі