6
жеткілікті емес. Оқытудың белгілі бір мазмұнын және оқытушылардың
саналық қызметінің деңгейімен әсерленетін ол немесе бұл оқудың бағыты
үшін нәтижелі тәсілдерді қолдана білу сабаққа дайындалуда немесе сабақтың
өзінде пайда болатын анық методикалық міндеттерді орындай білу қажет.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың саналық тұрғыдан дамуына негіз
қаланады, сол себепті бастауыш сынып оқытушысы үшін оқушылардың
саналық қызметінің дәрежесі мен мүмкіндіктерін білу және оларды есепке
алу қажет.
Практикада теориялық білімдерді пайдалану кезеңінде пайда болатын
түрлі методикалық мәселелер шешілуі тиіс.
Методикалық мәселелер әрбір сабақта пайда болады, сонымен қатар
олар бір мәндегі шешімге ие емес. Оқытушыдан сабақта пайда болатын
методикалық мәселенің осындай жағдайда ең қажетті шешімін тез таба білуі
үшін бұл салада жеткілікті дайындықты талап етіледі.
Бастауыш білім методикасы оқыту құралы ретінде дидактикалық
ойындардың логикалық және математикалық тұрғыдан мазмұн жағынан
жеткіліксіздігі себепті дидактикалық ойындардан пайдаланады және
үйренілген материалдарды тек қана нығайту құралы ретінде пайдаланылады.
Балаларды 6–7 жастан бастап оқытуда проблемалар (ділгірліктер)
туындайды. Бұл бала-бақша мектептерінде оқыту арқылы шешіледі. Санауды
үйрену, қосу мен көбейтуді бірінші басқышта үйрету (20 ішінде) бастауыш
білімнің негізгі міндеті болып келген. Бірақ, мұндай міндет жеке болып
қалмай, оқушыларды математиканы үйренуге кең түрде және жан-жақты
дайындау жұмысының құрамдық бөлігі болған екі негізгі жолмен
белгіленеді: 1) педагогикалык жол, яғни, балалардың пікірлеуін
қолданылатын математикалық пікірталастарға дайындау; 2) математикалық
жол, яғни, оқушыларды ең негізгі математикалық түсініктер мен натурал
сандарды және геометриялық формалардың түсініктерін үйренуге дайындау.
2-§. Математика оқыту методикасының пән ретінде қалыптасуы
Заманалық бастауыш білім неден тұрады? Бала 1-4 сыныпта қандай
білімге ие болуы керек? Оқушыларға қашаннан бастап, қалай, қай тәсілде
ұлттық
құндылықтарды,
әдет-ғұрыптарды
үйретуіміз
және
оны
оқушылардың санасына тереңірек сіңдіруіміз қажет, деген сұрақтар
бастауыш білім жүйесінің алдындағы негізгі мәселелердің бірі болып келеді.
Соңғы жылдарда елімізде мектепте математиканы оқыту, бастауыш
білім жүйесінде өзінің көлемі мен маңыздылығы жағынан үлкен өзгерістерді
жүзеге асырды. Мысалы, 1997 жылғы 24 августегі «Білім туралы» заңның 12-
бабында I-IV сыныптарды оқытуға арналған. Өзбекстан Республикасы
«Кадрларды дайындауыдың Ұлттық бағдарламасының»
3.3.1- банди үздіксіз білімді дамытуда I-IV сыныптарда оқытуды
ұйымдастырудың жоспарлары берілген.
Мектеп білімінің алдына жаңа мақсаттардың қойылуы математиканы
оқыту мазмұнының түбегейлі өзгеруіне алып келуде. Математиканың
бастапқы курсының мазмұнында да, оқулық пен қолданбалардан пайдалану
методикасында да даму үрдісін талап етеді.
7
Математика сөзі грекше «matһema» сөзінен алынып, «пәндерді білу»
деген мағынаны білдіреді. Математика пәнінің үйренетін нысаны кеңістік
денелері мен олардың арасындағы көлемдік қарым-қатынастардан тұрады.
Мекетеп математикасы курсының мақсаты – оқушыларға олардың
психологиялық ерекшеліктерін есепке алып, математикалық білімдердің
жүйесін беруден тұрады.
Математикалық білімдер жүйесі оқушыларға белгілі әдіс-тәсілдер
(методика) арқылы жеткізіледі.
«Metodika» грек тілінен алынған сөз болып, «әдіс» яғни жол деген
мағынаны білдіреді.
Математика методикасы педагогика пәнінің жүйесіне жататын
педагогиканың саласы болып, қоғам жағынан қойылған оқыту мақсаттарына
сәйкес математиканы оқытудың заңдылықтарын математиканың дамуының
белгілі басқышында енгізеді. Оқытуда жаңа мақсаттардың қойылуы
математиканы оқыту мазмұнының түбегейлі өзгеруіне алып келеді.
Бастауыш сынып оқушыларына математикадан нәтижелі білім беру үшін
алдымен оқытушы бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасын
жан-жақты үйреніп, терең меңгеруі қажет.
Математика бастауыш білім методикасының предметі төмендегідей:
1. Математиканы оқытуда көзделген мақсатты негіздеу(математика не
үшін оқытылады, үйретіледі).
2. Математиканы оқытудың мазмұнын ғылыми тұрғыдан жасау (нені
үйрету) бір жүйеге салған білім дәрежесін оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес түрде қалай бөлінсе, пән негіздерін үйренуде
бірізділік қамтамасыз етіледі. Оқу жұмыстарына оқу жаттығулары беретін
жүктеме жойылады және білімнің мазмұны оқушылардың жақсы білу
мүмкіндіктеріне сай келеді.
3. Оқытудың методтарын ғылыми тұрғыдан істеп шығу (қалай оқыту
керек, яғни, оқушылар қазіргі кезде қажет болған экономикалық білімдерді,
іскерлік пен дағдыларды және психологиялық қабілеттерді меңгеру үшін оқу
жұмыстары меттодикасы қалай болуы керек?
4. Оқыту құралдары – оқулықтар, дидактикалық материалдар,
көрнекіліктер және оқу-техника құралдарынан пайдалану( ненің көмегінде
оқыту).
5. Білімді ұйымдастыруды ғылыми істеп шығу (сабақ пен білімнің
сабақтан тыс қалыптарын қалай ұйымдастыру):
Оқытудың мақсаты, мазмұны, методтары, құралдары және қалыптары
методикалық жақтарының негізгі құрамдарында күрделі болғандықтан оны
өзіне сай графикпен суреттеу мүмкін.
Математиканы оқыту методикасы басқа пәндермен, ең алдымен,
математика пәні - өзінің тірек пәнімен үздіксіз байланысты.
Қазіргі заман математикасы натурал санның түсінігін негіздеуде
жиындар теориясына сүйенеді.
Бастауыш сыныптарға арналған қазіргі заман математика оқулығында
бірінші сыныптар үшін берілген мынадай тапсырмалар бар: «Суретте жүк
Достарыңызбен бөлісу: |